жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балаларды балабақша режиміне бейімдеу.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Кентау қаласы

Балаларды балабақша режиміне бейімдеу.
Тәрбиешілерге кеңес
«Дәуір» бөбекжай-балабақшасының
психологы: Жақсыбай Ж.Н.
2018 жыл
Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенін бастамасы. Мектепке дейінгі шақ бала бойында адамгершіліктің негізін қалайды. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік ,сымбаттылық, сезімдерін қалыптастыру- ата- аналар мен тәрбиешінін міндеті. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан- жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжетті - рольдік, кимыл–қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, топтағы баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын – балаларды оқуға, енбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Адамгершілік тәрбиесі тәрбиенін басқа да салалармен байланысты. Адамның іс-әрекеті мен мінез - құлқынан әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша, адамгершілік парасат тәрбиесі көздеген мұратына жете алмайды. Адамгершілік, адамгершілікке баулу дегеніміз не? Біздің ойымызша, ол-адамдардан үлкен бе , кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым – қатынасын ақылға салып, ар- ұят таразысынан өткізіп, білімімен ұштастырып ең әуелі, ең дұрыс жолын таңдап білуі қажет. Тәрбиеші балалардың орынды іс-әрекеттерің мақұлдай отырып, азды-көпті жіберген кемшіліктерін өздкрі түсініп, түзетуге бағыттай білуге тиіс. Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ұялу, кешірім сұрау сияқты әдеттерді үйрену қажет.
Балабақша жұмысының мазмұны күн тәртібінің барлық сәттерінде балалардың мінезін дұрыс бағытта тәрбиелеуге негізделеді. Егер бала мінезін дамыта отырып тәрбиелемесек, онда қыныр баланың қиқарлығы арта түседі де, төбелеске, дау-дамайға бейім болады. Ол үшін тәрбиеші үнемі өз тәжірибесін молайтып, шеберлігін, біліктілігін арттырып отыруы қажет. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейдә. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештене жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл-балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалап, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Ойын-баланың жансерігі іспеттес. Бала ойнап өседі. Мысалы : рольдерге бөлгенде балаға тиген ұнамсыз роль типінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті-балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету, сонда ғана ойын өз мақсатына жетік, тәрбиелік мәні арта түседі. Айталық, тәрбиешінің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып , өткізуі балалардын бір-бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп, оны құрмет тұту- адамгершілікке бастайтын жол. Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік мінез- құлқын қалыптастырады. Баланың әдепті, көргенді , қайырымды, болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Балалардың мейірбандық қасиеті отбасындағы үлкен адамдар өнегесіне, балабақшадағы тәрбиеші апайынын олармен күнделікті қарым-қатынасымен тәрбие жұмысын ұтымды жүргізгізуіне байланысты қалыптасады.
Сәбидің бала бақшаға үйренуі негізінен, тәрбиешінің бала қажеттіліктерін, қызығушылығын, бейімділіктерін түсінуіне, дер кезінде көңіл -күй қысымын азайтуға, отбасымен күн тәртібін ұйымдастыру әдісіне байланысты.
Балабақшаға баланың бейімделуіне тәрбиеші мына жағдайларға көңіл бөлу керек:
Ата-аналармен сұхбаттасу;
Анкета өткізу;
Баланы сырттан бақылау;
Дамыту ойындары.
Бала туралы мәліметті тәрбиеші баланың балабақшада болған бастапқы кезеңде ата -анамен әңгімелесу және баланы сырттан бақылау барысында жинақтауына болады.
Бастапқы бақылау барысында- ақ тәрбиеші баланың қызығушылығын, мінез -құлқының кейбір ерекшеліктерін, үлкендермен және өзі қатарлас балалармен қарым – қатынасы туралы мәліметтер жинақтауға болады. Негізінен, бейімделу процесінің ағымының ерекшеліктеріне көп назар аудару қажет. Күнделікті бала бақшаға келген әрбір балаға баланы бақылау нәтижелері көрсетілген жеке бейімделу парағы толтырылады. Бейімделу кезеңінің соңында бейімделу парағы педагог – психологқа өткізіледі. Бейімделу парағын толтыру сәбидің бала бақшаға үйрену ерекшеліктерін айқындауға және бейімделу синдромын жетілдіру үшін психологиялық ағарту және түзету іс -шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Әңгімелесу барысында тәрбиешілер ата -аналармен жылы қарым- қатынас орната білуі керек, сәбидің үрейін азайтуға көмектесіп, бейімделу кезеңінің өту барысымен таныстырып отыруы керек.
Жақындармен тығыз қарым -қатынасты қажет ететін баланың жанұясымен жұмыс өте тығыз және ауқымды болу керек. Жоғарыда аталған іс – шаралардың барлығы баланың МДМ -не үйрену ерекшеліктерін есепке ала отырып жүзеге асырылуы керек.
Бейімделу кезінде балада болатын психоэмонациональды қысымның белгілері:
-
Ұйқыға жатқысы келмеу
-
Бұрын көрмеген, іс-әрекеттерден шаршау
-
Себепсіз ренжігіштік, жылағыштық немесе ызақорлану
-
Зейіні тұрақсыз, ұмытшақтық
-
Алаңдаушылық
-
Өзіне сенімсіздік
-
Қырсықтық таныту
-
Ұдайы саусақ сорғыштық
-
Қарым-қатынасқа түсуден қорқу
-
Бұрын байқалмаған, түскі және түнгі ұйқыда зәр шығару
Жоғарыда аталғандардың бәрі баланың психоэмоционалды күйзелісте екенін көрседі, тек алдын осындай белгілер байқалмаған жағдайда ғана.
Балалардың өзі-өзіне сену сезімін қалыптастыру
Бейімделу кезеңінің негізгі міндетінің бірі – қалада өзі-өзіне сену сезімін қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
-
Балаларды бір-бірімен таныстыру, бір-біріне жақындастыру;
-
Тәрбиеші мен баланың танысуы, баламен тәрбиеші арасында сенімділік орнату;
-
Топпен және балабақшамен танысу;
-
Балабақша қызметкерлерімен танысу;
Осының барлығы, яғни айналамен таныстру ойын түрінде жүргізілуі тиіс.
Балаларды бір-біріне жақындастыруға бағытталған ойындар
-
Кел, танысайық!
Балалар тәрбиешімен бірге шеңберде тұрады. Тәрбиеші қолына доп (доп жеңіл, әдемі болуы керек) алады. Бала допты қағып алып, өзінің атын айтып, келесі балаға береді, ойын осылай жалғасады.
-
Көпіршіктер!
Балалар орындықта жартылай шеңбер болып отырады. Тәрбиеші бір баланың жанына барып «Сенің атың кім?» атыңды қатты дауыспен барлығы есітетіндей етіп айтшы деп сұрайды!» Бала өзінің атын айтады. Тәрбиеші баланың атын қайталап, қолынан ұстап, келесі балаға келеді, осылай барлық бала кезекпен бір-бірінің қолдарынан ұстап тәрбиешімен жүреді. Алдымен ойынға құштарланып тұрған балаларға барған жөн. Егер бір бала ойнағысы келмесе қинаудың қажеті жоқ. Олар ойынды бақылап отырып, ойынға қызығып өздері ойынға қосылады.
Балалар үлкен шеңбер болады. Тәрбиеші, «қараңдаршы бізде қандай үлкен көпіршік сияқты шеңбер пайда болды! Қараңдаршы, біз қалай көппіз.- Ал енді кішкентай шеңбер жасаймыз».
Балалар тәрбиешімен тығыз шеңбер жасап, көпіршікті үрлей бастайды.
-
«Кімнің дауысы?»
Балалар жартылай шеңбер жасап отырады, ойын бастауға бір бала шығып, балалардың артында тұрып бір баланың атын атайды, балалар кім екенін табады. Ойын осылай жалғасады.
Балаларды балабақшаға бейімдеу барысында балаларды балабақшада жұмыс жасайтын қызметкерлермен таныстыру мақсатында ойындар жүргізу керек.
Әр баланы таңертеңгі қабылдауда жылы қабақпен қабылдау. Ата-анамен тығыз байланыста болу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген