Материалдар / Балалар қорғау күні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балалар қорғау күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар қорғау күні
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жазғы сауықтыру сценариі.

Тақырыбы: «Бар мейіріміміз балаларға»

Жүргізуші:

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні.Біздің балабақшада бүгін мереке. Сіздер мереке жақсы көресіздер ме?

Балалар:

-Ия.

Жүргізуші:

Бақшамызда бүгін ұзақ ойнайық,

Балаларды қорғау күнін тойлайық.

Алақай ау , алақай!

Той тойлайық, балақай!

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір бірлеп,

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп!

Алақай ау , алақай!

Ән шырқайық , балақай!

Ұғып сөзін тәрбиеші апаның,

Гүл жайнаймыз аясында Отанның!

Алақай ау, алақай!

Гүл жайнайық, балақай!

-Ендеше, алдарыңызда №1, 2 топтардың бүлдіршіндері тақпақтарын айтады.

1. Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз!

2. Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Көңілді әуен сазымен

Жаттығуды бастаймыз.

3.Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір:

Тәрбиеші қарайды

Аяққа бір, қолға бір.

4.Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз:

Тақпақ айтып, ән шырқап,

Билеп билеп береміз.

5. Әйбат жасыл ауламыз:

Көбелекте аулаймыз.

Бізге арнайы жасаған

Сырғанаймыз «таудан» біз.

6. Міне, вагон, кіреміз,

Поезбен жол жүреміз.

«кемеге» де мінеміз,

Толқындарды тілеміз.

7. «Ракетамен» ұшамыз,

Көктен әрі асамыз.

Талғат аға жолымен

Талай жұлдыз ашамыз.

8.Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Одан көп- көп қызықтар

Күнде біздер аламыз.

Ән «Қошақаным» барлық топтар.

Жүргізуші:

-Өте жақсы! Мереке күні мен сіздерге банан сыйлағым келіп тұр. (Жүргізуші себетті іздейді, таба алмайды. Орнынан хат табады.) Ой , балалар, қараңыздар! Банан салынған себет орнынан хат қойып кетіпті. Оқып көрейік.

Хат: «Сіздердің сыйлығыңыз менде! Банандарыңызды мен алып кеттім. Іздемеңдер! Таба алмайсыңдар! Қарақшы.»

Жүргізуші:

-Мәссаған! Біздің банандарымызды қарақшылар ұрлап кетіпті. Енді не істейміз , балалар? Қарақшыны тауып алып , сыйлықтарымызды қайтып алайық! Келістік пе?

Балалар:

-Ия.

Жүргізуші:

-Онда барлығымыз саяхатқа шығайық!

Көңілді әуен қосылады. Барлық балалар мен жүргізуші әуен ырғағымен бір орында жүреді.

Кенет алдарынан Мыстан кемпір кездеседі:

-Ээээй, эээээй, эээээй! ( Әрлі -берлі сыпыртқысымен жүгіріп өтеді) Ээээй, неғып жүрсіңдер?

Жүргізуші:

-Сәлеметсіз бе, Мыстан әжей! Біз қарақшыны іздеп саяхатқа шығып едік. Себебі ол біздің балаларымыздың сыйлығын сұраусыз алып кетті.

Мыстан кемпір:

-Еееее, солай де! Көңіліңіз түспесін, балалар!Мен балалардың дауысын естіп қуанып қалып едім. Мен көңілді балаларды жақсы көрем. Не істесем екен?! Олай болса би билеп алайық. Сосын мен сіздермен бірге саяхатқа шығамын!

Жүргізуші:

- Жарайды онда. Балалармен қандай би билейсіз?

Мыстан кемпір:

-«Буги- вуги» биін.

Биге № 1, 2 топ балалары шығады.

Мыстан кемпір:

-Сіздердің әлі көңіл күйіңіз жоқ сияқты ғой! Балақайлар,мен үнемі сыпыртқыммен ұшып жүрем. Кім менімен ұшқысы келеді?

Балалар:

-Мен, мен, мен...

Мыстан кемпір сыпыртқының артына балаларды кезекпен отырғызып жүгіріп шығады. Балалар мәз болып күледі.

Мыстан кемпір:

-Ух, ах, шаршадым! Белім ай! Қарт болғасын әр жерің ауырады. Қой, мен бір тынығып алайын!

Жүргізуші:

-Жақсы, Мыстан әжей! Балалардың қасына жайғасып отыра ғой! Ал, біз саяхатты жалғастырайық.

Көңілді әуенмен Сайқымазақ кездеседі:

-Сәлем, балақайлар!

Балалар:

-Сәлеметсіз бе!

Сайқымазақ:

-Менің атым Тинки. Сіздерді мерекемен құттықтаймын! Әрқашан ата-анаңызды ренжітпейтін, ақылды балалар болуыңызға тілектеспін.

Жүргізуші:

-Рахмет, Тинки! Біз саяхаттап бара жатырмыз, себебі біздің балаларымыздың сыйлығын қарақшы ұрлап кетіпті. Соны іздеп бара жатырмыз.

Сайқымазақ:

-Абыржымаңдар! Ол қарақшыны табамыз. Мен басқа елдерде тұратын достарыма телефон шалайын, қарақшыны табуға көмектессін.

Жүргізуші:

- Кел, балаларымызбен бірге көңіл көтер. Балаларымыз тақпақтар біледі, ән де айтады.

Тақпақтар:

3,4 топ балалары

1. Балғындардың үнінде

Көктемдегі бұлақ бар.

Балғындардың жүзінде

Жазғы жайма- шуақ бар.

2. Балғындардың көзінде

Тазалықтың сәні бар.

Балғындардың сөзінде

Даналықтың дәні бар.

3. Балғындардың ойында

Балауса арман бар ізгі,

Балғындардың ойынында

Ертеңгі істің бар ізі!

4. Әзір титтей бойымыз,

Әзір балаң ойымыз,

Тек қуамыз ойын біз.

Дегенмен де, күн санап,

Өсіп келе жатырмыз,

Беске толған батырмыз!

5. Ұзарады бойымыз ,

Толысады ойымыз,

Алда талай тойымыз!

Өйткені біз күн санап,

Өсіп келе жатырмыз,

Беске толған баламыз!

6.Аппақ, сары, қаралар...

Көп- көп әлем бөбегі.

Бәрін бәрін аналар

Аялайды, өбеді.

Бала- адамның өбектер

Бауыр еті жүрегі,

Бүгін сәби , бөбектер-

Ертең елдің тірегі.

7. Сондықтан жар саламыз

Қазақта бар бала- біз:

Адал болсын,

Аппақ болсын

Тілектері әр елдің!

Аман болсын,

Адам болсын

Бөбектері әлемнің!

8. Нұрға толып жас жаны,

Тыйылмасын күлкісі.

Бұлтсыз болып аспаны,

Бұзылмасын ұйқысы.

Аппақ, сары, қаралар...

Болсын барлық бала шат,

Арманындай аналар

Жарқырасын болашақ!

9. Бау, бақша , белдер,

Орман, тау көлдер-

Көрікті , шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан,

Көңілді ауыл , қаламыз.

10. Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп толамыз.

Жадырап күндей

Жайнаған гүлдей

Бақытты біздер баламыз.

Ойын: «эстафеталық жарыс» №3,4 топ балаларымен.

Жолда сотқар бала кездесіп қалады:

-Ээээээй, мен компотқа тұз салып жібердім, ойыншықтарды сындырдым, қыздардың шашын тартам, балдарды жылатам. Мен ешкімді тыңдамаймын!

Балалардың алдында тентектік жасайды.

Мыстан кемпір:

-Олай болмайды. Бұл балабақшаның балалары тәртіпті, ақылды, тілалғыш, көңілді. Олар бізге тақпақтар, өлең айтып, би билеп, ойындар ойнап көңіл көтерді. Қалайша саған тентектік жасауға жол береміз?! Жоқ, олай болмайт!!!

Сотқар бала:

-Көрерміз!!! Ха- ха -хааа!!!

Сайқымазақ:

-Онда, сені ойын ойнауға шақырамыз! Егер сен ұтылсаң, тентек болмайсың! Біздің айтқанымызды екі етпей орындайсың! Келістік пе?

Сотқар бала:

-Бәрібір, мен ұтам!!! (мақтанады)

Ойын: «Арқан тарту» №5 топ балаларымен.

Шарты: арқанды екі жағынан ұстап ,екі топ балалары тартады .

Сайқымазақ қулыққа барады. Арқанның бір жағына балаларды, екінші жағына сотқардың өзін тұрғызып қояды. Ойын басталды. Балалар жағы көп болғандықтан сотқарды тартып кетеді. Тағы қайталанады. Сотқар бала ұтылғанына налып, реніш білдіреді. Сайқымазақ сотқар балаға бірге қосылып балалардың көмегімен тартып ойнауға шақырады. Сотқар әрең келіседі.Ойын басталды. Сотқардың тобы жеңіске жетеді.

Сайқымазақ:

-Көрдің бе, сотқар бала! Достық бар жерде жеңіске жетесің!

Сотқар бала:

-Кешіріңдер мені! Мен енді тентек болмаймын! Менде сіздермен бірге дос болғым келіп тұр!

Сайқымазақ:

-Балалар, дос боламыз ба?

Балалар:

- Ия!

Сайқымазақ:

-Жарайды онда!Доспыз бәріміз! ( барлығы көңілді әуенмен билейді)

Жүргізуші:

-Балаларымыздың тақпақтарын тамашалаңыздар: № 4 топ балалары.

1. Домала , доп домала,

Балшыққа тек жолама.

Жек көремін оныңды,

Бүлдіресің қоымды.

Қуса, күшік жетпесін,

Машина басып кетпесін.

2.Күнмен бірге тұрамын,

Құспен бірге ән салам.

-Қайырлы таң,

-Ашық күн! -деп,

Барлығыңа айта алам.

3. Атағы артық, жаны аппақ,

Әй, Отаным, Отаным,

Үмітіңді мен ақтап,

Үлесімді қосамын.

4. Балдай тәтті балақан,

Қандай тәтті балақан.

Жылып қана кетеді- ау,

Сені «әу» етсе алақан.

5. Балабақша базарлы үй,

Ауылдағы ажарлы үй.

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты.

6. Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды шашпаймыз,

Терезені ашпаймыз.

7.Саусақ- саусақ, қайда болдың?

-Бауырлармен тойда болдым.

Бауырлармен ет жедім.

Бауырлармен сорпа іштім.

Бауырлармен ән айттым.

Үйге тіпті жай қайттым.

Ән «Атамекен»

Би « Гамми биар» №3 топ балаларымен.

Сайқымазақ:

-Балалар , маған жаңа шетелдегі досым телефон шалды. Олар қарақшылардың қай жерде жүргенін анықтапты.

Жүргізуші:

-Онда сол жаққа қарай барайық!

Көңілді әуенмен сайқымазақ, мыстан кемпір, сотқар бала, жүргізуші шеңбер бойымен айналып жүріп келеді. Алдарынан қарақшы кездеседі:

-Қайда бара жатсыңдар! Тоқта ! Кім сендерге бұл жермен жүруге рұқсат берді!? Аааааааа!?

Мыстан кемпір:

-Ай, қарағым, қарақшы!!! Сен рұқсатсыз біздің балаларымыздың сыйлығын алып кетіпсің! Ұялмайсың ба? Кішкентай балаларды бұлай ренжітуге бола ма?

Қарақшы:

-Маған бәрібір! Мені ешкім кішкентай кезімде еркелеткен жоқ. Мен де балаларды аямаймын!

Жүргізуші:

-Енді қайттік? Қарақшы бала кезінде анасының мейіріміне бөленбеген екен. Оған біз ана туралы ән айтып берейікші, балалар!

Ән «Анашым»

Қарақшы жылап отырады да:

-Ой, балалар ! Мен анамды сағындым! Бірақ менің анам жоқ! (жылайды)

Мыстан кемпір:

-Айналайын, маған бала болшы! Мен де жалғызбын. Екеуіміз бірге бір отбасы болайық. Мен ана, сен бала бол.

Қарақшы мәз болып:

-Анашым! -деп құшағына алады. Қарақшы тығып қойған себетті жүгіріп барып алып келіп, балалардан кешірім сұрап қайтарып береді.

Балалар ду қол шапалақтайды.

Жүргізуші:

-Керемет! Балалар ананың махаббатымен, әкенің мейіріне бөленсе бала бақытты болады.


Сондықтан №5 топ балалары ата- аналарына арнап тақпақтар айтады.

1.Келші, бөпем, айналайын,

Құшақтайын, аймалайын.

Алдыма алып мәпелейін,

Ойыншықтарды әперейін.

2.Тәй- тәй бөпем, тәй -тәй,

Аттай ғойшы, жәй жәй.

Әлі- ақ жүріп кетерсің,

Асықпай бас , тәй тәй.

Тәй- тәй бөпем, тәй -тәй.

3. Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге,

Өлең айтып береді,

Керек болса бәріне.

4.Жылағанда жұбатқан,

Барын берген балаға.

Мұңайғанда қуантқан,

Жан жете ме анаға!

5.Мен әжемді сүйемін,

Киімді өзім киемін.

Ақылына көнемін,

Өлең айтып беремін.

6.Ананың құшағы

Жұп жұмсақ, ақ мамық.

Құшақтап қысады,

Қалам мен мақтанып.

Күлімдеп жанарым,

Мақтанып қаламын.

Анамның мейірінен,

Рақат табамын.

7.Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай, сені жақсы көремін» деп

Ақырын құлағына сыбырлаймын.

8. Менің мықты болғаным

Атам менің қорғаным.

Қалдырмайды қасынан ,

Күнде қызық жолдамын.

Маған қатты сенеді,

Не сұрасам береді.

Мен атамды тыңдаймын,

Атама сол керегі.

Жүргізуші:

-Балалар, әршан ата -анамыз аман болсын, сіздер де ақылды, тәртіпті болыңыздар, еліміз тыныш, рухымыз биік болсын!!!


Ән « Әрқашан күн сөнбесін »

Жүргізуші:

-Осымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған сауықтыру мерекеміз аяқталды. Барлық балаларымызды кейіпкерлерімізбен бірге биге шақырамын. Атсалысып қатысқандарыңызға рахмет!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!