БАЛАЛАР ӨМІРІНДЕ СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
Білімгер:Ахметжан Аружан Ардаққызы,жетекшісі:Мирова Гаухара Ниязовна
Балалық шақ – баланың
сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі болып табылады.Бұл кезде баланың
заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен
байланыстарын,кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі.Заттармен
іс-әрекетте бала оның түсін түрін,қасиеттерін біле бастайды.
Баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екіжағы бар:
Біріншісі– заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері жөніндегі
түсініктерді меңгеруі;
Екіншісі – қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға жаңа
әрекетін игеруі.
Сенсорлық тәрбие - түйсік пен қабылдаудың бірдей дамуы.Сәбилік
шақтың алғашқы күндерінен бастап-ақ өзін қоршаған заттардың
қасиетін түсініп,талпыныс пайда болады. Қабылдаудың ерекше қасиеті
балалар жақын адамдарды тани алатындығы. Бөтен адам көрсе жатырқап
жылайды.Ал заттарды қабылдау дағдысы ұмтылу іс-әрекеттері арқылы
жасалады. Сенсорлық тәрбие баланың сезім мүшелерінің дамуына,
дүниені түсініп тануына әрекет
жасайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорикалық дағдыларын қалыптастыру сенсорлық даму мектеп жасына дейінгі балалардың ерте жастағы жалпы дамуының негізін құрайтын басты бөлігі болып табылады.Баланың бойына ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дамыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.
Сенсорлық тәрбиенің маңыздылығы мынада:
- Интеллектуалды дамудың негізі болып табылады;
- Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезінде алынған барлық көрсетулерін ретке келтіру;
- Байқағыштығын дамытады;
- Шынайы өмірге дайындайды;
- Эстетикалық сезіміне белсенді түрде әсер етеді;
- Қиялдың дамуына негіз болып табылады;
- Зейінін дамытады;
- Балаға жаңа пән-танымдылық қызмет тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді;
- сенсорлық үлгі-өнегені игеруді қамтамасыз етеді; - оқу қызметінің дағдыларын қамтамасыз етеді;
- баланың сөздік қорының ұлғаюына әсер етеді;
- көру, есту, бейнелі және т.б есте сақтау түрлерінің дамуына әсер етеді;
Дидактикалық ойындар
балалардың сенсорлық қабылдауын қамтиды, бір жағынан олар
ойнаушылар әрекетінің жас ерекшелігін, адамгершілік уәждерін,
екінші жағынан – еріктілік қағидасын, өзі таңдау құқығын, жеке
даралығын көрсетуді ескереді.Күнделікті өмірде бала әртүрлі пішінді
бояуларды кездестіреді – бұл оның жақсы көретін ойыншықтарымен
қоршаған ортадағы заттар. Көркем туындыларды – сурет,
мүсіндерді көреді және ән тыңдайды, бірақ осы білімді игеру
үлкендердің көмегінсіз, табиғи түрде жүргізіледі. Осы жерде
көмекке сенсорлық тәрбие келеді, дәйекті және жоспарлы түрде
балаларды адамның сенсорлы мәдениетімен таныстырады.
Әр жастың сенсорлық тәрбие алдында өзіндік міндеттері
бар. Ерте жастан-ақ түс,пішін, мөлшер туралы ой елестері
көбейе түседі. Осы ой елестерінің әр түрлі болуы өте
маңызды. Бұл баланы түрлі сапалы түс спектрларымен,
геометриялық пішіндермен, шеңбер, сопақ, шаршы,
тіктөртбұрыш,үшбұрыш, дөңгелек, текше, кірпіштермен таныстыру
керектігін білдіреді.Танымдық және сөздік шеберлігін дамыту, көру,
сезу, қозғалу, салыстыру арқылы түсті, пішінді, өлшемді
анықтау. Түсіну және де сөйлегенде көлем мен пішін атауларын
қолдану. Мектеп жасына дейінгі уақыт аралығында балаларда
сенсорлық кезеңдер қалыптасады – сөйлегенде түс , геометриялық
фигуралар, бірнеше заттар арасындағы көлем арақатынасы туралы
тұрақты, бекітілген ойлар пайда болады.Үлгі-нұсқаның қалыптасуымен
бірге балаларға заттарды тексеру тәсілін үйрету керек: оларды түс,
үлгі-нұсқа айналасындағы пішіндер бойынша топтастыруға, одан да
қиын іс-әрекеттерді орындауға үйрету қажет. Басты міндеттердің
қатарына балалардың аналитикалық қабылдауын дамытуда міндетті түрде
түстерді сәйкестендірудегі, заттардың пішіндерін жіктеудегі, жеке
көлемдерді ерекшелеудегі икемділігі
жатқызылады.
Сенсорлық тәрбиені ойын арқылы
дамыту өте қолайлы.Өйткені ойын – тәрбие құралы.Ол балалардың
дүниетанымын дамытудағы ең тиімді амалдардың бірі.Ойын арқылы
балалар айналасындағы нәрселердің атын,болмысын ғана танып
қоймайды, түр түсін, не үшін керектігін білетін болады.Сонымен
бірге,ойын арқылы іс-әрекетін іске асырады.Ойын кезінде ғана
балалардың өзін қоршаған ортаға қатынасы дамып, танып біледі.
Ойын арқылы заттың қалай пайдаланатынын түсінеді.Балалар
ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп,
А.С.Макаренко:«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін
еңбектің, жұмыстың маңызы болса, олар үшін ойынның да маңызы
бар.Бала ойында қандай болса,өскенде жұмыста да көп жағынан сондай
болады.Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан
басталады.»
Ойынның мазмұны түпкі ниеті – балалардың нені және қалай ойнайтыны,
ойын әрекеттері тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі. Ойынның мазмұны
оны қызықты етеді, ойнауға деген ынтаны қоздырады.Ойын кезінде
балалардың білімі мен ұғымы тереңдей түседі.
Ойын – өзінше бір мектеп, сол арқылы бала дүние туралы түсініктерді
игереді. Көптеген ойындардың мазмұнына әндер,тақпақтар
енгізіледі.Осының бәрі баланың сенсорлық тәрбиесінің әсерленуіне
мүмкіндік береді. Балаойын арқылы күш жігерін жаттықтырып, қоршаған
заттар мен құбылыстардың сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене
бастайды. Ойын баланы тек дене жағынан жетілдіретін қимыл-қозғалыс,
іс- әрекетқана емес,оларды ой еңбегіне баулу,түсініктерін дамыту
құралы болып табылады. Балалар үйіндегі балалардың сенсорлық
тәрбиесін дамыту үшін біздің міндеттеріміз: мәдени – гигиеналық
машықтарға тәрбиелеу, ой – қиялын белгілі дәрежеде өсіру, бастаған
ісін аяқтай білуіне жағдай жасау, айналамен таныстыру, ойын, еңбек
машықтарына тәрбиелеу.
Мәдени-гигиеналық машықтарға тәрбиелеуде балалардың заттармен
іс-әрекет жасауы арқылы сенсорлық дамуы өседі.Оларды не үшін
қолданатынын біледі.Мысалы: тамақ ішкен кезде(тарелкеге тамақ
құяды, тамақты қасықпен ішеді, шайды кесемен ішеді.) Сонымен бірге
жуынған кезде (су суық немесе жылы, су сылдырайды, сабын
қатты,төртбұрыш, көпіреді, иісі бар)
Ой қиялын белгілі дәрежеде өсіру үшін балаға көп сөйлеу,әртүрлі
тақпақтар,тапсырма беру керек.Әрдайым бос отыруға мұрша бермеу
керек,тапсырма беріп,бастаған ісін аяқтай білуге үйрету керек.
«Аюды алып келші, Арай қоянды Еламанға берші, Аян қоянды орындыққа
қойшы» Бұдан балалар заттың, ойыншықтың атын, оның орналасу орнын
біледі. Айналамен таныстыру, табиғатпен таныстыру баланың сенсорлық
дамуының бір құралы.Оны Белинский былай деп айтқан?:» Баланың
алғашқы тәрбиешісі табиғат және оның мейірімді әсері... Ағаштың
жапырағының сыбдыры, су толқынының тербелісі оның өз тілінде сөйлеп
тұрғандай әсер етеді.»
Заттармен жүргізілетін әрекеттерді күннен күнге күрделендіре берген
жөн.Әртүрлі қобдишаларды ашып жабуға, біліктен сақиналарды шығарып,
қайта салуға, кубиктерді бірінің үстіне бірін жиюға, бір затты
екінші заттың ішіне салып, қайтадан шығара білуге үйрету керек.
Шариктерді немесе доптарды шашып жинау, ермектік ойындар ұста ұста
ауа шарларын ұшыру арқылы балалардың кеңістікті бағдарлауы
дамиды.
Балаларға алғаш жекеленген
заттарды, жануарларды, құстарды бейнелейтін суреттерді көрсетіп,
оларды атай білуге уйрету қажет.Сергіту кезінде бөлменің әржерінде
ілулі тұрған суреттерді «Аю қайда?,көгершін қайда? Әтеш қалай
дауыстайды?» деген сөздерді айтсаң балалар көздерімен іздейді.
Қолдарын шошайтып көрсетеді. Бұдан балалардың есте сақтау,көру,
бақылау қабілеттері дамиды. Заттың формасын, түсін ажыратып,
форманы өзіне лайық қуысқа орналастыруда мынандай ойын
ұйымдастыруға болады.
Ыдыстың ішіне салынған заттарды сылдырлату. Балалардың назарын,есте
сақтау қабілетін тудыру. Шыққан дыбысқа бала назарын аудару,ыдыс
ішінен алып көрсету.
Мынау – төртбұрыш,төртбұрышы бар.Төртбұрышты өзіне лайық ойылған
ыдысқа салып көрсету.3-4 рет қайталау.Балаға салғызу. Дөңгелекпен
таныстыру. Қабырғасы жоқ, доп домалақ, сондықтан домаламайды,
сондықтан домаламайды, доп сияқты. Оны да дөңгелеп ойылған ыдысқа
салғызу.
Үшбұрышпен таныстыру сабағы да солай өтеді.Енді формаларды бір
бірімен салыстыру, заттарды атай білуге, есте сақтауқа білетін
дамыту сабағын үйретіп барып, әрекет жасауға үйретеміз. Сабақтың
мазмұны қарапайым болуы керек.
Ендігі осы балалармен сенсорлық тәрбиесін дамытудағы алдағы
істелетін жұмыстар:
Балаларды бірыңғай заттарды сенсорлық белгілеріне қарай топтауға
үйрету.Үлгібойыншажәнеауызшаберілгентапсырмалардыорындауғаүйрету.
Балаларға қажеті түсті (қызыл,қоңыр,сары,ақ,көк,жасыл,қара) форманы
(дөңгелек, төртбұрыш,үшбұрыш) үйрету қажет.Сенсорлық ерекшелігі
әртүрлііс -әрекетте,бейнелеуөнерінде, құрастыруда, түрлі
құбылыстарды бақылау кезінде заттардың қасиеттеріне қалай қолдана
білуге үйрету.Құрылыс материалдарын байланыстыра орналастыру білуге
машықтандыру.Құрастыруды аяқтаған соң материалдарды ұқыпты түрде
орын орынына жинап қоюды үйрету.Балалардың сенсорлық тәрбиесін ең
алдымен бала айтқан сөзіңді,тапсырманы түсіну керек.Сөзіңді
түсінбей бала ешқашан айтқаныңды істемейді.
Ата- бабамыз жасаған асыл мұраны меңгерту, айналасына жүрек сезімін
оятып,анатілін түсінуге үйрету,оның музыкалық әуезін санасына
ұялатып,зердесіне жеткізудің барлығы – баланың нәрестелік шағынан
басталатыны баршаға аян. Ендеше сол нәрестелік жағынан қазақ
тілінде сіңіру біздің міндеттіміз.
Сол себепті «Бесікжыры», «Қаз -қаз бас», «Әлди -әлди» сияқты ана
жүрегінің жылуын төге жырланатын өлең -жырларды неге осы нәрестелік
шағынан бастамасқа.
Әр тәрбиеші сабақтан жеке өзіне бекітілген балалармен тереңдете
жұмыс істесе біздің балалардың даму қабілетттері өз жас мөлшерімен
сәйкес келеді.
Өз жемісіміздің нәтижесін көру үшін бір топтағы тәрбиешілер бірдей
жұмыс істеуі керек.Бала сонда ғана ана тілінің нәрі мен қуаттанып
өседі.Мамандардың айтуынша, балалардың сенсорлық дамуы олардың
айналасындағы заттарды алдымен сыртқы қасиеттеріне, яғни заттың
түсіне, пішініне, көлеміне, дәміне, иісіне қарай қабылдауы. Мектеп
жасына дейінгі кезең – балалардың сезу мүшелерін дамытуға ең
қолайлы шақ. Үш-төрт жастағы баланы сенсорлық тәрбиелеуде оның
көру, есту, дәм сезу секілді қабілеттерін күшейту үшін оның түрлі
ақпарат алуына жағдай туғызу қажет. Осылайша сезім мүшелеріне әсер
ету арқылы баланың миының жұмысы
жақсарады.
Сонымен сенсорлық тәрбие барысында сәбидің жалпы әлемді сезіне білуіне, болашақта өзін қоршаған орта туралы толыққанды ақпарат алуына оң әсерін тигізеді. Бүгінде педагогикалық тәжірибеде сенсорлық тәрбие кеңінен қолданылуда. Айталық, 2-3 жастағы балатүстерді ажырата білуі үшін оған негізгі жеті түстің біріне ғана боялған заттарды көрсету керек. Бала сенсорлық тәрбиеде бір шама жетістікке жете бастаса, жаттығуларды күрделендіре түсуге болады. Жаттығулардың өте қызықты болуы шарт. Балаларды сенсорлық тәрбиелеуде ата-ананың рөлі өте маңызды.
- Пирамида,құрылыс ойындарды құрастыру.
-Әр түсті түймелер, жіптер,замоктар балалрдың ойын кезінде ұсақ моторикасында дамытатын ойындар ойнау
-Қысқыштарды қыстыру
-Бау байлау
-Конструктор,кубиктер ойыны
Әртүрлі заттарды пайдалану арқылы саусақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді.
Осындай ойынның нәтижесінде бала әртүрлі сенсорикалық әсерлер алады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз