400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Балалар текшелермен ойнайды»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды сюжеттік сурет жеке заттарды, кейіпкерлердің әрекеттерін талдау бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Тәрбиешінің сурет бойынша құрастырылған әңгімесін тыңдап, зат есім мен етістіктерді қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыра білу және етістіктерді жекеше және көпше түрде (құраймын, құраймыз, ойнаймын, ойнаймыз) қолдана білу дағдыларын дамыту.Балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: « Балауса»

Тәрбиешінің аты-жөні: Орынбаева Ж.Н

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Мерзімі: 25.09.2017ж

Тақырыбы: «Балалар текшелермен ойнайды»

Мақсаты: Балаларды сюжеттік сурет жеке заттарды, кейіпкерлердің әрекеттерін талдау бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Тәрбиешінің сурет бойынша құрастырылған әңгімесін тыңдап, зат есім мен етістіктерді қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыра білу және етістіктерді жекеше және көпше түрде (құраймын, құраймыз, ойнаймын, ойнаймыз) қолдана білу дағдыларын дамыту.Балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі-құралдар: №4 демонстрациялық материал, ( балалардың ткешелермен ойын суреттері) , №4 үлестірмелі материал (түрлі заттардың суреттері, оларды түсі бойынша қосу).

Сөздік жұмыс: қақпа, мұнара, қорған, текше.

Билингвальды компонент: қақпа-ворота, қоршау-забор, мұнара-башня


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Тәрбиешінің іс –әрекеті


Балалардың іс -әрекеті




Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң,

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?

-Дұрыс айтасыңдар, олай болса бүгінгі ауа-райының белгісін қояйықшы.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірімен амандасады.


-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Жаңбыр жауады, ағаштан жапырақтар түседі,күн салқындайды, құстар жылы жаққа ұшады.

Балалар тәрбиешімен бірге табиғат бұрышындағы ауа-райының белгісін белгілейді.






Ұйымдастыру-шылық -ізденістік

Күтпеген сәт:

Топқа қуыршақ Айгүл келеді, қолында қорабында ойыншықтары бар.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сәлеметсіңбе, қуыршақ Айгүл.

Қуыршақ Айгүл:

-Балалар мен сендерге тапсырмалар мен ойыншықтар алып келдім.

Интерактивті тақтамен жұмыс:

Суретпен жұмыс.

-Балабақша бөлмесінде Олжас пен Азамат текшелерден мұнара құрстырып отыр. (Мұнара,қақпа, қоршау туралы білімдерін бекіту)

Ардақ пен Ажар машиналармен текшелерді тасып жүр.

Айгүл мен Абай кітап оқып отыр.

Билингвальды компонент: қақпа-ворота, қоршау-забор, мұнара-башня

-Суретті айналдыра қойыр тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

- Мына балалар не істеп отыр?

- Ал мына балалар ше?

- Ардақ пен Ажар ше?

Мұнара сөзіндегі «а» дыбысына көңіл бөлу;

Текше сөзіндегі «е» дыбысына көңіл бөлу;

Қоршау сөзіндегі «о» дыбысына көңіл бөлу;

Балаларға қайталату;

Сергіту сәті:

Мына жерде қант бар,

Мына жерде жент бар.

Мына жерде қатық бар,

Мына жерде қытық бар.

Дидактикалық ойын: «Түсі бойынша қос»

Ойын шарты: суреттегі заттарды түсі бойынша сызықпен қосу.



Балалар қуыршақтың келгеніне қуанады.

-Сәлеметсіңбе, қуыршақ Айгүл.

Балалар тапсырмалардың бәрін орындауға келісетіндіктері туралы айтады.

Балалар тақтадан көрген суреттері арқылы сұраққа жауап береді.





Жаңа сөздерді қайталайды.



Балалар тақтадан көрген суреттері арқылы сұраққа жауап береді.

Сөздік дыбыстарды қайталайды.




Сергіту сәтін қимылмен жасайды.



Суреттегі заттарды түсімен ажыратып, бір түспен боялған заттарды сызықпен сызады.

Рефлексиялық - түзетушілік

-Балалар, сендерге бүгін кім келді?

-Сендерге тапсырмалар ұнадыма?

Сұрақ-жауап бойынша оқу іс-әрекетін қорытындылау.

-Бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айгүл келді.

Балалар тәрбиешінің сұрағына толықтай жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

орындайды: мұнара салуды

түсінеді: артикуляциялық жаттығуларды орындау арқылы дауысты дыбыстарды (а, ә, о, ө) қалай айту керектігін

қолданады:әңгімені тыңдап, сол әңгімені мазмұндай білу іскерліктерін.




Тексерілді





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2088
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі