"Балалардың - бал мекені "атты қоштасуға арналған мерекелік сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балалардың - бал мекені "атты қоштасуға арналған мерекелік сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйымдарға арналған мерекелік іс шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы


БАЛАБАҚШАМЕН ҚОШТАСУ КЕШІНЕ АРНАЛҒАН

ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ

Тақырыбы : Балалардың бал мекені


Мақсаты : Балалардың білімдерін өлең , тақпақ, мақал -мәтелдер арқылы жетілдіру, мерекелік көңіл күй сыйлау. Патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Музыка залы әдемі безендірілген , жеңіл музыка әуені ойнап тұрады.

Жүргізуші : Құрметті ата аналар , әріптестер , қонақтар!

Бүгінгі балабақшамыздың түлектері өмірге араласпақшы.

Бұлар көк байрағын желбіретіп, әнұранын асқақтатын, еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұлар ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын біздің болашағымыз. Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір тұрған бүлдіршіннің жүрегінде қалары сөзсіз.

Өмір берер ертеңгі бағаларың,

Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.

Халқыма ұрпақ берген,өмір берген.

Қош келдің,әкелерім, аналарым!

Жас жүректің өмірлік құштары-гүл.

Бағбан тәрбиеші баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр!

Олай болса түлектерді ортаға шақырайық.

Зеректікпен көш басынан көрінген,

Тобымыздың табылатын төрінен - Алуа

Елім ,жерім дегенде,

Күш қайраты тасысын – Эльдар

Ақылына көркі сай,

Біліміне өзі сай бақшамыздың алғыры - Шұғыла

Бөбек еді, кіп –кішкентай кешегі,

Алдиярың бүгін міне , есейді - Алдияр

Еркелігі басымдау ,

Милана қыз бар бізде -Милана

Шақырайық ортаға ,

Қуат атты баланы - Қуат .

Асқан білімді болатын,

Жақсы мақтау алатын бақшамыздың білімпазы - Әлішер

Отбасының берекесі,

Ата - анасының еркесі – Аружан

Әдемі ән айтатын,

Көңілді боп үйге қайтатын тобымыздың көңілді бүлдіршіні - Аяжан

Қазақ тілін меңгерген ,

Сабыржан біздің ақылды - Сабыржан

Алтыннан ардақты ,

Күмістен салмақты тобымыздың еркесі - Адия

Таудай биік талабы,

Жақсы көреді достары – Мансұр

Бойына жиған өнерді ,

Әнші, биші, өнерлі қызымыз – Жібек

Үйренді ол өнерді,

Меңгерді тілді де .

Сәттілік тілеп ,

Шақырайық Санжарды.- Санжар

Бұлақтай тасыған өнері ,

Еркеназ бидің шебері – Еркеназ .

Ақылымен іс тындырар,

Ақылжан біздің нар жігіт - Ақылжан

Аспандағы жұлдыздай ,

Жағадағы құндыздай ерке қызымыз - Айжан

Елім ,жерім дегенде,

Күш қайраты тасысын,

Рамазан шығып ортаға,

Әлемге аты танылсын.-- Рамазан

Болашағына нұр жаудырып,

Жақсы ісімен мақтаймыз.

Амираның орны ерекше,

Сәттілік деп айтамыз .- Амира

Таудай биік талабы,

Жақсы оқушы болады.

Шақырайық ортаға ,

Асанәлі деген баланы – Асанәлі

Болашағына нұр жаудырып ,

Жақсы ісімен мақтаймыз.

Әселдің орны ерекше .- Әсел

Алдында көп асулар,

Биік қой оның арманы - Жантөре

Басылмасын, шаршамасын сірә бір,

Сырын терең ұға біл.... - Алихан

Болашағы зор оның,

Таудай биік талабы.

Жақсы көреді достары, - Айзере

Кіп кішкентай болса да,

Ақерке қылығымен қуандырған - Ақерке

Кешегі біздің Кәусар мен Гаухар ,

Айналды бір инабатты қыздарға .

Құтты болсын қадамдарың , деп айтамыз . Гаухар - Кәусар

Өсті міне , Айша да,

Өсті ақыл, ойы да - Айша .

Шат күлкісі балдай,

Инжу біздің қандай - Инжу.

Биязы бізде қыздар бар ,

Инабатты ізетті.

Бәріміз оны мақтаймыз,

Айару мен Айзерені ,

Жүргізуші : Қарашы , бүгінгі күн қандай,

Қалайша қаласың нұрланбай.

Вальс билесе түлектер,

Жер шары айналып тұрғандай.

Би : Қоштасу вальсі

Дана : Той дегенде жыр дейміз, өлең дейміз.

Бастайды деп кім тойды елеңдейміз.

Бақшамызда той думан бола берсін.

Той бастаудан өзімізде бөгелмейміз.

ӘН : Тәрбиеші

Балабаққа келгенімде,

Тәрбиешім қарсы алдың

Енді міне қоштасарда,

Қимастықпен ән салдым.

Тәрбиеші, тәрбиеші,

Жай көрінер айтқанға.

Бағбаным ау балапаның,

Сенсіз қанат қаққан ба?

Тыңдап айтқан ақылыңды,

Жаттап өстік сөзіңді.

Мейлі жылжып күндер өтсін,

Ұмытпаймыз өзіңді.

Талабымды талпындырып,

Тура жолға салдың да.

Жанарыңа жас тұндырып,

Қимай сенде қалдың ба!

Жүргізуші : Балалар ! Болашақта сендерді мектепте қарсы алатын мұғалім апайды қошеметпен шақырайық!

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме ! Құрметті қонақтар! Ата –аналар , әріптестер!

Қуанышқа кенелген ,

Жадырайды жүздерің.

Аттанбақшы мектепке,

Баптап өскен гүлдерің.

Армысыңдар балғындар,

Мектеп ана күтуде.

Гүлдей жайнап барыңдар!

Жүргізуші ; сәлеметсіз бе ! мұғалім апай !

Мұғалім : Мен сендердің мерекелеріңе келіп қалыппын.

Сендерде қандай мереке?

Хормен : «Балабақшамен қоштасу мерекесі.»

Көңілді музыкамен Жалқаубек келеді.

Мұғалім : Жалқаубек сен мұнда не істеп жүрсің? Сабақ қайда?

Жалқаубек ; апайдың берген тапсырмасы қиын сабақ оқығым келмейді, есеп шығара алмаймын.

Мұғалім : Олай болса, сендер мектепке барасыңдар ғой, кәне мен сендердің білімдеріңді тексеріп жіберейін.

Амира : Кім ойлап тапқан?

Ана деген сөзді де,

Аға деген сөзді де.

Әке деген сөзді де .

Тәте деген сөзді де .

Ата деген сөзді де

Апа деген сөзді де

Ойлап тапқан балалар!

Жібек : Ана тілім –ұраным ,

Ана тілім -құралым.

Ана тілім - болмаса,

Болмас еді жыр ,әнім.

Ана тілім – елдігім,

Ана тілім –ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

Амира :

Ана тілім -ырысым,

Ана тілім – қылышым.

Ана тілсіз тарылар,

Кең дүниеден тынысым.

Ана сүтін ақтаңдар,

Ана тілін сақтаңдар.

Ана тілмен безеніп,

Ата берсін ақ таңдар.

Мансұр : ана тілін ардақтап,

Сурет салып ,ән жаттап.

Оқып , жазып, үйрендік,

Сүйген өз қыз, өз ұлың.

Бөбегім деп аянбай,

Балабақшам өз үйім,

Апай болды анамдай.

Еркеназ : Біздер алты жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырады,

Қош бол , балабақшамыз.

Бақша біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан,

Оқып білім аламыз.

Әлішер : Бұлттар көкке аунайды,

Көңілімді ән баурайды,

Домбырадан төгіліп,

Шежіре күй толғайды.

Аққу қаздар қаңқылда,

Әсем әнге салады,

Биік таулар ән тыңдап,

Құлақ түре қалады.

Тамаша ғой ән деген,

Жүректі баурап алады.

Жалқаубек : менің есебімді шығаруға көмектесіңдерші?

1). 10 балықтан 5 балықты алып тастасақ қанша қалады.

Дұрыс 5 балық қалады.

Енді осы 5 балыққа ,5 балық қайтадан қосып қойсаң қанша болады?

Иә , 10 балық болады.

2) . келесі тапсырманы тыңдаңыздар!

Тал басында 10 жапырақ тұр еді, жел соғып 1 жапырақ ұшып кетті, талда неше жапырақ қалды?

Дұрыс айтасыңдар 9 жапырақ қалды.

Енді осының артынан жел одан бетер қатты соғып, 9 жапырақтың 4 еуі ұшып кетті. Талда енді неше жапырақ қалды?

Иә , 5 жапырақ қалды

Жалқаубек ; Балалар ,сендер қандай ақылдысыңдар!

Мұғалім : Жалқаубек ! сен ойын ойнамай , ойланып ақылды болсаң, осындай есептерді шығара аласың!

Жалқаубек : басын төмен салбыратып, ұялып тұрады. Жарайды үйге барған соң дайындаламын. Шын айтамын, жалқау болмаймын.

Мұғалім : Ал балалардың білімдерін тексерейік

Жыл мезгілдері жайлы сұрайын деп едім, неше жыл мезгілі бар :

Балалардың жауаптары. Күз, Қыс, Жаз,Көктем.

Ал жыл мезгілінде неше айдан бар?

Апта күндері туралы не айтасыңдар?

Бір апта

Дүйсенбіде доп ойнадық аулада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік, әндетіп.

Жұма күні жадыратты көңілді,

Сенбі күні кино көрдік қызықты,

Жексенбіде үйде болдық демалдық,

Осылайша өте шықты бір апта

Мақал –мәтел айтыңдаршы

Мақал –мәтелдер

Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.

Отан отбасынан басталады,

Отан оттан да ыстық.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Отан үшін еңбек етсең,

Халқыңның сүйген ұлы болсын.

Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір.

Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.

Мұғалім : Балабақшада не үйрендіңдер?

Хормен :Балабақша бағында,

Қызық күндер өткіздік.

Көп оқыдық, көп білдік,

Ел мен отан жайында.

Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып ,ән жаттап,

Оқып ,жазып, үйрендік.

Балабақшамызда орыс тілін үйретеді,

Мың бұралтып билетеді,

Ағылшынша сөйлетіп,

Ойынменен ұғындырып,

Білімге сені жетелейді.

Үш тілде 10- ға дейін санау

Жалқаубек : енді сендермен көңілді ойын ойнағым келіп тұр .

Ойын :

Жалқаубек : балалар сендер өте ақылды екенсіңдер, менде енді білімді боламын , мен енді мектебіме барайын , сау болыңдар .

Ән : Біз мектепке барамыз

Мектепке енді барамыз ,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

Ән салайық бас қоса ,

Бақшаменен қоштаса.

Қалам , дәптер, өшіргіш,

Кітаппенен достаса.

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Үлкен болып өссек те,

Бақшамызды қимаймыз.

Біз мектепке барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Кітапты да оқимыз,

Суретті де саламыз.

Мұғалім шығып кетеді.

Би: Көңілді би

(Мансұр, рамазан, жантөре, ақылжан,санжар доппен,

Әлішер, қуат, асанәлі, эльдар,сабыржан, алдияр руль,

Алуа, милана, айша, инжу, айжан қуыршақ. )

Алдияр : күлеміз , ойнаймыз,

Демалып алаңсыз.

Ризамыз саған біз,

Қымбатты бақшамыз.

Рамазан : уот е хаппи дей тудей,

Бойс енд гелс а вери гей.

Зей данс енд плей ,

Уат е хаппи хаппи дей .

Айзере .А, Май френд из найс,

Уй лайк ту плей.

Уй плей тугезе евери дей,

Уй лоу енд край.

Енд лоу егейн

Аяжан : Фо тичинг чилдрен лессонс,

Ту хелп зем ас зей гроу.

Лет зис гифт ремайнд ю,

Ю зе бест тича уи нау

Сабыржан : адам етіп баптаған,

Ардақтап бізді мақтаған.

Бақшамызға мың алғыс.

Қуат : Не забудем мы о том ,

Как шумели в тихи час.

Не печалься добрый дом,

Мы уходим первый класс.

Санжар : Скажем сад, до свидания,

Ждет нас школьная задания.

И домашнии задания,

И веселые дело.

Милана : Қош бол , менің балабақшам,

Алғыстарым көп менің.

Оқу – білім , тәрбие ,

Ой санама еккенім.

Айжан : үйретеді еңбекке,

Уйретеді білімге,

Үйретеді әдепке,

Таза болып жүруге,

Үйренеміз жақсы ән,

Үйренеміз биді де.

Біздің балабақшамыз,

Осындай шат үйіміз.

Эльдар : Детский сад одна семья,

Будем вместе ты и я.

Радость трудиться,

И всему учиться.

Гүлнұр : Өтті қызық көп күндер,

Бес жасқа енді жеттіңдер,

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер!

Дана : Бұл мереке баршамызға ортақ бүгін,

Бізбен бірге ойнап, күліп қуаныңыз.

Әсем әнге салайық,

Тақпақ айтып, бір бірлеп.

Ойын :

Жүргізуші : Балабақша , балабақша ,

Шаңырағы шаттықтың.

Балабақша қорғанышы,

Балғын сәби жастықтың

Инжу : Анамыздай десек те,

Әжеміздей десек те,

Жарасады апайға,

Тек жат қылық көрсетпе,

Бірге ойнайды бізбенен,

Бірге ойлайды бізбенен.

Шешуін біз білмесек,

Шешеді өзі жұмбақты.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2021
323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі