Материалдар / Балаларды оқыту мен дамытудың замануи тәсілдері. конференция
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балаларды оқыту мен дамытудың замануи тәсілдері. конференция

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасындағы балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.Бала – ол біздің болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды бастауыш сыныптан бастауымыз керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2021
325
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балаларды оқыту мен дамытудың замануи тәсілдері.





«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас

ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың

тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә. Назарбаев



  Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

Мектеп жасындағы балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.Бала – ол біздің болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды бастауыш сыныптан бастауымыз керек. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Мен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің музыка пәнінің оқытушысымын – ЖОБ (Жаңартылған оқу бағдарламасын)– ға сай жаңа замануи технологияларды өз іс – тәжірбиемде барынша жүйелі пайдаланудамын.

Заманауи технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Әрине, ол үшін бастауыш білім беру білім беру сыныптарында балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығынада байланысты.

Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың, яғни быздің міндетіміз . Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде бастауыш білім беру сыныптарында білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі. Осыған орай бастауыш сынып тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.

Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады.

Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Бастауыш сыныпта қолдануға тиімді технологиялар:

  1. Денсаулық сақтау технологиясы.

  2. Дамыта оқыту технологиясы.

  3. Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ).

  4. Ойын технологиясы.



  1. ТРИЗ технологиясы.

Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты:

Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Балалардың денсаулығын нығайту барысында біздің бастаыш сыныпта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Балалар күнделікті жаттығу бөлмесінде таңғы жаттығулар жасайды.

Дамыта оқыту технологиясы – баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б. қасиеттерді дамыту.

Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды-есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды. Қазіргі заман талабына сай енгізіліп жатқан жаңа бағдарламалар, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы балаға тәрбие мен алғашқы білім беру негізі – алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен басталады. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар педагогтардың біліктілігін көтеруге, олардың оқу үрдісін жүйелі, қызықты етіп өткізуге, балалардың ойлау, есте сақтау, тыңдау қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізіп отыр.

Мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.

Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

ТРИЗ технологиясы.

ТРИЗ-дің мақсаты – тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін-өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.


Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, бастауыш сыныптағылардағы оқушыларды ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, ұстаздың алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап, түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт-бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!