15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Балаларды дидактикалық ойындар арқылы айналадағы әлеммен таныстыру» БАЯНДАМА
Ғұмар Әсемгүл Нұржанқызы
№ 4 ЖО ж ҚББМО жанындағы
«Балбұлақ» шағын орталығының тәрбиешісі
БҚО, Орал қаласы
Баяндама тақырыбы:
«Балаларды дидактикалық ойындар арқылы айналадағы әлеммен таныстыру»
Тәрбие жұмыстарын қарапайым желімен баланың қалауына орай жеке басының жетіле беруіне, көңіл күйлерінің толғаныстарына сүйеніп жүргізгенде ғана жүзеге асады. Әр ойын жаттығуларды жүргізе білу, балалардың түйсігіне жеткізу, түсіндіре білу тәрбиешінің шығармашылығына байланысты. Балалық шақтың ең әуес нәрсесі-ойын. С.Торайғыров: «Ойын балалар үшін тамақтан да қымбат» - дегендей балалардың қызығушылығын, ой өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру үшін дидактикалық ойындар, дамыту жаттығуларын жүргізудің маңызы зор. Б қандай ойынды алсақ та, мағынасын жақсы түсіндіріп, есте сақтай алуына, тілінің дамуына жағдай туғызады. Бала оқу тәрбие үрдісінде бір нәрсені қабылдайды, не есіне түсіреді, ойлайды, қиялдайды. Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын, олардың зейіні, тапұырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Дидактикалық ойындардың әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, бала белгілі бір мақсатқа бағытталған тапсырмаларды орындауға ұмтылады. Мұндай талап баланың жеке басының белгілі бір мөлшердегі білімі мен тәжірибесін пайдалануды қажет етеді және баланың ойын үрдісіндегі қарапайым еңбек дағдыларын жетілдіреді. Табиғаттың әдемі көріністері бейнеленген дидактикалық ойын түрлері, үлестірмелі құралдар ата-ана, тәрбиешілердің көмегімен жүргізіледі. Мысалы: Жыл мезгілдеріне саяхат, табиғат құбылыстарын ажырат, дәрілік өсімдіктерді тап т.б. дидактикалық ойындар кезінде танысып, бөлме өсімдіктерін, дәрілік өсімдіктерді ажырата алады. Ойын барысында баланың ептілігі, қабылдауы көрініс тауып, бірінің қиялын бірі дамытып, өздігінен ойлауға бейімделіп, сөйлеу қабілетін дамытады. Мысалы: «Ойыншықтар» тақырыбын өткен кезде «Кім қандай ойыншықтарды біледң» деген дидактикалық ойынын ойнаған кезде, «Үй жануарлары» тақырыбын өткен кезде, «Ненің дыбысы?» немесе «Төлдерін ата?» қолданған кезде, суреттер немесе көрнекі құралдарды қолданған кезде естеріне түсіреді және ойларында қалады. Сабақта құрама оқу құралдары дидакиткалық ойындарда қызмет ете алады, функцияларды орындайды. Т қызмет тәсілдерімен меңгеруге, білімнің бекітуіне, балалар заттардың белгілерін меңгереді, топтастыруға, талдап қорытуға, салыстыруға үйренеді. Материалдарға байланысты дидактикалық ойындарды бөліп қарастыруға болады.
1)Заттармен немесе ойыншықтармен дидактикалық ойын. кубиктер, түрлі-түсті доптар, әртүрлі өлөлшемдегі қуыршақтарды пайдаланып және үлкен-кіші ұғымдарына байланысты ойындар ойналады. Мысалы: «Пирамида құрастырамыз» (балалар дөңгелектердің өлшемдеріне байланысты орналастырып және түстерін ажыратып айтады).
2)Үстел-үсті ойыншықтармен дидактикалық ойын. Мысалы: (қуыршақпен) «Қуыршақты тамақтандыпу», «Қуыршақты ұйықтатамыз», «Қуыршақтың киімдерін кигіземіз», «Қуыршақ Катя өлең айтады және билейді», «Қуыршақты бөлмеге орналастырамыз немесе орын әзірлейміз».
3)Сөздік дидактикалық ойын. Сөздік дидактикалық ойындардың мақсаты: ойын арқылы баланың тілін дамыту. Мысалы: «Санамақтар жаттау», «Сергіту жаттығулары» жатады. Дидактикалық ойындардың артықшылығы тәрбиеші өз шеберлігіне байланысты дидактикалық ойындарды сабақта және күнделікті жоспарда баламен жеке жұмыс жүргізген кезде немесе сабақты қорытындылағанда қолданып, балалардың ойынға деген қызығушылығын оятады және өз жұмысын аша түседі. Егер сабақ кезінде әртүрлі дидактикалық ойындарды пайдаланғанда балаларға ойынды өз еріктерімен ұйымдастыруға болады. Оның мынадай шарттары бар. 1)Балаларға ойынды өздеріне таңдату. 2)Ойын кезінде ойын ережесін сақтауын қадағалау. 3)Сабақ соңында ойыншыларды мадақтап отыру керек.
М.д.Ұ, Дидактикалық ойындарды көбірек қолдану балалардың дербес қызметінде қолданылады. Дидактикалық ойын қолдану әдісі арқылы сабақта балалар заттарды меңгереді, топтастырады, талдап қорытуға, салыстыруға, бағдарламалық материалдарды жақсы меңгеруге жұмыстанады немесе үйренеді. Дидактикалық ойындар балалардың білімін кеңейту және мақсатты педагогикалық тәсіл. «Ойын ойнап ән салмай өсер бала болар ма» дегендей, ойынның қай түріне болмасын зер салып,ой жүгіртіп қарар болсақ, одан мәнді де мтағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені алдымен ненің болсын бастамасы жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі, демек біз ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондайақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның , тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады. Ойын көп жоспарды, күрделі педагогикалық процесс болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылады, оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал болып есептеледі. Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады: ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса автодидактикалық ойындар. Мен өз тәжірибемде ойындық сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнауды да үйретемін. Мен бір мезетте оқытушы және ойынның мүшесі ретінде де балаларды ойнатуға талпындырамын, ал балалар ойнай отырып үйренеді, сондайақ ойын өзіндік ойын әрекеті нәтижесінде де қалыптасады. О әрекеті балалардың ойынға деген қызығушылығы артқан кезде ғана іске асады. Балалар ойын ойнағанды ұнатады және өз ынтала беріліп ойнайды. Тапсырмаларымды балалар өз беттерімен орындап және ойынды ұйымдастырып бір-біріне әділ баға беруге үйренеді.
Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда дидактикалық ойын маңызды құрал болып есептеледі.
Мен ойын арқылы білімді меңгеріп және оны бекіту үшін дағды мен әдетті қалыптастырамын. Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлерін өткіземін: 1.Ойыншықпен ойналатын ойындар 2.Үстел үстінде ойналатын ойындар 3.Сөздік ойындар Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеймін, сондайақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түсемін және ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамытуда көмектесемін.
Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құралады: Дидактикалық тапсырмалар, мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы, мұнда басты элемент-дидактикалық тапсырмалар болып табылады, ал қалған элементтер осы тапсырмаларға және олардың орындалуына көмектеседі. Тапсырмалар әртүрлі болады (табиғат, жануарлар, және өсімдіктер әлемі, адамдар, еңбек т.б.) және қарапайым математикалық ұғымдарды бекітуге байланысты. Ойынның үлкен басты рөлі ережелерге сүйенеді, ережелер әр балаланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалардың өзін-өзі ұстауға, өздерінің мінез құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғышын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілдікке үйретеді. Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуіне көмектеседі. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.
Дидактикалық ойындар жоспар бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта өткізіледі. Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке дара ойнауына арналған (мозайка, пирпмида) олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді. Кейбір ойындар 4-6 баламен ойналады, сандық лотолар сан үйрету үшін өте қолайлы қызықты. Ойын өткізгенде мен ойын мақсатын сақтай отырып, балаларды үйретемін. Мен тек ұйымдастырып қана қоймай, ойынға өзім де қатысамын және белгіленген ережені орындауын қатаң түрде талап етемін, бұл баланы талапты орындауға, ережені бұзбауға үйретеді. Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын-ала дайындаламын, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшелігіне сай болуы тиіс.
Мысалы: табу, көрсету, белгілеу ересек балаларда салыстыру басым болады. Мінез құлықты тәрбиелеуде ойынның рөлі маңызды болып есептеледі. Дидактикалық ойында білім беру мен оқыту бір-бірімен тығыз байланыста жүреді. Қорыта айтқанда, ойын-баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал, іс-жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді. Мектепке дейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау жұмысына дайындау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген