"Балаларды заттардың сенсорлық қасиеттеріне зейіндерін аударуға үйрету"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балаларды заттардың сенсорлық қасиеттеріне зейіндерін аударуға үйрету"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сенсорлық тәрбие

Заттардың ерекше қасиеті ретінде түсті,көлемді,пішінді атап көрсете білуге тәрбиелеу,осы қасиеттерді,сапаларды меңгерту.

Балаларды заттардың сенсорлық қасиеттеріне зейіндерін аударуға үйрету,біркелкі нысаналардың көлемі,пішіні,түсі бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаудың жолдарын қалыптастыру.

Балалардың өздеріне таныс нысаналардың ерекшеліктерін, заттардың белгілерін өз еріктерімен қолдануларын бекіту.

Зат құралдарымен әрекет жасауларын,ұсақ қол моторикасын дамыту.

Бір-біріне мүлде ұқсамайтын формалары: шарды, кубикті, кірпішті біріне-бірі қарама-қарсы көлемді үлкен мен кішіні негізгі екі-үш түрлі түсті ажыратып,үлкен адамның айтуы бойынша аталған түстің бірін таңдай білуді үйрету керек. Қоршаған ортадағы түрлі пішіндерді атау.

Заттармен әрекет жасап отырған баланың бірінен-бірі мүлде өзгеше көлемдерді ғана емес,сонымен бірге аралық көлемдерді де ажырата білуін қалыптастыру керек: 5 сақинадан, содан кейін бірте- бірте кішірейіп отыратын 5-6сақинадан мұнара жасауды үйрету керек .

Заттарды көлеміне қарай ажыратып үлкен және кішкентай деген сөздерді дұрыс айта алатын кішірек (кубик ,сақина тағы басқалары),ең кішкентай және ең үлкен деген сөздерді түсіндіру, балалар заттардың көлемін түріне қарамастан ажырата білетін, қуыршақтың сақиналардың да тағы басқаларының да үлкен бола алатынын түсінетін, сондай-ақ заттардың көлемі мен бояуына қарамастан түрін анықтайтын болады, шардың үлкен де , кіші де, қызыл да, көк те болатынын білу.Заттар жайындағы жалпы ұғымды қалыптастыру.Балаларды негізгі 8 түсті ажырата білуге,үлкен адамның айтуымен бір түсті біркелкі бірнеше затты іріктей білуге үйрету.Түрлі салмақ,көлем,заттардың ішкі және сыртқы сипаттамаларды түсіне білу мүмкіндігін беру.Ұсынылған үлгі бойынша жекеленген заттардан бір топ құрауға,бір топтан жеке затты бөліп алуға үйрету,көп және бір сандарын ажырата білу.Бөлмеде қай заттардың көп жәнебіреу екенін табу. Балаға айналадағы заттар, олардың қолданылуы жайлы әңгімелеу , заттардың қасиеттерінің ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы алғашқы түсінік беру. Заттардың қасиеттерін ұқсастыру және салыстыруға көмектесу.



Балаларды негізгі 8 түсті(қызыл, қызыл сары, сары, жасыл,көк күлгін, қара,ақ), 5 пішін(дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш, сопақша),түрлі көлем(үлкен,кіші) бойынша заттарды топтастыруға үйрету.Сенсорлық қасиетті анықтауға арналған тапсырмалар ұсыну: саңырауқұлақ түсі мен үстелдің түсін; 5 геометриялық пішінді ұяларға сәйкестендіру. Қасиеттері жағынан ұқсас және әр түрлі заттарды салыстыру. Екі түрлі заттан белгілі бір қасиеті бойынша заттарды таңдауды жүзеге асыруды үйрету.Заттың 3-4 қасиетіне бір мезгілде бағдарлану арқылы алдымен бір түсті, кейіннен әр түсті 4-5 және оданда көп сақиналардан тұратын пирамидаларды өлшемі жағынан кему ретімен орналастырып жинау әрекеттерін мадақтау; 3-4 бір түсті біртіндеп кішірейетін алмалы – салмалы бөлшектерден(куб,конус,цилиндр) тұратын мұнара құрастыру. 5 және біртіндеп саны азаятын бөлшектерден түрлі-түсті (қызыл, жасыл, көк, сары, қызғылт сары, күлгін және т.б) пирамида құрастыру, заттың көлемін, түсі мен пішінін білдіретін сөздерді түсінуді бекіту.

Сенсорлық белгілері бойынша біркелкі заттарды, негізгі түсті заттарды топтастыруды, 2 түрлі заттан белгілі бір қасиеті бар затты таңдауды, 5 және саны біртіндеп азаятын бөлшектерден түрлі-түсті мұнара құрастыруды үйрету.

Екі қасиеті кезектесіп отыратын (түсі мен пішіні,пішіні мен көлемі,көлемі мен түсі және т.б) ұстаным бойынша мұнара жинауды, алмалы-салмалы 4-5 геометриялық пішіндерден тұратын түрі мен түсі әр түрлі мұнараларды құрастыруды, 4-5 сенсорлық қасиеті бар заттарды таңдауды, түсі, түрі, көлемі бойынша сәйкестендіруді, іс-әрекеттердің әр түрінде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескере білуі тиіс.

Белгілі бір жағдайларда балаға іс-əрекетті көрсету, түсіндіру жəне ол іс-əрекетпен айналыстыру. Балаға айналадағы заттар, олардың қолданылуы жайлы əңгімелеу, заттардың қасиеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайлы алғашқы түсініктер беру. Қолданылуы ұқсас заттардың түрлі пішінде, түрлі материалдан жасалатындығы,түрлі қасиеті болатындығы жайлы түсінікпен қамтамасыз ету. Түрлі салмақ, көлем, заттардың ішкі жəне сыртқы сипаттамаларды түйсіне білу мүмкіндігін беру. Заттардың қасиеттерін ұқсаттыру, суреттеу жəне салыстыруға көмектесу.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
712
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі