400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Балаларды ойыншық жинауға қалай үйретуге болады?» ата-аналарға кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақ бота» бөбекжай - бақшасы» МКҚК






















Кеңес

«Балаларды ойыншық жинауға қалай

үйретуге болады?»










































Петропавл қ

Балаларды ойыншық жинауға қалай үйретуге болады?

Әрине, дайын тағам жоқ. Тек тағамның рецептілері ғана бар. Сондықтан баланы ойыншық жинатуға үйретудің тек әдістерін ғана баянда
ймыз. Бұл әрекетті үнемі, кезең-кезеңімен жасау арқылы балаңызды әдеттендірсеңіз ғана еңбегіңіз жемісті болады. Біріншіден, ойыншықтарды шашып тастағаны әрі оны жинамағаны үшін дауыс көтеріп, ұрыс көрсетпеңіз. Балаға агрессия жасалған сайын табиғи инстинктісі кері әсер беріп, өзіңізге агрессия танытатын қырсық бола бастайды.

Балалар қашанда айналасындағы адамдардың іс-әрекетіне, амал-әрекетіне мән береді. Сондықтан ойыншықты жинауды баламен бірге бастаңыз. Көбінде ата-аналар ойыншықты өзі жинайды да, осылай жинау керек деген тәрізді нұсқау береді. Алайда бұл жай ғана нәтиже ғой, қалай жинау керектігі жайында ақпарат, мағлұмат беріп отырған жоқсыз. Салдардың дұрыс еместігі жайында айту балаға ешқандай да ақпарат бермейді. Керсінше, осылай жасау керек деп бағыттауыңыз – нағыз мағлұмат. Алғаш болып өзіңіз жинай отырып, балаға да ойыншық жинатыңыз, яғни баламен бірге жинаңыз. Басында бала тек 1-2 ойыншықты ғана жинауы мүмкін, ал қалғанын өзіңіз жиыстырыңыз. Кейінгі уақыттарда бала одан да көп ойыншықты жинауға ұмтылдыру қажет. Мұндай уақытта сіз тек 1-2 ойыншықпен тоқтаңыз, қалғанын бала реттесін. Бұл жұмысты баламен үнемі атқару қажет. Есіңізге түсіп кеткенде не жинау керек болғанда ғана әрекет етпей, баланың да, өзіңіздің де әдетіңізге айналдырыңыз. Үнемі, кезең-кезеңімен жасалған жұмыс нәтижесіз болмақ емес. Ойыншықтарды жинауды ойын формасында өткізсеңіз болады. Яғни, жарыс түрінде өткізгеніңіз құба-құп. «Кім көп жинайды?» немесе «кім тез жинайды» тәрізді шарт қойыңыз. Ойын процесі балаларға қашанда стимул. Немесе балаларға ойыншықтың да ұйықтауы, өз орнына жатуы, тұруы керектігі жайында ұқтырып, қуыршақтарды қорапта ұйықтайды деп, ал мәшинелер гаражда тұрады деп ескертсеңіз болады. Сонда да бала ойыншық жинауға көнбесе, жиналмаған ойыншықтарды жеп қоятын «құбыжық қорап» ойлап табыңыз. Ал жиналмаған ойыншықтарды сонда тастаңыз. Олар тек аптасына бір реті қана беріледі деп ескертіңіз. Бала айтқандарыңызды орындаса, міндетті түрде мақтаңыз, жылы сөздер айтыңыз. Баланың құштарлығы артады. Кеңестеріміз мінсіз емес, әрине. Бірақ орындап көруге болады. Бала тәрбиесі оңай формула ғой дейсіз бе?! Үнемі жұмыс жүргізумен болу керек. Ата-анаға сол себепті бірінші кезекте шыдамдылық пен сабырлық қажет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
873
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі