400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Балаларды қорғау күні, Мерекелік іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған мерекелік іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК «Балерке» балабақшасы



















Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс - шара

"Ертегілер әлеміне саяхат"























Балалардықорғаукүнінеарналғанмерекелікіс - шара

"Ертегілер әлеміне саяхат"



Мақсаты:Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, ертегі кейіпкерлері, түрлі - түсті шарлар,
Слайд «Бала деген бір бақыт»
Өтілу барысы: Әдеби – музыкалық монтаж
1-жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!

2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата - аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпанда, ғарышкерде, ғалымда,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

1-жүргізуші:«1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні»

-Балаларды қорғау дегеніміз-әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.

Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!

Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!

Бүгін біз сендермен ертеілер әлеміне қонаққа бармыз. Балалар қарандаршы сиқырлы періште қонаққа келіпті.

Сиқырлы періште: Сәлеметсіздерме балалар!

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырып ойнағым келіп тұр. Шешуін тапсандар ертегілер әлемінің кейіпкерлері сендерге қонаққа келеді.



2-жүргізуші: Бүгін сіздер мен біздің «Балаларды қорғау күніне арналған» үлкен көңілді мейрамымыз. Біз ойын ойнамыз, өлең айтамыз, би билейміз және бізге тамаша қонақтар келіп қатысады.


2-жүргізүші: Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін

Көк аспанда күн күлсін

Жерге ұдайы нұр құйсын!


2-жүргізүші:Балалар, бізге қонақ келе жатқан сияқты. Бұл кім екен?

Балалар: Күн
Күн:Сәлеметсіздерме балалар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

Балалар, сіздерге арайлы күн, ашық аспан тілеймін!


1-жүргізүші:Ал, балалар барлығымыз бірігіп «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайық.

Ән «Әрқашан күн сөнбесін»


Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріне берейік.

Би: Балапандар биі

Әдеби монтаж


1. Арайлап таң атты,

Қайырлы таң, балалар!

Алтын шапақ таратты,

Қайырлы таң, балалар!

Әлемде нұр – тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық!

Қайырлы таң, балалар!


2.Жарқырады қаламыз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайрлы таң, балалар!

Аман Отан панамыз,

Аман ата-анамыз,

Қайырлы таң, балалар!


4.Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.


5. Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын


6.Көжегім тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.


7.Алма сыйлап бөбекке
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Көрінеді маңдайдан.


8.Балалар бақшасында бүгін той!

Балаларды қорғау күні біліп қой


9. Біз өнерлі баламыз

Би де билей аламыз

Өлең де айта аламыз

Біз өнерпаз баламыз


2-жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де!

Сайқымазақ улап-шулап жүгіріп шығады.


Сайқымазақ

Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Маған неге айтпадыңдар, а? Менсіз ешқандай мереке болмайды?

1-жүргізуші: Тоқта, тоқта, сен кімсің өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десең, онда тәртіп сақта.

Балалар, сайқымазақты қалдырамыз ба?

Балалар: Қалдырамыз.


1 сайқымазақ: Балалар, мен сендерге жол бойы гүл теріп келдік. Бірақ бұл қарапайым гүл емес, өзгеше гүл. Әр гүлде жұмбақ жасырылған, қазір мен оларды сендерге жасырамын


Жұмбақтар:


Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп. (Күн)


Ішін желмен толтырдым,

Қуалап жүріп болдырдым. (Доп)


Қанаты жоқ – ұшады,

Аяғы жоқ - қашады. (Жел)


Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (Аю)


Отқа жанбайды,

Суға батпайды (Мұз)


Ағайынды бәрі.

Шықса жасыл,

Түссе сары. (Жапырақ)


Киелі бір жануар,

Үстінде екі тауы бар (Түйе)


Қардай аппақ

Балдай тәтті-ақ (Қант)



1-жүргізуші:Балалар, сайықмазақ бізге гүл сыйлады, енді біз оларға ән сыйлайық.

2-жүргізуші: «Жұлдыз» тобын «Балапан» әнімен ортаға шақырайық


Ән «Балапан»


Күн: балалар, менде құрқол келдген жоқпын. Сендерге арнап ойын әкелдім. Ойнаймыз ба?


Ойын: «Күн мен түн»

2-жүргізуші:Ал енді ортаға кішкентай бүлдіршіндерімізді шақырып, дайындаған билерін тамашалайық.


« Қыздар мен ұлдар биі »


сайқымазақ: Қымбатты балдырғандар, барлығыңызды көңілді ойын ойнауға шақырамыз. Ойын жылдамдыққа арналған. (Сахна төріне ойын ойнауға құлшынып тұрған 10 бала шақырылады.)

Балалар, ойнымыздың аты «Батпақ» деп аталады. Ойынның шартымен таныстырайын. Екі топқа бөлініп тұрамыз. Мына алаңды батпақ басып жатыр деп есептейік. Сендер берілген жерге дейін баптақтан мына қағаздарды басып қана өте аласыздар. Түсінікті ме, балалар. Қағазды қолыңа аласың, аяғыңның астына қоясың. Солай берілген жерге дейін жетіп, қағаздарды қолыңа алып, жүгіріп келіп өз тобыңның келесі ойыншысына беруің керек. Ойын осылай жалғаса береді. Қай топ бірінші келсе, сол топ жеңіске жетеді. Ал, ойынды бастайық.


1-жүргізуші: Қазақстан, сенсің менің сайран бағым

Кетпестей кіндігімнен байланғанмын

Табысың, тамашаң да толып жатыр,

Баяндап тауысайын қайдан бәрін. «Айшуақ тобының» орындауында «» әнін қабыл алыңыздар.


2-жүргізүші:

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады

Қиындықты жеңіп біз

"Құшағы гүлге толады"- деп

«Жұлдыз» тобының балаларын «Гүлдер биімен» қарсы алыңыздар!


Би «Гүлдер биі»


1-жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Балалар, ата-аналарың сендерге сыйлық дайындап келіпті. Қабыл алыңдар.



2-жүргізүші: Ұзақ болсын ғұмырың,

Биік болсын тұғырың!

Ақиықтай қыран бол,

Абылайдай ұран бол!



1-жүргізуші: Осымен «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
736
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі