
Түркістан облысы, Жетісай ауданы,
«Аяш-апа» балабақша тәрбиешісі
Касымбекова Нуржамал Анаркуловна
Балалар жүрегіне жол тапқан тәрбиеші
Мен—Касымбекова Нуржамал Анаркуловна. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Талапты ауылында тұрамын. Бүгінгі таңда «Аяш-апа» балабақшасында тәрбиеші болып қызмет етіп келемін. Өз мамандығымды мақтан тұтамын. Балалармен жұмыс жасау — мен үшін жай ғана жұмыс емес, бұл — жан жүрегіммен беріліп істейтін сүйікті ісім.
Білім жолындағы алғашқы қадамым №9 орта мектептен басталды 1981–1991 жж. Кейіннен 2004–2009 жылдар аралығында Халықаралық Гуманитарлық-Техникалық Университетінде химия мамандығы бойынша жоғары білім алдым. Бұл білімім маған балалармен жан-жақты жұмыс жүргізуге үлкен көмегін тигізіп келеді.
Мен еңбек жолымды алғаш 2009 жылы Шымкент қаласындағы «ЮКГФА» оқу орнында лаборант болып бастадым. Бұл қызметте 2015 жылға дейін жұмыс істеп, өз кәсіби тәжірибемді толықтырдым. 2017 жылдан бері «Аяш-апа» балабақшасында тәрбиешілік қызметті абыроймен атқарып келемін. Осы жылдар ішінде үш бірдей топты мектеп табалдырығына шығарып салдым. Олармен бірге өткізген әрбір сәт – менің өмірімдегі ең жылы естеліктердің бірі.
Сондай-ақ 2024 жылы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша 808 сағаттық кәсіби біліктілік арттыру курсын сәтті аяқтап, арнайы диплом мен сертификат иелендім. Бұл курс менің тәрбиеші ретіндегі кәсіби шеберлігімді арттырып, тәжірибемді тереңдетуге мүмкіндік берді.
Менің басты қағидам – баланың ішкі әлемін түсіну, оларға шынайы махаббатпен қарау. Қазақ тілі — менің ана тілім, ал орыс тілін еркін меңгергенмін. Microsoft Office, Excel сынды бағдарламаларды жетік білемін. Заманауи талаптарға сай өзін-өзі дамыту мен үздіксіз үйрену жолында жұмыс істеуді тоқтатпаймын.
Өзімді ұқыпты, ақкөңіл, адамдармен тез тіл табыса алатын жан ретінде сипаттай аламын. Ұйымдастырушылық қабілетім де жақсы дамыған. Жаңа тілдерді үйрену, кітап оқу және, әрине, балалармен уақыт өткізу – менің басты құштарлықтарым.
Балабақша – баланың екінші үйі болса, тәрбиеші – сол үйдің жүрегі. Мен өз жүрегімді осы мамандыққа, кішкентай жүректерге арнағаныма қуаныштымын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балалар жүрегіне жол тапқан тәрбиеші
Балалар жүрегіне жол тапқан тәрбиеші

Түркістан облысы, Жетісай ауданы,
«Аяш-апа» балабақша тәрбиешісі
Касымбекова Нуржамал Анаркуловна
Балалар жүрегіне жол тапқан тәрбиеші
Мен—Касымбекова Нуржамал Анаркуловна. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Талапты ауылында тұрамын. Бүгінгі таңда «Аяш-апа» балабақшасында тәрбиеші болып қызмет етіп келемін. Өз мамандығымды мақтан тұтамын. Балалармен жұмыс жасау — мен үшін жай ғана жұмыс емес, бұл — жан жүрегіммен беріліп істейтін сүйікті ісім.
Білім жолындағы алғашқы қадамым №9 орта мектептен басталды 1981–1991 жж. Кейіннен 2004–2009 жылдар аралығында Халықаралық Гуманитарлық-Техникалық Университетінде химия мамандығы бойынша жоғары білім алдым. Бұл білімім маған балалармен жан-жақты жұмыс жүргізуге үлкен көмегін тигізіп келеді.
Мен еңбек жолымды алғаш 2009 жылы Шымкент қаласындағы «ЮКГФА» оқу орнында лаборант болып бастадым. Бұл қызметте 2015 жылға дейін жұмыс істеп, өз кәсіби тәжірибемді толықтырдым. 2017 жылдан бері «Аяш-апа» балабақшасында тәрбиешілік қызметті абыроймен атқарып келемін. Осы жылдар ішінде үш бірдей топты мектеп табалдырығына шығарып салдым. Олармен бірге өткізген әрбір сәт – менің өмірімдегі ең жылы естеліктердің бірі.
Сондай-ақ 2024 жылы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша 808 сағаттық кәсіби біліктілік арттыру курсын сәтті аяқтап, арнайы диплом мен сертификат иелендім. Бұл курс менің тәрбиеші ретіндегі кәсіби шеберлігімді арттырып, тәжірибемді тереңдетуге мүмкіндік берді.
Менің басты қағидам – баланың ішкі әлемін түсіну, оларға шынайы махаббатпен қарау. Қазақ тілі — менің ана тілім, ал орыс тілін еркін меңгергенмін. Microsoft Office, Excel сынды бағдарламаларды жетік білемін. Заманауи талаптарға сай өзін-өзі дамыту мен үздіксіз үйрену жолында жұмыс істеуді тоқтатпаймын.
Өзімді ұқыпты, ақкөңіл, адамдармен тез тіл табыса алатын жан ретінде сипаттай аламын. Ұйымдастырушылық қабілетім де жақсы дамыған. Жаңа тілдерді үйрену, кітап оқу және, әрине, балалармен уақыт өткізу – менің басты құштарлықтарым.
Балабақша – баланың екінші үйі болса, тәрбиеші – сол үйдің жүрегі. Мен өз жүрегімді осы мамандыққа, кішкентай жүректерге арнағаныма қуаныштымын.
шағым қалдыра аласыз













