жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балалардың балабақшалаға бейімделуі
Ойынның әлеуметтік-педагогикалық мәні және шығу тарихы
Ересектер тобындағы ойын түрлері
«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек — бұл адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі.
«Ойын» сөзі мағынасының түп–төркіні қуаныш, әзілге сәйкес келеді. Мысалы, Ежелгі Рим халықтарында «ойын» сөзінің мағынасы қуаныш, мереке сөздерінің мағынасымен ұштасып жатыр, еврей тілінде әзіл мен күлкіні білдіреді, ал қазақ тілінде жас баланың іс – әрекетін, ересектер арасындағы әзілді, қалжыңды меңзейді. Бұл қазақ халқының мақал – мәтелдерінде анық байқалады. Мысалы, «Асық ойнаған – азар, доп ойнаған – тозар, кітап оқыған – озар» нақыл сөзінде ойын сөзі балалардың іс–әрекетін білдірсе, «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» мақалында ойын сөзі әзіл–қалжыңға сәйкес келеді.
Ойынның пайда болу тарихын зерттеу мәселесі ұзақ жылдар бойы ғалымдардың басты назарында болды.
Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды деген пікір бар. Ежелгі уақытта ойынға діни-саяси жағынан мән берілді. Ежелгі гректер құдай ойынға қатысушыларды қорғайды деп ойлады. Сондықтан Ф.Шиллер ежелгі ойындар адамның бос уақытындағы қызметі деп тұжырымдады. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды әмірші өзі ашып, оған өзі қатысқан.
Кеңестік кезде ұлттық ойындардың сақталуы және дамуы тоталитарлық тәртіппен байланысты болды.
Әлемдік педагогикада ойын нақты мақсатқа жетуге бағытталған және белгілі шарттары (ережесі) бар әрекеттерден тұратын, ойынға қатысушылар арасындағы жарыс немесе сайыс ретінде қарастырылды.
Ойындардың шығу тарихына үңілсек, алдымен көз алдымызға шахмат және карта ойындары келеді. Көне Үнді елінде дүниеге келген, кейінірек бүкіл әлемді жаулап алған шахмат ойыны о баста соғыс жүргізу тактикасы мен стратегиясын үйрету құралы болған. Шахмат ойынында патша (король), патшаның таңдаулы әскері (ферзь), атты әскер (ат), піл әскері (офицер), кеме әскері (ладья) және жаяу әскерлер бір–біріне соғыс жүргізеді. Бертінге дейінгі шахмат ойыны соғыс өнерін үйрететін бірден–бір құрал ретінде саналып келді. Тек ХVІІ ғасырдан кейін ғана бұл ойын бүкілхалықтық сипат алып, өзінің бұрынғы кейпін жоғалтып, адамзаттың қисынды ойлауын дамытатын сүйікті ойын түріне айналды. Карта ойындарының қай ғасырда пайда болғанын ешкім дәл кесіп айта алмайды. Бұл ойын адамдардың тарихымен құрдас болып есептеледі.
Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған К. Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюллер, В. Фриге, Р. Ван дер Коэй, В. Демин, М. Каган, К. Исупов, т. б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын әрекетінің әлеуметтік жақтарын айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған
Ойын жөнінде айтылған философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланысты. Сонау ерте замандардағы эллиндік және римдік халықтар өмір сүрген дәуірдің өзінде-ақ ойынды балаларды тәрбиелеу құралына жатқызып, жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан. Ойындар арқылы жас ұрпаққа соғыс өнерін үйреткен, мәдениет пен сөз өнерін дарытқан.
Ойынның, әсіресе балалардың психологиясына тигізетін әсері көп, ойын кезінде балалардың ортамен қарым–қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез–құлқы қалыптасады, ойынның сан алуандылығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулиды.
Ойындардың психологиялық мәнін зерттеу мәселесімен көрнекті психологтар: Л. Занков, Л. Выготский, Д. Узнадзе, С. Рубинштейн, А. Леонтьев, Д. Эльконин, А. Люблинская, В. Мухиналар айналысты
Д. Эльконин төменгі сыныптағы бала психикасының дамуында ойынды «жетекші іс–әрекет» сөз тіркесімен сипаттайды. Д. Эльконин еңбектері балалар ойынының әлеуметтік табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіреді, ол ойынды ересектердің қоғамдық өмірін бейнелеу деп анықтайды.
Бәрін білгім келеді
Мақсаты: Антоним сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Қарама-қарсы мағыналы суреттер бейнеленген карточкалары бар ойыншық компьютер.
Ойынның шарты: Түсті карточкаларда бейнеленген қарама-қарсы сөздерді тауып, қазақша атауларын айт. Әр карточкада алты суреттен бейнеленген. Карточкадағы барлық сөздерді тауып. қазақша дұрыс атаған бала, ойынның екінші кезеңіне өтеді. Екінші кезеңде карточкадағы кез-келген сөзге сөйлем құрауы керек. Егер, бала сөйлемді дұрыс құрай білсе, жеңімпаз атанады.
Заттарды ата
Мақсаты: Заттардың қазақша атауларын атай отырып, сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктер: Әртүрлі заттар бейнеленген карточкалары бар ойыншық компьютер.
Ойынның шарты: Карточкада көрсетілген заттардың қазақша атауларын дұрыс ата. Әр карточкада алты суреттен бейнеленген. Карточкадағы барлық сөздерді тауып, қазақша дұрыс атаған бала жеңімпаз атанады.
Жабайы аңдарды білесің бе?
Мақсаты: Жабайы аңдар туралы білімдерін арттыру.
Көрнекіліктер:Үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері аралас берілген карточкалары бар ойыншық компьютер.
Ойынның шарты: Карточкадан тек жабайы аңдардың суреттерін тауып, олардың қазақша атауларын ата. Әр карточкада алты суреттен бейнеленген. Карточкадағы барлық жабайы аңдарды тауып. қазақша дұрыс атаған бала, ойынның екінші кезеңіне өтеді. Екінші кезеңде өзіне ұнаған бір сөзге сөйлем құрауы керек. Егер, бала сөйлемді дұрыс құрай білсе, жеңімпаз атанады.
Не қалай дауыстайды?
Мақсаты:Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейте отырып, тіл дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері аралас берілген карточкалары бар ойыншық компьютер.
Ойынның шарты: Карточкадан тек үй жануарларының суреттерін тауып, олардың қазақша атауларын ата және қалай дыбыстайтынын айт. Әр карточкада алты суреттен бейнеленген. Карточкадағы барлық үй жануарларын тауып, қазақша дұрыс атаған және оның қалай дыбыстайтынын айта білген бала жеңімпаз атанады.
Түстерді ата
Мақсаты:Түстердің қазақша атауларын анық, дұрыс айтуға үйрету.
Көрнекіліктер:Түрлі-түсті даминолар бейнеленген карточкалары бар компьютер.
Ойынның шарты: Кез-келген түстің қазақша атауын атап, карточкадағы осыған сәйкес даминоны көрсет. Карточкада бейнеленген даминолардың барлық түстерін толық атаған бала жеңіске жетеді.
Санап үйренейік.
Мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қазақша дұрыс айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: 1-ден 10-ға дейінгі сандар және сол санға сәйкес заттардың суреттері бейнеленген карточкалары бар компьтер.
Ойынның шарты: Карточкадан басып отырып, 1-ден 10-ға дейін қазақша тура және кері санату. Бұл ойында кез-келген санды немесе заттарды өз қалауы бойынша тауып, қазақша қалай аталатынын айтқызуға да болады. 1-ден 10-ға дейін мүдірмей тура және кері қазақша санаған бала жеңіске жетеді.
Геометриялық фигураларды білесің бе?
Мақсаты: Геометриялық фигуралардың қазақша атауларын анық, дұрыс айтуға үйрету.
Көрнекіліктер:Геометриялық фигуралар бейнеленген карточкалары бар компьютер.
Ойынның шарты: Карточкада бейнеленген геометриялық фигураларды тауып, олардың қазақша атауларын ата. Тапсырманы толық орындаған бала жеңімпаз атанады.
Табиғат құбылыстарын білесің бе?
Мақсаты: Жыл мезгілдерін және оған қатысты табиғи құбылыстар атауларын дұрыс айтуға дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары бейнеленген карточкалары бар компьютер.
Ойынның шарты: Мұғалімнің сұрауы бойынша жыл мезгілін немесе табиғат құбылысын бейнелейтін суретті карточкадан көрсетіп, оның қазақша аталуын айт. Сұрақтарға дұрыс жауап берген бала жеңімпаз атанады.
Сурет бойынша сөйлем құрастыр.
Мақсаты: Сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрауға дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Көпауқымды және көркем шығармаларға байланысты суреттер.
Ойынның шарты: Кез-келген өзіңе ұнаған суретті таңдап алып, сол сурет бойынша сөз тіркестерін немесе сөйлем құра.
Бұл ойынды күрделендіруге де болады. Яғни, сурет бойынша әңіме құра және оған ат қой.
«Тоғызқұмалақ» ойыны
Мақсаты: Төл дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Көрнекілік: Қазақ алфавитінің 42 әріпі жазылған дөңгелектер, «тоғызқұмалақ» ойынынының ұяшығы.
Ойынның шарты: Үстелдің үстіне қазақ алфавитінің әріптері жазылған 42 дөңгелектің ішінен негізгі төл дыбыстарды тауып, «тоғызқұмалақ» ұяшығына орналастыр және оларды ата. Төл дыбыстарды дұрыс орналастырып, атай білген бала жеңімпаз атанады.
«Мен қай дыбыспын?» ойыны
Мақсаты: Дауысты (жуан, жіңішке) және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру.
Көрнекілік: Қызыл және көк түсті әріптер жазылған дөңгелектер.
Ойынның шарты: Дөңгелектердің ішінен дауысты дыбыстарды тауып, жоғары көтер.Олардың жуан не месе жіңішке екендігін айт.
Бұл ойынды екі топқа бөліп өткізуге болады. Әр топтың жауаптарын ұсақ ойыншықтармен белгілеп, белсенді жауап берген бала мадақталады.
Буынды жалғастыр, қандай сөз пайда болады?
Мақсаты: Буынға бөлуге, қандай сөз екенін таба білуге үйрету.
Көрнекілік: Жеке-жеке буындар жазылған карточкалар.
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлініп отырғызылады. Мұғалім сөздің алғашқы буынын айтып, карточканы көрсетеді, балалар буынды жалғастырып, пайда болған сөзді айту керек.Қай қатардағы топ бұрын аяқтаса, сол топқа бір-бірден ойыншық қойылады. Қай топтың жинаған ойыншығы көп болса, сол топ жеңіске жетеді
«Ұялы телефон» ойыны
Мақсаты:Өзінің аты-жөні, жасы, мекен-жайы, ата-аналары туралы мәліметтері жайлы құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Көрнекіліктер:Екі ұялы телефон.
Ойынның шарты: Ұялы телефон арқылы таныс. Өздеріңнің сөздік қорларыңды пайдалана отырып, бір-біріңмен қарым-қатынас жаса. Әңгімені кім бірінші үзсе, сол бала айып ретінде өлең, жұмбақ, мақал-мәтел айтып береді.
Қармаққа не ілінді?
Мақсаты: Сұраққа жауап бере отырып, тіл байлығын арттыру.
Көрнекілік: Қармақ , балықтар.
Ойынның шарты: Балалар санамақ арқылы ойынға бірінші болып қатысатын баланы анықтап алады. Бала қармақпен балық аулап, ондағы тапсырманы орындауы тиіс. Балықтың екінші жағына сұрақтар жазылады. Мысалы:
-
Сен бүгін балабақшаға кіммен келдің?
-
Сен балабақшаға немен келдің?
-
Бүгін ауа-райы қандай?
-
Сені балабақшадан кім алып кетеді?
-
Сенің сүйікті ойыншығың не?
Киіз үй жиһаздарын орналастыр
Мақсаты: Балаларға киіз үйге қажетті жиһаздардың аттарын айтқызып, оларды киіз ұйге орналастыра білуге үйрету.
Көрнекілік: Жарты киіз үйдің макеті, сандық, төсек, бесік дөңгелек үстел т.б.
Ойынның шарты: Киіз үй жиһаздарын атап, оларды өз орындарына орналастыр. Оларға байланысты білетін жұмбақ, тақпақтарыңды айтып болады

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген