Материалдар / Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу және ойнату.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу және ойнату.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу және ойнату" тақырыбындағы мақала мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Абай облысы, Семей қаласы

21 ЖОББМ

Серикова Айгул Сериковна



Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу және ойнату.

Қазақ халқының дәстүрлік танымында адамның балалық шағы - ойын баласы деп аталады. Бұл — заңды кұбылыс. Өйткені баланың өсіп, өркендеуі, дүниені танып білуі ойынмен байланысты. Қай заманда да қай халықтың өмірінде болсын баланың мектепке дейінгі кезеңінде ойынның атқаратын қызметінің мәні орасан зор. Ойын өмір қажетінен туған балалык шақтың ажырамас шарты.

Бала үшін ойын-іс әрекет, еңбекке бастайтын қимыл-қозғалыстың жебеуші шарты болумен қатар дүниені танып білу, түсіну, ұғынудың кілті. Сондықтан ойын туралы ғылыми зерттеу жүргізген ғалымдар да, тәлім-тәрбие ісімен шұғылданушы педагогтер де ересек адамдар үшін жұмыс, қызмет, еңбектің мәні қандай болса, бала үшін ойынның да мәні сондай деген орынды тұжырым жасайды.Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенін бастамасы. Мектепке дейінгі шақ бала бойында адамгершіліктің негізін қалайды. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, сымбаттылық, сезімдерін қалыптастыру- ата- аналар мен тәрбиешінін міндеті. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан- жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше.

Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжетті - рольдік, қимыл–қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, топтағы баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Адамның іс-әрекеті мен мінез - құлқынан әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша, адамгершілік парасат тәрбиесі көздеген мұратына жете алмайды. Ойын – адамның ойлап шығарған ұлы нәрселерінің бірі. Адамның биологиялық, әлеуметтік, рухани, дамуы үшін ойынның маңызы өте зор. Одан айнадай адамзат тарихы көрініс алады.

Алғашқы қоғамның өзінде соғысты, аңшылықты, жер өңдеу жұмыстарын көрсететін ойындар болған. Ойын өнердің әр түрімен байланысты болған. Ежелгі адамдар бала сияқты ойнады, ойынға билер, өлеңдер, драмалық және бейнелеу өнерінің элементтері кіреді. Кейде ойынды сиқырлы әрекет деп таныды. Сөйтіп, адамның ойыны өндіргіш еңбек әректінен бөлініп, адамдар арасындағы қатынастарды жаңғырту болып табылады.

Сөйтіп ересектердің ойыны, болашақ эстетикалық, бейнелеу әрекетінің негізі ретінде ойын пайда болады.Ойын аяқ асты пайда болмайды, ол тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады. Бала дамуының күшті стимулы бола тұра, ойынның өзі ересектердің ықпалымен қалыптасады. Баланың заттық әлеммен әрекеттесуі үрдісінде, ересектердің қатысуымен, дамуының белгілі бір кезеңінде нағыз балалық ойын пайда болады.Балалардың дамуын зерттеген кезде, әрекеттің басқа түрлеріне қарағанда, ойын барысында барлық психикалық процестер анағұрлым нәтижелі дамиды.

Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі артып, игерген білім — машықтары негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, шығармашылык белсенділік, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі. Ойын -балалардың окуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Ойын-баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі.

Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс-тіршілігіне, айналысатын кәсіп — шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жок, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рольдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рол тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті-балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын камтамасыз ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі.

Айталык, тәрбиешінің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып өткізуі балалардың бір-бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп, оны құрмет тұтудың өзі адамгершілікке бастайтын жол. Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады

Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жок, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп, бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберсем, бәрін де өзің істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Үлкен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана-сезімі мен іс-тәжірибеснің молдығында ғана.Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын ескеруіміз керек: 

  1. ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс; 

  2. ойынның басталуы мен ойналу барысы; 

  3. ойынның аяқталуы. 

Балаларды ойын ойнатудың негізгі мақсаты : 

балалардың денсаулығын нығайту; 

  • денені шынықтыру; 

  • мәдениетін қалыптастыру; 

  • өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру. 

Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері: 

  • қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру; 

  • қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру; 

  • денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту; 

  • қызығушылығын қалыптастырып дамыту; 

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

- Ойынның мақсатын нақты анықтап керекті көрнекіліктер мен материалдарды алдын-ала дайындап, оңтайлы жерге қою.

- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін балаларға әбден түсіндіру.

- Ойынға балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.

- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет. 

Оқу тәрбие процесіндегі ойындардың жалпы ерекшіліктері:

 1. Ойын балаларының қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, елестету, ес, ықыласын, тілін) белсендіреді.

 2. Ойын ерікті түрде құрылады.

 3. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды.

 4. Ойын барысында балалар қанағаттанарлық, қуаныш алады.

 5. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі.

Тәжірибеде анғарғанымыздай, ойын балалар үшін қызықты әрі олардың көніл-күйін жаулап алады. Оқыту мен тәрбиелеге бағытталып ұымдастырылатын ойындар балаларға таныс ортаға бейімдеу мақсатында жүргізіледі, баланын танымдық қызметін жандандыратын дидактикалық материалдаодын болуымен еркешеленеді. Ендеше, жана технологиялар мен тәсілдерді қолдану негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу – басты мұратымыз. Бала тәрбиесінің бағбаны атанған ұстаздар қауымының тынымсыз енбегі шығармашылық жетістіктерге толы болсын.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!