400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балаларды қорғау күніне байланысты мерекелік шара-"Бақытты балалық шақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
1- Маусым - Халықаралық балалар күні Тақырыбы: «Бақытты балалық» Жүргізуші: Бақшаға біз гүл ексек, Балдырғаным, сен үшін, Бақытыңды жыр етсек, Балдырғаным, сен үшін Жігіт болар,күні ертең Балдырғаным, гүл еркем Бақытты бол,өсе бер, Құтты болсын мерекең! Құрметті, көрермендер және бүлдіршіндер! Бүгінгі 1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық » атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер. Жүргізуші: Арманы бір, үні бір Аға ардақты, іні гүл Бақыт туын көтерген Балалардың күні бұл Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?» «1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен)
Материалдың қысқаша нұсқасы

1- Маусым - Халықаралық балалар күні

Тақырыбы: «Бақытты балалық»

Жүргізуші:

Бақшаға біз гүл ексек,  
Балдырғаным, сен үшін,  
Бақытыңды жыр етсек,  
Балдырғаным, сен үшін  
Жігіт болар,күні ертең  
Балдырғаным, гүл еркем  
Бақытты бол,өсе бер,  
Құтты болсын мерекең!  
Құрметті, көрермендер және бүлдіршіндер!  
Бүгінгі 1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық » атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер. 
Жүргізуші:
Арманы бір, үні бір  
Аға ардақты, іні гүл  
Бақыт туын көтерген  
Балалардың күні бұл  

Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?»  
«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен)  
- Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.  
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен
деймін.
«Б
ақытты балалық !» атты ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін ауыл әкімшілігінен келген қонақтарға және балабақша директорына сөз кезегін береміз.  

Қабыл алшы өнерлерін баланың,  
Тілектері орындалсын ананың.  
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,  
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.  
Біз өнерсіз баламыз ба?!  
Көрсін аға
- апалар   

Риза болсын балалар  деп, - Асқар Гүлсезімнің орындауында « Мен қазақтың қызымын»   әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:

Жан иірімі біле білсең би деген  
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген  
Қазағымның би өнерін паш етіп  
Алдымызда аруымыз билеген  -деп балабақша бүлдіршіндерінің «Бұның бәрі керемет »биімен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Құшағымыз қызыл гүл  
Гүлмен келсін келер күн  
Балалардың күлкісі  
Көркі сәні әлемнің  -деп Қылышбай Сабинаның орындауында «Балабақша»  

әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Өнерлі өрге жүзер талаптанып,  
Қыран биік самғайды қанат қағып.  
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу  
Жүрген соң адам деген атақты алып  -дей келе «Қарлығаш» тобының «Конфет» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын  
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың  
Қадамдарың сәтті болсын, балалар  
Тілектерің қабыл болсын ағайын- деп осымен «Бақытты балалық» атты ертеңгілігімізді аяқталды. Қош сау болыңыздар!

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
927
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі