400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Балалар шығармашылығындағы Е

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылыми жоба қазіргі жастарға, студенттерге, ұстаздар қауымына септігін тигізеді деп ойлаймын. Елбасының салған сара жолы, қазақ ұлтына, әрбір қазақ азаматына дара да, дана, ұлы тұлға болары хақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарағанды облысы Теміртау қаласы № 2 ЖББОМ» КММ

















Тақырыбы: Балалар шығармашылығындағы Елбасы бейнесі

Секциясы:



Жобаны дайындаған:

4 «Г» сынып оқушысы: Өмірбек Жанназ

Жоба жетекшісі: Мухамедияр Айым







2018-2019 оқу жылы

Аннотация

Бұл ғылыми жобада оқушы «Балалар шығармашылығындағы Елбасы бейнесі» туралы жазған. Балалардың салған суреттері мен жазған шығармаларында Елбасының қайталанбас бейнесі, қазақ елінің өсіп өркендеуі үшін жасаған еңбектері балалардың көз алдында керемет дара тұлға болып қалыптасуда. Балалар өз шығармаларында Елбасын парасатты, ақылды, мейірімді, көреген, көшбасшы деп таныса, салған суреттері Елбасын өздеріне ұлы тұлға ретінде санайды. Қазақ елінің бейбіт, тәуелсіз мемлекет болып, жер жаһанға танылуы Мәңгілік ел атануына, өсіп – өркендеуі Елбасының арқасы. Елбасы жылда халқына үндеу жариялап, өз жолдауын жеткізеді. Қазақ халқына жолдаған әр жолдауы ата – бабамызды, шыққан тегімізді, тарихымызды ұмытпау, болашақ жастар біздердің санамызға сіңіру, құрметпен қарауға, ұмытылып бара жатқан тарихымыз бен салтымызды дәріптеу. Біз жастар Елбасының осы көреген көшбасшылығының арқасында болашағымызға алаңсыз, дамыған елде өмір сүріп жатырмыз. Өз шығармашылығымызды Елбасына деген құрметпен арнаймыз және еліміздің тыныштығын қалап, бейбіт елде Елбасымызбен халқымыз аман тәуелсіз елімізді қорғар патриоты боламыз. Болашақта елбасы болып, елімді өркендетуге ат салысамын. Елбасы болмасамда еліме қызмет ететін азамат боламын, әлі талай өлең – жырымды, шығармаларымды, суреттерімді Елбасына арнаймын деп дәлелдеп жаза білген.









«Қарағанды облысы Теміртау қаласы № 2 ЖББОМ» КММ

4 «Г» сынып оқушысы: Өмірбек Жанназдың

Балалар шығармашылығындағы

Елбасы бейнесі тақырыбына жазған

ПІКІР

«Балалар шығармашылығындағы Елбасы бейнесі» тақырыбында оқушы зерттеу жұмысын жүргізген.

Елбасы бейнесін тереңнен зерттеп, көшбасшылық қабілетін, салиқалы саясаты мен еліміздің өркендеуіне жасаған жұмыстарын және көптеген мәліметтерді жинақтаған. Елбасының тарихи тұлға екендігін, дара қабілетін, әдебиетке жақын, өлең жазатындығын, денешықтырумен де айналысатын, өте сергек, алғыр, сезімтал жан екендігін, туып өскен жері мен балалық шағын, өмірбаянын жазып, еңбекқорлығын, отбасына деген қамқорлығы және адам ретіндегі мінез – құлқы бейнесі жайлы зерттеу жасаған.

Оқушы ізденімпаз, бастаған ісін аяғына дейін толық орындай білетін, алғыр, зерек, шығармашыл оқушы. Болашақта өз мамандығын таңдап, президент боламын деген асқақ арманы бар. Арманын орындап болашақта елбасы болуға, елбасы болмасада еліне қызмет ететін азамат болуға талпынып, өз ойын көркем сөздермен, еркін түрде айта отырырп, арманының орындалуына жол аша білді.



Пікір жазған: Мухамедияр Айым



Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ.1. Балалар әдебиеті

ІІ.2. Балалар шығармашылығы

ІІІ. Зерттеу бөлімі

ІІІ.1.Елбасы өмірбаяны

ІІІ.2. Шет мемлекеттерде біздің елімізде Елбасының бейнесін бағалауы

ІІІ.3. Балалар шығармаларындағы Елбасы бейнесі

ІҮ.Қорытынды

Ү. Қолданылған әдебиеттер






















Тақырыбы: Балалар шығармашылығындағы Елбасы бейнесі

Мақсаты: Балалар шығармашылығындағы Елбасы бейнесін, өмірбаяны мен елімізде елбасының бейнесі , шет мемлекеттерде елбасын құрметтеуі туралы зерттеу

Міндеті: Елбасының өмірбаяны жайлы білу

Еңбек жолымен адам ретінде қарапайым елбасы бейнесін зерттеу;

Балалар шығармашылығындағы Елбасы бейнесі туралы ақпараттар жинап, балалардың ойын анықтау.

Өзектілігі: Балалар шығармашылығындағы Елбасы бейнесін зерттеу

Зерттеу әдістері: Елбасы туралы мәліметтерді жинақтау, балалар шығармаларындағы Елбасы бейнесін зерттеу, сұрақ – жауап, талдау, зерттеу, қорытынды жасау.

Болжам: Егер, балалар шығармашылығындағы Елбасы бейнесі туралы және олардың елбасын қалай суреттегенін, қандай көркем сөздермен бейнелегенін, шет мемлекеттерде елбасын құрметтеуі, еліміздегі ақын жазушылар елбасын қалай бейнелегені жайлы зерттей білсек, елбасының жеке дара қабілетін, өмір жолын басқаларға дәріптейтін боламыз.

Күтілетін нәтиже: Балалар шығармашылығындағы Елбасы бейнесі туралы толық зерттей отырып, еліміздегі ақын жазушылардың елбасын бейнелеуі, шет мемлекеттерде елбасын құрметтеуі, жеке дара қабілетін, өмір жолын, еңбекқорлығын, зеректігін, сезімтал, алгырлығын тереңнен зерттей білсек, басқаларға дәріптеп, болашақта президент болғымыз келетінін айқындап, өз болашағымызда мамандық таңдауымызға жол ашамыз. Елбасының сара жолын жалғар, елінің қамын ойлайтын патриотты азамат боламыз.



І.Кіріспе
Балалар шығармашылығындағы Елбасы бейнесі тақырыбын таңдап алған себебім, Елбасының дара тұлғасы, салған сара жолы, жарқын бейнесі кез – келген қазақ азаматының жүрегінен орын алады. Елбасының өмір жолы мен еңбек жолы, қазақ елінің жарқын болашағы үшін аянбай күресе білген қайсарлығы мен көреген көшбасшылығы, еліміздің еңселі, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, бейбітшілігіміздің берекелі, қазақ елінің мәңгілік ел атану жолында сарп еткен еңбегі мен өмір жолы, қазақ елінің жарқын болашағы үшін аянбай күресе білген қайсарлығы мен салиқалы саясаты, халқына жолдауы «Бола­шаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағ­дарламалық мақаласы бір дем беріп тас­таған еді. Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Ұлан байтақ, жазиралы кең даласы, көгілдір аспанымен астасқан асқар ала таулары, мейірімді қонақжай халқы бар ғажайып өлке. Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан – бүкіл қазақ еліне, шар – тарапқа танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өтіп, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат. Өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян.



















ІІ.Негізгі бөлім

ІІ.1. Балалар әдебиеті

Мен бұл жобаны таңдаған себебім, Елбасының жолдауында 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялаған. Жастар қазақ елінің болашағы. Еліміздің жарқын болашағы мектеп қабырғасындағы оқушы бізден басталады. Еліміздің жарқын болашағы үшін біз не істей аламыз. Сондықтан біздің асқақ арманымызды орындап, шығармаларымызға арқау болған Елбасы бейнесін суреттеу. Біз қалай бейнелейміз. Қазақ әдебиетіндегі шығармалар жайлы ойланып, өз арманымыздағы сүйікті кейіпкерімізді сурет салу арқылы немесе шығармалар жазу арқылы өз ойымыздан хабар береміз. Қазақ әдебиетіндегі тақырыптық ерекшелігімен дараланып тұратын көркем шығармалардың бірі – балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Қазақ балалар әдебиеті балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығарманың қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, жүйелілігімен, сазды әуенімен, өнегелі мазмұнымен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады. Қазақ балалар әдебиеті қазақ әдебиетінің даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, мазмұны мен құрылымы жағынан, үлкен белеске көтерілді. Балалар әдебиеті өзінің негізін ауыз әдебиеті үлгілерінен алады. Қазақ ауыз әдебиетінің «шілдехана», «бесік той», «тұсау кесер», «сүндет той» т.б. үлгілерінен бастау алатын, қазақ ертегілері мен жұмбақтардың, жаңылтпаштардың мазмұнымен ерекшеленеді. «Қазақ балалар әдебиеті басқа да көркем шығармалар тәрізді сан ғасырлық тарихи даму кезеңдерді басынан өткеріп келеді. Балалар әдебиетінің атасы деп А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Ж.Жабаев, І.Жансүгіров, С.Бегалин т.б. сынды ақын-жазушыларымыз бар. Сол жазушылар сияқты болмаса да әр оқушы өзінің ойын суреттермен көркем сөздермен әсірелеп жеткізеді.

ІІ.2. Балалар шығармашылығы

Балалар шығармашылығы әркім өз арманындағы кейіпкерді көркем сөздермен, салған суреттерімен бейнелеп жеткізеді. Мұнда Елбасы бейнесін өз шығармашылығымызда еркін бейнелегіміз келді. Зерттеу жұмысымда ғаламтор желісінен, балаларға арналған айгөлек т.б журналдардан оқып байқағаным, оқушылардың салған суретінен ең бірінші Қазақстанның бас қаласы Астана мен бәйтеректі, ақорданы, мемлекеттік туды, Елбасы бейнесін көреміз. Бұрындары қазақ елі тәуелсіз мемлекет болмай КСРО құрамында болған кездегі оқушылардың суреттерін байқасақ олар төрт түлік малды, киіз үйлер мен қазақтың кең байтақ табиғатын, кең даласын бейнелегенін байқауға болады. Төрт түлік мал мен киіз үй, кең байтақ даламыз біздің ұлттық тарихымыз бен салт – дәстүріміздің ажырамас бір бөлігі. Біздің ата – бабаларымыздың тарту еткен азаттығы мен салт – дәстүрін сақтау біздің борышымыз. Ұлан байтақ даламыз, қазба – байлығымыз, қойнауы дәнге, өрісі малға толы қазақ даласының біз болашақ жастарымыз. Оның себебі не? Біздің шығармашылығымызды шыңдап, өз ойымызды көркем сөздермен әспеттеп жеткізуге арқау болған осы қазақ елінің Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасының сыртқы бейнесі, келбеті, жүріс – тұрысы, сөйлеу мәнері, қарапайымдылығы, халқына дегене мейірімділігін бейнелеп жеткіземіз. Оның ақыл парасаты мен салиқалы саясаты, көреген көшбасшылығы ұнайды. Көптеген балалардың шығармашылығын қарасам көбі елбасын қайталанбас тұлға деп жазған. Мен болашақта президент болғым келеді деп армандарын ашық айтады. Ата –аналары да ырымдап балаларының атын Нұрсұлтан деп қойған. Елбасының есімінің өзі керемет мағынаны береді.






ІІІ. Зерттеу бөлімі

ІІІ.1. Елбасы өмірбаяны

Елбасы 1942 жылы 6 шілде күні «Алматы облысы Шамалған ауданы Үшқоңыр ауылында дүние келген бала Нұрсұлтан бала болып асыр салып ойнап, оқуды да оқып, ата-анасына қолғабыс етіп те үлгеретін. Бала болса да естиярлығын танытып, ағалығын да білдірген. Ата-анасының басынан кешкен тағдыр тауқыметін көзімен көрген Нұрсұлтанның бір ғана арманы болған. Тезірек ер жетіп, жұмыс істеп, бұл қиыншылықтан оларды құтқару.   - Ата-анам көп еңбектенетін. Оларға әркез көмектесетінмін. Ол кезде дастарханда наннан басқа ештеңе болмайтын. Ауыл балалары еңбекке баулып өседі ғой. Осы еңбектенудің арқасында әркез алда болуға тырысатынмын. Бұл дағдыға айналды, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бауыр, қарындастарына қамқорлық таныту – оның бойына біткен қасиет. Бала күннің естелігі бүгінде оған жылылық сыйлайды екен. - Сезімталмын. Бала күнімді еске алсам, жан дүнием тебіреніп кетеді. Әкеміз екеуміз аң аулауға шығатынбыз. Әлі есімде, ол кезде сағат атаулы жоқ болатын. Әжем мені әтештің шақырғанына қарай оятып, сабағыма жөнелтетін. Ол кезде мектеп ауылдан қашық еді. Кейде әтеш түнгі 3-те шақыратын. Сонда, әжем оятса, тұрып сабағыма кететінмін, - дейді. Елбасы болса-дағы бойында сенгіштік қасиет сақталған. Талай мәрте алданып, сатқындықтын куәсі болса да, әлі де адамдарға сенумен келеді. Сенімін жоғалтпаған... – Қарапайым адаммын. Табиғатым сондай. Біреуді жақсы көрсем, онымен дос болам. Қарым қатынасты үзбеймін. Өмірде сатқындыққа көндігу мүмкін емес. Алайда, әрбір сатқынды өзінің ар-ұяты мазалайтыны анық. Оны мен өмірлік тәжірибемнен білем. Бірақ, сонда да адамдарға сенумен келемін, - дейді. Адамзат баласы дүние есігін ашқанда жай адам болып келері хақ. Жүре келе, тағдыр салған әр соқпақтан өтеді, маңдайына жазылғанын көреді. Бірақ, қандай жолда болмасын, ішкі жан дүниесіндегі табиғи мінезділік сақталады. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын Теміртаудан бастап, Қазақстан магниткасында шындалған. «Қанат ұшса қатаяды», - деген осы болар. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды деген – осы. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы оны тек өзінің жетістігі деп есептемейді. «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды. Тәуелсіздік туын құлатпай, ата-бабаның сол тізгінін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлыда мықтап ұстаған. Жаңа ХХІ ғасырға қадам басқан шақта қазақ халқының өнерін жаңғыртып, мәдениетін басқа елдерге таныту игіліктің басы. Елбасының Н.Ә.Назарбаев жыл сайынға Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында»,- деп бізге үлкен сенім білдірді. «Хан біреу болса керек, қалғандары тіреу болса керек», - деген есті сөз бар Сондай текті де дара тұлға – Н.Ә.Назарбаев. Нұрсұлтан Әбішұлының «Тарих толқынында» еңбегі барысында 1999 жылы Мұхтар Құл-Мұхамедке берген сұхбатында: «Мен Елбасы болсам да, қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласына сыйынған елдің бір перзентімін» дейді де Президентіміздің ұлылығы мен көрегенділігін айқын түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің не екенін үйретері сөзсіз. Мен осы ізгілікті жадыма сақтай отырып, ел тәуелсіздігі мен ел Президентін бөлек қарауға болмайтын егіз ұғым екенін түсіндім.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру аясында жолдаған жолдауы, туған елге тағзым, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақ даласынан бастау алған өшкеніміздің жандырып, өткенімізді жаңғырту туралы атап өткен. Елбасының қазақ елінің күннен – күнге өсіп, өркендеуі жолында жасаған еңбектері, көреген көсбасшылығы мен салиқалы саясатының арқасында ұлан байтақ даламыз қойнауы кенге, өрісі малға, даласы дәнге толы байлығымызды өз қажеттілігімізге жаратып, байқуатты мемлекетке айналдық.

ІІІ.2. Шет мемлекеттерде біздің елімізде Елбасының бейнесін бағалауы

Біздің елімізде Елбасының бейнесі қоғамдық ірі тұлға ретінде әр қы­рынан суреттейді. Қазақстанның патриоты, қазақ ұлтының жанашыры ретінде бейнелейді.

Н.Назарбаевтың  нар тұлғасын айшық­таған көркем проза, поэзия, драматургия, кино туындылардың қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Елбасы­мыздың өмірі мен шығармашылық ғұмырынан алып жазылатын көркем шығар­малар көп болары анық. Айтыстағы Елбасы бейнесін, тарихи тұлғаларды жырлаудың дәстүрі қалыптасып, біршама айтылып келеді. Зер салып қарасақ, айтыс ақындарының Елбасы туралы толғаныстары көбіне тәуелсіздік ұғымымен егіз аталып отыратынына көз жеткіземіз. Мысалы:

Армандап тәуелсіздік арда күнді,

Сары алтыннан сайладың балдағыңды.

Хан Кене, жүрегіңмен сүйіп өттің,

Қалың елің, қазағың ардағыңды.

Ұлтымды бодандыққа бермеймін деп,

Абылайлап қоздырдың аруағыңды.

Оң жағыңа ертіп ап қол бастадың,

Ағыбай, Наурызбайдай тарланыңды.

Шен таққан ақ патшаның өкілдерін,

Көрмеуші ең қарқылдаған қарғы құрлы.

Өз бауырың қырғызың тор құрғанда,

Өкініп шайнап едің бармағыңды.

Азаттықты аңсаған, кемеңгерім,

Алыстан болжапсың-ау алдағыңды.

Бүгін, міне, тәуелсіз қазақ болдық,

Тұтас ұлтты бір шаңырақтың астына біріктіріп, шартарапқа танытқан Елбасының бекзат болмысы мен кесек мінезі, азаматтық пайымы өз халқының ғана емес, әлемдік қауымдастық тарапынан да әлдеқашан әділ бағасын алған. Қазақ елінің тарихындағы Тұңғыш Президенттің өмір жолы үлкенге үлгі, кішіге өнеге боларлықтай. Осы жиырма жеті жылда Елбасының тұлғалық, азаматтық қадір-қасиеттері, қырлары өнер мен әдебиет саласындағы шығармашылық иелеріне алтын арқау болды. «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесі болып белгіленді, бұл Елбасыға деген құрмет болса, екіншіден Елбасының қызметін жас ұрпақтың арасында дәстүрлі түрде насихаттаудың бірден-бір жолы деп ұғамыз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне қойылған ескерткіштер.


30 қараша, Талдықорғанда Қазақстан Республикасының Президенті

күніне орай, Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші.

Түркия, Анкара. Бауырлас елдің астанасында, 2010 жылы, «Түркі жұртына сіңірген еңбегі үшін» ашылған, Қазақстан Президентінің ескерткіші қоладан құйылған. Биіктігі – 2,6 метр. Тақта отырған Елбасының ескерткіші биіктігі 2,5 метр гранит постаментке орналастырылыпты. Жалпы кешен 5 метрден асып түседі. Бұл ескерткіш Түркиядағы Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне арналған жалғыз дүние емес. Невшехир мен Кыршехир қалаларында Қазақстан басшысының атымен аталатын көшелер мен құрмет тақтайшалары бар.

Қырғызстан, Чолпон-ата. Ыстық көл жағалауындағы «Шыңғыс Айтматов атындағы Рух-Орда» кешенінде, 2005 жылы ашылған сәулет өнерінің туындысы Нұрсұлтан Әбішұлының жүріп келе жатқан бейнесін елестетеді. Ескерткіш қоладан құйылған, оның екі жағында: барыс пен тұлпардың бейнесі мүсінделіпті. Монументтің тағдырын жергілікті басылым бірнеше рет ауысқан мемлекет басшылығымен байланыстырмақ болып, тіпті, президент Құрманбек Бакиев оны алып тастауы мүмкін деген мәліметтер де тараған еді. Әзірге ескерткіш өз орнында.

Украина, Днепродзержинск. Нұрсұлтан Әбішұлы 1960 жылы аяқтаған Днепродзержинск техникалық училищесінде қойылған мүсін-бюст – аталған оқу орнының жеке мұрағатына тиесілі туынды. Ескерткіш 2005 жылы ашылған. 2011 жылғы Жаңаөзендегі мұнайшылар митингі өткен соң, екі жылдан кейін, Украинада бір топ белсенді университет алдында наразылық акциясын жасап, барельефті алып тастау үшін қол жинаған. Ал училище директоры жауап ретінде бұған келіспей, ескерткіштің ешкімге зиян тигізбейтінін айтып, пікір білдірген болатын. Тіпті, мүсін-бюстке қызыл бояу төккен белгісіз топтың үстінен, бұзақылық бабы бойынша, іс қозғалды.

Молдова, Гагаузия. Молдова мемлекетіндегі Гагаузия автономиясында біздің Президенттің құрметіне қойылған ескерткіш 2012 жылы ашылды. Автономия басшысы Михаил Формузалдың айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы – елін ең қиын кезеңдерден алып шыға білген, білікті басшы. Ал бұл бюсттің жобасымен танымал мәскеулік мүсінші Константин Константинов айналысқан көрінеді.

Астана, «Қазақ елі» монументі. Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орналасқан орталық тұғырнамасы 1 гектар жерді алып жатыр. Ақ мәрмәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Монументтің төрт жағында «Қаһармандық», «Халық және Президент», «Жасампаздық», «Болашақ» атты барельефтер орналастырылған. Аты айтып тұрғандай «Халық және Президент» деп аталатын орталық бетінде Нұрсұлтан Әбішұлының Конституцияның үстіне қолын қойып, ант беріп тұрған сәті мүсінделген.

Алматы, Тұңғыш Президент саябағы. Бұл ескерткіш 2011 жылы Алматының ең көрікті орындарының бірі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында ашылды. Мүсін мәрмәр, қола, граниттен жасалған. Ол қанатын жайған бүркіт бейнесін еске салады. Кешен ортасында Елбасы тұлғасы орналастырылған.

Алматы облысы, Талдықорған. Көзі тірісінде ел Президенті құрметіне қойылған, әзірге соңғы ескерткіш кеше Талдықорғанда ашылды. Атақты мүсіншілер Қазыбек Жарылғапов пен Мирлан Азмағанбетовтың жобасымен жасалған, қоладан құйылған ескерткіштің биіктігі – 4,2 метр. Оның іргетасы, постамент – 4,5 метр. Ескерткіштің ашылуында Алматы облысы әкімі сөз сөйлеп, бұл кешеннің Елбасы еңбегіне деген халықтың шынайы ықыласын көрсететінін айтып өтті.

Нұрсұлтан Әбішұлы құрметіне тұрғызылған ресми ескерткіштерден бөлек, Қазақстанның әр қаласында оның атында саябақ, облыстық мұражайларда арнайы бұрыш, жоғары оқу орындарында мадақтау тақталары бар.

Мәселен, Мына мүсін-бюст Түркістандағы Қазақ-Түрік университетінде тұр.

Ал мына кіші мүсін Астанадағы Ұлттық музейден орын тапқан.

Мүсіншілер Нұрсұлтан Әбішұлының бейнесін оның туған ауылы Үшқоңырдағы мектебінде де дәріптеуге тырысып баққан сияқты. Мына туынды мектептің құрмет бұрышына қойылған.

Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлының бейнесі тек ескерткіш, бюст, тақтайшалардан ғана көрініс тапқан жоқ. Қазақстанмен қоса, әлемнің бірнеше мемлекетінде Елбасы атында көшелер, қорлар, құрмет белгілері бар. Тіпті, 2011 жылы Сәтпаев университеті ғалымдары өзері ашқан жаңа минералдың атын "Нұрназен" қойған екен.

Алматы қаласындағы ұлттық кітапхана сөресіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары. 2012 жылы 4 шілде.

Елбасы 100 деген кітаптың авторы болған. Елімізде елбасы кітаптарына арналған көрмелер, ғылыми – практикалық жиындар, байқаулар көптеген іс – шаралар өтіп тұрады. Елбасы әнде шығарған. Мемлекеттік әнұранның, Үшқоңыр әнінің де авторы Нұрсұлтан Назарбаев.





ІІІ.3. Балалар шығармаларындағы Елбасы бейнесі

Балалар тақырыбына жазылған шығармаларында елбасының президенттік бейнесін ғана бейнелеу болса, мен адами қасиетін, өз отбасындағы мінез – құлқын да зерттегім келді. Сол себепті телеарналарға берген сұхбаттары мен қыздарының берген сұхбаттарын ғаламтор желісінен қарап шықтым. Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева - Оның жүрегі өте нәзік. Сондай арманшыл. Тіпті, ол ән айтқан кезде көзіне жас үйіріледі. Ән айтқанды жақсы көреді. Өте сезімтал. Президент болған соң соған сай жүргенімен, ішкі жан-дүниесі сол қалпы, - дейді қызы Дариға. Ал, оның қызы Әлия әкесінің сырт көзге қатал болып көрінгенімен іштей мүлде басқа күй кешетіндігін айтты: «Сырттай қатал болып көрінетіні жүрегінің жараланғанын білдірткісі келмейтіндігінен. Ал, шын мәнісінде ол сондай сезімтал адам». Иә, оның жаны ән салғанды ұнатады. Әдебиетке деген құштарлық еш басылмаған. Бұл туралы Бекболат Тілеухан: «Жамбыл мен Айкүмістің айтысы бар ғой. Сондай айтыстардың бәрін қашан жаттап жүргенін білмейсің. Бастан-аяқ біледі. Консерваторияда сабақ берген менің өзім жатқа білмеймін. Ол кісінің болмысында дәстүрге деген құрмет, ақындыққа деген бейімділік, әнге деген құштарлық атаның күшімен, ананың сүтімен келген ғой. Әлі есімде, ең алғаш депутаттық қызметке отырғанымда, бір жиында көпшілік арасында тұрған мені көріп «Арғымақ атқа міндім деп, ата жұрттан қалып қойма» деді. Ондағысы домбыраң мен әніңді тастама дегені болатын», - деді. Ол күніне 300-400-дей ақпаратты оқиды. Бәрін біліп отыруы тиіс. Адам болса да ол - Елбасы. Президент ретінде бір жайтты білмей қалу – әбестік. Сол себепті, барлығын көз алдынан өткізіп отыруды әдетке айналдырған. Кешігіп жүру оның жанына қас. Таңертеңгі ең алғашқы ісі – жаттығу. Спорттың барлық түрімен айналысатын Елбасы, шаңғыны ең алғаш рет 55 жасында аяғына таққан екен. – Жастар маған қарап бой түзейді. Ұйқыңның қанбағанын немесе шаршаңқылықты білдірмеу керек. Әр уақытта өзіңді бабында ұстап, сергек жүру керексің. Демалыс қашан болады екен деп асыққан емеспін. Өйткені өзімнің жұмысымды жақсы көрем. Ешуақытта, ешқайда да кешіккен емеспін. Бұл жастайымнан бойыма сіңген, қалыптасқан дағды. Спорттық ойындарда жеңіліп қалсам, көңіл-күйім түсіп кетеді. Жеңілгенді ұнатпаймын. Әркез жеңуге тырысамын, - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол өзге Елбасылар сияқты стилист, костюмердің айтқанына жүгінбейді және оны қажетті деп санамайды. «Киімді өзім таңдаймын. Менің ойымша, ер адамға киім таңдау қиын емес. Президентке сән қуу әдептілікке жатпайды. Оның қажеті де жоқ», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент болған соң, Елбасы маңында болып жатқан қам-қаракетке бойын еріксіз үйреткен. Тіпті ол, алғаш жасаған іс-әрекетін де жасырмады. - Президент болған соң бәрі Конституция бойынша жүзеге асады. Мысалы мен шет елге демалуға бару үшін, ол елдің Президенті білуі тиіс. Мен бір өзім емес, күзетпен бірге жүруім қажет. Өздігімнен қала аралап, кез-келген мейрамханаға бара алмаймын. Алғаш рет күзетілетін тұлғаға айналғанымда үйрене алмадым. Олар сені күзете ме, әлде бақылап жүре ме. Олардың түсінігінде нысан назардан тыс қалмауы керек. Сондағы нысаны менмін. Кейде күзеттен қашып кету сияқты баланың ісін істеген кездерім де болды. Қазір оған үйрендік, - деді күле. Оның ел үшін жасаған істерін халық көріп отыр. Бүгінде ол ел таныған тұлғаға айналды. Президент ретінде қолға алған істері орындалуда. Ал, адам ретінде оның қандай арманы бар екен?! - Анам мені қатты жақсы көретін. Оның маған сыйлаған махаббатының өтемін өтей алмадым. Ол менің жетістігімді көрмеді. Өмірден ерте қайтты. Ауылдың тек бейнетін ғана көрді. Бір күні Мәскеуге аттануым керек болды. Ол кезде ол ауырып жатқан болатын. Кетер алдында менімен бірге көшеге ере шықты. Сонда «Енді көрісе алмайтын шығармыз» деді. «Не айтып тұрсың?! Екі күннен соң ораламын» дедім. Мәскеуге келіп жеткенде анамның қайтыс болғаны туралы хабар келді. Сонда екі күн болса да қасында болуым керек еді деп ойладым. Оның аналық мейірім ерекше болатын. Сезінетінмін. Енді міне, неге қасында көбірек болмады екенмін, неге көбірек ықылас танытпадым деп ойлаймын. Бәлкім, таңданарсыз. Мен оны шыныменде сағындым... – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Жетпістің желкеніне шықса да, әлі күнге дейін анаға деген сағыныш жүрек түкпіріне сақталған. Оның өзегін өртейтін өкініші де осы сияқты - анасының қасында болмауы... Бұл оның орындалмас арманы болып қала бермек... Қазақтың атын мәшһүр әлемге танытып жүрген ұлы тұлғаның қарапайым бейнесі міне, осындай.  























Қорытынды
Қорыта келгенде балалар шығармашылығындағы елбасы бейнесі керемет. Тек балалар шығармашылығында ғана емес қазақ елінің әрбір азаматтары мен шет мемлекеттегі азаматтардыңда елбасына арнаған әндері, мақала, жыр, өлеңдері мен салған суреттері мен мүсіндері, көше атаулары да бар. Демек Елбасы тарихи ұлы тұлға. Шартарапқа аты әйгілі кемеңгер, дана саясаткер, көреген көшбасшы, әдебиетші, әнші, спортшы деп атауғада болады. Жігітке жеті өнерде аз демекші, жеті өнерді жан-жақты меңгерген, сегіз қырлы, бір сырлы адам. Балалар қалай жырламасқа. Елбасын өздерінің шығармаларында арқау етіп, сурет салып, ән, өлең шығармаларды жаза білген. Менде Елбасына арнап өз өлеңімді жаздым. Суретін салдым. Мен арманымдағы кейіпкер, менің үлгі тұтар атам. Қазақ елінің өсіп – өркендеуіне зор үлесін қоса отырып, еліміздегі қазба – байлықты дұрыс пайдалануға, қазіргі заманауи технологияларды қолдануға, білім саласын жаңғыртып дамытуға, әлемдік аренаға шығуға шақырды, өз үлесін қосты, ақылын айтты, жолдауын жолдап, қара халыққа үндеу жариялады. Мен болашағым жарқын, дамыған елде өмір сүрген ортамды дамытып, гүлдендіруге Елбасы сияқты ат салысамын. Елбасына, еліме талай өлең – жырымды, шығармаларым мен суреттерімді арнап жазып, салатын боламын. Менің арманым президент болу, президент болмасамда еліме көмегім тиер, мықты азамат болу.












Пайдаланылған әдебиеттер

1. Менің алғашқы энциклопедиям Алматыкітап баспасы 2013 жыл. Авторы Сужикова А.Ү, Лекерова ФС, Солтанғазина М.Қ. 287 – 290 бет

2.Аякөз жаңалықтары газеті. № 37. 2010 ж.

3.Денсаулық энциклопедиясы. 2007 ж.

4.«Балалар әдебиеті баспасы».
5.«Шаңырақ»энциклопедиясы С.Қасиманов

6.(Манас.Киргизский героический эпос.М, Наука,1990г

7. Алматы: Жалын, 1986,-14-бет).



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
680
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі