"Балалардың бал мекені" "Кел шырқайық бәріміз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балалардың бал мекені" "Кел шырқайық бәріміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал балалардың өнерге қызығушылығын ояту, елін, жерін сүюге тәлім тәрбие беру. әнге деген құштарлығын ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Балалардың бал мекені»

«Кел шырқайық бәріміз»


1-Жүргізуші:  Құрметті ата-аналар,балабақша қызметкерлері,балабақша бүлдіршіндері!  Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!
      Бүгінгі  мереке ерекше.
2-жүргізуші:                    Бұл мереке баршамызға ортақ бүгін,
Бізбен бірге қуаныңыз, ойнап, күлің,
 Балалардың көзайымы болсын қане,
      Тойымыздың біз ашайық шымылдығын.
     Тойымыздың шымылдығын ашу үшін ортаға балабақшамыздың 5 жасар бүлдіршіндерін шақырайық.
1-жүргізуші:                    Балалардың бақшасында бүгін той,
                                        Балалардың әнін тыңдау ғажапқой.
Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп,
  Кел, қосылып ән шырқайық би билеп.
          1-бала (Б.Іңкәр!                     2-бала (Айсана)
Армысыздар халайық!                                       Қызық күндер өткіземіз
Әсем әнге салайық                                            Балабақша бағында
Айтпас бұрын ән жырды,                                   Көп ойнаймыз, үйренеміз
Сәлемдесіп алайық.                                          Ел мен Отан жайында.
             3-бала (Анель)                            4-бала (Жантемір)
Үйретіп өнерге киелі,                                      Қанша бала, қанша қыз,
Тәрбие береді жақсы адам.                          
Бір шоқ гүлміз баршамыз.
Ертеңгі оқушы өседі                                        Ойын күлкі ордасы,
Бүгінгі бала-бақшадан.                                   Біздің бала бақшамыз.
                                        Хор: Адам етіп баптаған,
                                                Ардақтап бізді мақтаған.
                                               Бақшамызға мың алғыс!
Хор: «Гүлдей жайнап жүреміз»
2-Жүргізуші: 
Баламысың балдай,
Шат күлкің қандай
Иісің мейір қанғандай,
Былдырлап тілің,
Шыққанда үнің,
Өзіңмен үйім толғандай.     Әр күніміз ырыс, береке, бақытқа толы болсын,-деп, ендігі сөз кезегін балабақшамыздың
меңгерушісі көп еңбегін сіңірген ,әр баланың жай-күйіне үңілген балабақша меңгеруші Жұмабаева Фатима Калиевна апайымызға берсек. 
1-жүргізуші:Шақырайық түлектерді ортаға,
                   Айтылатын жақсы тілек қаншама,
                   Өлең айтып, тақпақ айтып, би билеп
                   Өнерлерін көрсетсінші баршаға! -деп ортамызға
«Көгешін», «Көбелек» топтарын шақырамыз. (әуен ойналып тұрады) (Жүргізушілер кезекпен топтарды шақырады)

2-Жүргізуші: Бойы да өскен, ойы да өскен, шат бәрі,
                   Барлығы да бақшамыздың мақтаны.
                   Еркелеген кешегі ұяң балдырған,
                   Ұл-қыз болды талап отын жандырған. 
Балабақша бүлдіршіндеріне кезек берейік.
1-бала Қ.Іңкәр                                           2-бала Алдияр
Қош келдіңдер, құрметті меймандар,            Гүлдей жайнап өстік балабақшада
Бізбен бірге ән шырқауды тойлаңдар.     Енді бізді есейді деп ойлаңдар.


Ән:  Әрқашан күн сөнбесін.
3-бала Мақсат                                          4-бала   Айтөре                    
Бақшадағы күндерді                                   Қағазға сурет салдырып                    
Есімізде сақтаймыз.                                             Қарайсыз көз талдырып,
Тәрбиеші еңбегін,                                                Жақсы ісімізді мақтайсыз
Бәріміз де ақтаймыз.                                           Ата-ананы таң қалдырып.
                                      Ата-аналарға сөз беру. 
                                     
Ән: «Ана туралы ән» .
Би: Балабақша вальсі.

    Балабақша балалары өз тілектерін айтып, өнерлерін көрсетеді. Тәрбиешілер қолымен жасалған 5 цифрын балалар қолдарымен жоғары көтереді.
      Балалардың әуенге дайындығын білу үшін тапсырмаларды  «Сиқырлы сандықтан ән шашу» өлеңдерін алып жүргізушілерге ұсынады.
           1. «Ән мен тақпақты ажырат» ойыны
2. Музыканы меңгердің бе? Тапсырмалар.
     3.«Көңілді қарындаш» 
1-Жүргізуші: Мына сиқырлы сандықта балабақшаның балаларына арналған «Мақтау қағаздары мен дипломдар» бар екен. Оны табыстау үшін балабақша басшысына берейік.
2-жүргізуші: Жер бетінде адам өмір өткізер,
                    Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,
                    Бар ізгілік тек білімнен алынар,
                    Білімменен аспанға жол салынар.
Хор: Бақшамызға барамыз.
Хор: «Балдырғандар әні»









Келісемін Бекітемін:

«Айгөлек Д» балабақшасының «Айгөлек Д» балабақшасының

әдіскері _____________Кирбасова Н.М. меңгерушісі_________Жұмабаева Ф.К.












«Кел шырқайық бәріміз»



«Көгершін», «Көбелек» тобы













Тәрбиеші: Хайратбай Г.









Қараөткел ауылы

2018 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі