|
Сабақтың
ортасы
25 мин
Қауіпсіздік сабағы
10 мин
|
Қоғамның алдында тұрған басты
міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық
бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың
өсуіне жол бермеу. Мектепте көптеген үйірмелер бар сабақтан тыс
уақыттарда мектепішілік үйірмелерге қатысуларыңды
сұраймын.
«Тәртіпке бас иген адам құл
болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек
тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де
ұтылмайды.
Біздің елімізде адам құқықтары
Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс
тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы
құқыққа арналған.
«1-топ»
топ
1. Заңның құрығы ... (бәрінен
ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ...
(кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық
бас)
4. Асыл тастан ... (өнер
жастан)
5. Тура биде ... (туған
жоқ)
«2-топ»
топ
1. Ұрлық түбі ...
(қорлық)
2. Жазасын тартпайтын ...
(жамандық жоқ)
3. Әдепті бала ... (арлы
бала)
4. Тәрбие ... (отбасынан
басталады)
5. Әділ істің ... (арты
игі)
1-оқушы: 10
бап
Баланың өмір сүруіне, жеке
басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол
сұғылмауына құқылы
2-оқушы:
Мемлекет баланың жеке басына
ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге,
дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым
жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге
асырады.
3 оқушы:
9-бап
Баланың даралық ерекшеліктерін
және оны сақтауға құқығы.
Бала туған сәтінен бастап
аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде
көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына,
тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға
қарамастан бала тең құқылы.
«ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ»
Сабақтың
мақсаты: оқушылардың өз құқықтары мен
міндеттері туралы түсініктерін тереңдету. Міндеттері: ‣ Оқушыларды құқықтары мен міндеттері туралы заңнамамен
таныстыру; ‣ Жедел қызметтер мен
орталықтарға жүгіну қажеттілігін түсіндіру; ‣ Адам құқықтары бұзылған жағдайда қолдау
көрсету.
Бала құқықтары туралы
заңнамамен танысу. Бала құқықтары туралы Конвенция-адамзаттың
туғаннан бастап 18 жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен
бостандықтарын бекітетін халықаралық құқықтық акт. Бала құқықтары
туралы Конвенция балалардың кім екенін түсіндіреді, сонымен қатар
олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелерін тізімдейді.
Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың барлығы бірдей маңызды
және оларды балалардан бөлек қарастыруға болмайды. Бала құқықтарын
қорғау туралы Конвенция 1989 жылғы 20 қарашада қабылданды. Негізгі
бөлім Мұғалім: біздің мемлекетімізде 2002 жылғы 8 тамызда
«Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Заңы
қабылданды. БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ:
‣
өмір сүруге, аты-жөніңнің болуына, азаматтыққа
және т. б. құқықтары; ‣ әл-ауқатты отбасылық
өмірге құқық; ‣ баланың жеке басының
еркін дамуын қамтамасыз ететін құқық; ‣ денсаулық сақтау құқығы; ‣ білім алу және мәдени даму құқығы; ‣ төтенше жағдайларда баланы қорғау құқығы. Әңгіме. Бала
құқығының бұзылуы деп нені айтуға болады? Кәмелетке толмағандардың
құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгінуге болады? Сіз келесі
жағдайларда бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілге жүгіне
аласыз
|
Топтық талқылау: құқықтық мәселелерден қалай
аулақ болуға болады (заңдарды білу, ата-аналармен қарым-қатынас
жасау, ережелер мен нұсқауларды сақтау, заңсыз әрекеттерден аулақ
болу, келісімдер мен рұқсаттар алу, көмек
сұрау)?
|
суреттер
|
Интербелсенді
тақта/
https://www.youtube.com/watch?v=-M4oCA_r2gg
|
|
Сабақтың соңы 5 мин
|
Ой-пікір
алаңы
«Әділет»
тобына
Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін
не?
«Ақиқат»
тобына
Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол
бермеу үшін не істеу керек?
Рефлексия
жасайды.
Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не
сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен
бөліседі
|
Рефлексия
жасайды.
Сабақтан кейін қандай әсер
алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен
бөліседі
|
|
презентация
|