|
Негізгі бөлім (25
минут)
|
ҚАУІПСІЗДІК
САБАҒЫ
№
2 САБАҚ.
«ҚАЗАҚСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ
ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫН
ҚОРҒАУ»
Материалдар мен
ресурстар:
Жедел қызметтер мен
қолдау орталықтарының нөмірлері бар
үлестірмематериал.
Сабақтың
барысы
1.
Кіріспе
Бала құқықтары
туралы құжаттармен
таныстыру.
Бала құқықтары
туралы конвенция — адамзат баласының туған кезінен
18
жасқа толғанға
дейінгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін
халықаралық
құқықтық акт. Бала
құқығы туралы Конвенцияда балалардың кім
екендігі
түсіндіріледі,
сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің
міндеттемелері
тізіліп көрсетіледі.
Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың бәрі бірдей маңызды және
оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін
емес.
Бала құқығын қорғау
Конвенциясы – 1989 жылы 20 қарашада
қабылданды.
Конвенцияның 54
бабында өктемдік көрсетуден қорғау, отбасы
өмірінің
тыныштығын сақтау,
пікірін еркін білдіру көрсетілген. Қазақстан осы
заңнамаға
сәйкес 2002 жылы 8
тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың
құқықтары
туралы» заңы
қабылдады.
2. Негізгі бөлім (6
минутқа дейін)
Қазақстан осы
заңнамаға сәйкес 2002 жылғы 8 тамызда
«Қазақстан
Республикасындағы
Бала құқықтары туралы» заңды
қабылдады.
Балалардың
құқықтарын қорғау туралы
ереже:
өмір сүру құқығы,
аты-жөні, азаматтығы және
т.б.;
әл-ауқатты отбасылық
өмір құқығы;
баланың жеке басының
еркін дамуын қамтамасыз ететін
құқық;
денсаулық сақтау
құқығы;
білім беру және
мәдени даму құқығы;
төтенше жағдайларда
баланы қорғау құқығы.
Әңгіме
Баланың құқығын бұзу
деп нені айтуға болады?
Кәмелетке
толмағандардың құқықтары бұзылған жағдайда қайда
жүгінуге
болады?
3.
Қорытынды
«Анонимді жазу»
жаттығуы. Оқушылар өздерінің
немесе
айналасындағылардың
құқықтары бұзылды деп санайтын оқиға туралы хат
жазады.
Қоғамның алдында
тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер
арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар
арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Мектепте көптеген үйірмелер
бар сабақтан тыс уақыттарда мектепішілік үйірмелерге қатысуларыңды
сұраймын.
«Тәртіпке бас иген
адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай,
еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де
ұтылмайды.
Біздің елімізде адам
құқықтары Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясында
көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30
бабы құқыққа арналған.
|
Оқушылар
тыңдайды
«Құқық»
ойыны
Оқушылар тақырып
бойынша ситуациялық оқиғаны қағазға түсіріп, бір- біріне лақтырады.
Келесі оқушы жазбаша хатты оқып, жағдайдан шығудың жолын ұсынады.
Мысалы: «Мен спортпен шұғылданғым келеді, бірақ ата-анам
университетке түсуге дайындалу керек деп мүмкіндік бермейді. Мен не
істеуім керек?»
1. Заңның құрығы ...
(бәрінен ұзын)
не
2. Өш алғаннан гөрі
... (кешірген жөн)
ен
3. Ақырын жүріп...
(анық бас)
4. Асыл тастан ...
(өнер жастан)
5. Тура биде ...
(туған жоқ)
2-
топ
1. Ұрлық түбі ...
(қорлық)
2. Жазасын
тартпайтын (жамандық жоқ)
3. Әдепті бала ...
(арлы бала)
4. Тәрбие ...
(отбасынан басталады)
5. Әділ істің ...
(арты игі)
1-оқушы: 10
бап
Баланың өмір
сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір- қасиетіне және жеке
өміріне қол сұғылмауына
құқылы
2-оқушы:
Мемлекет баланың
жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын
жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен
бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге
асырады.
3-оқушы:
9-бап
Баланың даралық
ерекшеліктерін және оны сақтауға
құқығы.
Бала туған сәтінен
бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң
актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа
жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата анасына қатысты
мән-жайларға қарамастан бала тең
құқылы.
|
Презентация
|