Материалдар / "Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы-серіктестер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы-серіктестер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың құқық бұзушылығын алу, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2018
901
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚУШЫЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ – СЕРІКТЕСТЕР.



Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: “Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер.”

Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығын алу, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру.

Жиналыстың барысы:


І бөлім:
Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі жалпы ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі жиынға келген адамдарды – бала тәрбиесіне жанашыр адамдар келді деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі семинарымызда бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі талқыланатын болады .

Жалпы тәрбие қалай қалыптасады ? қандай факторлар әсер етеді?

Бүгінгі жалпы ата-аналар жиналысының тақырыбын тектен-тек «“Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер.” Тақырыбында өткізгелі тұрған жоқпыз. Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек

Құқықтық тәрбие дегеніміз не?

Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл

Құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі.Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері.Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады.Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім- тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады

Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б.. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға-құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады.

Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді  тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйреТуге болады

А.С.Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпаған жөн.

Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады..

Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай?

- Әрине бұл Заңдарды білу

Бала мен ата-ананың құқықтары  мен  міндеттері білгіленген заңдар – бұл

  1. Бала құқығының   Декларациясы

  2. ҚР бала құқықтарытуралы Заңы

  3. ҚР Конституциясы

  4. Білім туралы Заң

  5. Неке жәнеотбасы туралы Заң

  6. Балалар  құқығының  Конвенциясы

  7. Әкімшіліқ құқықбұзушылық туралы Кодекс

Осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар:

Сонымен қатар бұл құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-ананың міндеттері де көрсетілген.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» жолдауы –еліміздің дамуына соны серпін беретін жаңару стратегиясы. Жаңа кезеңдегі ел саясатының маңызды бағытының бірі – жас ұрпаққа заманына сай білім мен тәрбие беру мәселесі.Сондықтан да Ұлт көшбасшысы «Бала тәрбиелеу –болашаққа ең үлкен міндет, балаларымызға жақсы білім мен саналы тәрбие беруге ұмтылуымыз керек»  атап көрсетті.

Балаларымыздың бойында саналы тәрбие қалыптастыру үшін отбасы мен мектеп серіктестігі қажет.

ІІ бөлім:

Кезекті тренингке берейік.

  1. «Ыстық  алақан»

Нұсқау: Біреуіміз ана немесе әке екіншіміз бала боламыз.Алақандарымызды бір – біріне түйістіреміз.Нені сезінетінімізді,еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз.

  1. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

- иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;

- жоқ  десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

1)    Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы  бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

2)    Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды?

- егер  жанұя десеңіздер жымиып, айналамыз

- егер қоршаған орта, қоғам  десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.

3)    Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.

- егер «ана» десеңіздер, жымиыңыз.

- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды жоғары көтеріп шапалақтаңыз.

ІІІ бөлім:

Топтарға бөлу (ата-аналар мақал-мәтелдер таңдап алып, тақырыптары бойынша топтарға бөлінеді (Отан, отбасы-тәрбие, еңбек, оқу-білім)

ІV бөлім

Жағдаяттарды талқылау

VІІІ бөлім. Қорытынды.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Ата-аналар өздерінің арасында тұлға аралық қатынастары мен жалпы психологиялық-педагогикалық мәдениетін дамыта отырып, өзін-өзі жетілдіре отырып, балаларды тәрбиелеуге идеалды атмосфераны құрайды. Балалардың ақыл-ойының дамуы, болашақтағы тұлғалық қатынасының дамуы, қоғамда жетістіктерге қол жеткізуі отбасына байланысты.  Сондықтан да бүгінгі жиналысымызды А.Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Тек қана ата-аналармен біріге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!