«Ұлан» балабақшасы
бойынша 1 Маусым - Халықаралық
балаларды
қорғау күні мерекесіне арналған
сауыктыру кешінің сценариі
Мақсаты: Мереке күні балалаға қуаныш
сыйлай отырып,балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең,
әндерді нақышына келтіріп ай
туға үйрету. Бір-бірін
сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға
жетелеу.
Жүргізуші:
Қайырлы таң,қадірменді
қонақтар,бүлдіршін балалар!
Сүйкімділер, періштелер
сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең
келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым
да,
Ең алдымен балалықты
меңгерсін.
Ия, рас, бала болған бәрі
де,
Салған олар балалықтың әнін
де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де!-дей келе бүгінгі мерекемізді
бастаймыз!
- Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір
сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін
тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей
біздіңбалаларымыз бейбіт өмір сүрсе
екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты
болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың ешқашан
сөнбесін, еркінде өмір кешулеріңізге шын жүректен
тілектеспіз!
Қазақстан тәуелсіз ел
екенбіз,
Жоғалмасын ешқашан берекеміз.
Шын ниетпен сендерді
құттықтаймыз,
Құтты болсын,балалар
мерекеміз!
-
Ән «Бала, бала, баламыз»:
1- кіші топ бүлдіршіндері
Көңілді әуен естіліп,
ортаға сайқымазақ пен
күлдіргіштер шығады.
Балалармен амандасып, олардың
да бүгін көңіл көтергісі келетінін айтып, бірге
жүреді.
-
Ойын: «Кім
епті»
Төрт топтан екі- екіден
балалар шығады. Көрсетушіге қарап, би қимылдарын нақышына келтіріп
қайталау. Қалған балалар қол шапалақтап, қолдау көрсетіп
тұрады.
Арманы бір,үні бір,
Аға ардақты ,іні бір,
Бақыт туын көтерген,
Балалардың күні
бұл
1.
Ән «Жаз келеді алақай! »
ортаңғы топ бүлдіршіндері
Жүргізуші:
Баршамызды бала тілмен
баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан
жалғайтын
-
Ойын: «Өнерлі
бала»
Барлық балалар шеңберге
тұрады. Әуен ойналғанда кішкентай допты бір- бірлеріне жылдам
береді.Әуен тоқталғанда доп кімнің қолында қалса, сол бала бір өнер
көретеді.
Жүргізуші:
-
Ортаға 2- кіші топ
балаларын шақырып, өлең жолдарын
тыңдайық.
6. Ойын: «Қай жұп
епті»
Ересек топ пен ортаңғы топ
балалары қатыстырылады. Шарды жұп болып қолмен ұстамай ишпен немесе
бастарымен мәреге жеткізу.
Жүргізуші: Балабақшамыздың ең
кішкентай бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз!
-
2-Кіші топ ән
« »
-
Жүргізуші:
Би «Көбелектер» ересектер
тобы бүлдіршіндері.
-
Ойын
«Батпақ»
Ойынға 4 баладан қатысады.
Балаларға екі а4 қағазы беріледі, жер балшық болған деп елестетіп,
белгіленген жерге дейін қағазбен жету.
-
Ортаңғы топ
бүлдіршіндерінің өлең жолдары
-
Ән Ортаңғы топ « Кел
балалар, күлейік !»
Жүргізуші: Құрметті балалар бүгінгі
осынау мерекеде балабақшамыздың ересектер «Жауқазын» тобының
арасында балабақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған
балалар бар екен. Қанекей қол соғып сол бүлдіршіндерімізді қарсы
алайық!
Балабақша түлектері ортаға
келіп оздерінің қоштасу тілектерін білдіріп, аспанға шарларын
ұшрады.
Жүргізуші:
Әлемге асқақтаған
өлеңіміз,
Бақытты байтақ елдің бөбегіміз.
Білімнің тауларына жиі шықсақ,
Сол таудай асқар болсақ
дегеніміз.
Балабақша басшысы Имандосова
Парида апайға сөз беріліп, ата- аналардың құттықтау тілектерімен
жалғасады.