400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалардың күлкісі-көркі сәні әлемнің Шағын орталық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балалардың күлкісі - көркі, сәні әлемнің»

мерекелік ертеңгілік

Ханша: 
Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды)
Біз қандай елге келдік, ақылшы періштем?
Періште: Бұл «Шағын орталық» тобының балдырғандар елі.
Бұл елде өте әдемі, ақылды, білімпаз, өнерпаз балалар тұрады.

(осы сәтте бір топ бала шығады)
1-бала: Нұрислам
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.

2-бала:Айару
Бейбітшілік әніміз
Өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
 
Жадырайды жанымыз

3-бала:Бейбарыс
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша

4-бала:Даяна
Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
(Бір топ бишілер: «қуыршақ»биімен ортаға шығады)


Ханша:

Ой, қандай керемет балалар, қандай өнерлі балалар, қандай әдемі балалар.
Періште:

Көрдің бе, сүйікті ханша, менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа айналғандай. Мен сізге уәде беріп едім ғой, егер сіз тек әділдік пен адалдық жолында жүрсеңіз мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп.
Міне мен өз уәдемде тұрдым.
(Осы кезде Шайтан келеді)
Шайтан:

О-О, мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой. Неге маған айтпай кетіп қалдыңдар, а? Неге, айтшы, Ханша, мен де сенің досың едім ғой.
Періште:

Сен Ханшаны азғырма.Ол тек әділдік пен адалдықты сүйеді.Сенімен дос болғысы келмейді, сен тек жаманшылыққа бастайсың.
Шайтан:

Иә, саған! Мен де Ханшаның досымын. Өткенде өзеннен алтын балық ұстап, алғанда Ханша оны аяп қайтадан өзенге жібере салғысы келді. Ал,мен болсам Ханшаны үгіттеп 3 тілегіңді орындат дедім.
1-ші тілегің «Мен әлемдегі ең әдемі ханша болсам»деп айт дедім.Ол тілегі орындалды.
2-тілегің «Мен әлемдегі ең бай Ханша болсам»деп айт дедім. Ол тілегі де орындалды.
3-ші тілекті айтқалы жатқанда сен келіп киліктің Періште білесің бе, есіңе түсті ме?
Періште:

Иә, мен кешігіп қалдым. Әйтпесе 3 тілегің де әділдікпен адалдық тек ғана жақсылыққа арнатар едім.Тек соңғы тілекте ғана «Мен әлемдегі өте адал, мейрімді, өнерлі, білімпаз балалардың өмірін көріп өзім де солардан өнеге алғым келеді» деген тілек еді. Міне, сол тілек орындалып біз Ханша екеуміз «Шағын орталық » тобының балдырғандар еліне келіп тұрмыз.
Ханша:

Сендерге не болған, қойыңдар енді. Маған сөз беретін түрлерің жоқ ғой. Маған Періштенің ақылы ұнады. Өйткені мен осы жасқа келгенше мынадай ғажайып елде болған емеспін. Сондықтан, Шайтан сен бұл ғажайыпты бізбен бірге тамашала! Ойыңды сосын айтарсың.
Шайтан:

Құп! Мәртебелі Ханшам Құзырыңа құлдық.
Жүргізуші: Бүгін бізде мереке, қуанышта балалар, хош келдіңдер, хош келдіңдер ата-ана, қонақтар!


Құрметті «Шағын орталық» тобының көркі де, сәні де болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын, аспандарың ашық, елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпін.

Бүгінгі 1-маусым Балалар күніне арналған «Балалардың күлкісі - көркі, сәні әлемнің» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Муратова Сауле Кумарбекқызына береміз.
Жүргізуші:

Бүгінгі ертеңгілігімізге «Ертегі әлемінің қонақтары да келіпті, хош келдіңіздер! Төрден орын алыңыздар. Құрметті Ханша менімен бірге бүлдіршіндер өнерін жүргізуге басшылық жасауға қалайсыз? Келісесіз бе?
Ханша:

Жарайды, келісемін мен де соны қалап тұр едім.
Жүргізуші:

Өте тамаша келіңіз, менің қасыма. Біздің балаларға қандай тартуыңыз бар? Мүмкін ән айтып, не би билеп берерсіз.
Ханша:

Әрине, мен де құр қол келген жоқпын. Періштем менің әуенімді қосшы.
(«Біз мектепке барамыз» әнін орындайды).
Жүргізуші:

Өте тамаша, рахмет өнеріңе. Кезекті біздің балаларға берейік.
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Қара жорға» биімен
«тұмар» тобы бишілерінің биі.
Жүргізуші:
Айдында жүзген аққудай
Айжан қыздың биін-ай
Әуеніне ілесіп,
Биіне қол соғайық.
Айдархан Айшаның орындауында «ча-ча-ча» биі
Ханша:

Келесі кезекте Қалиева Інжу мен Раджанқызы Даянаның орындауында «Балдырған» әні
Жүргізуші:

«Қазақ биімен» мың бұралған бишілерімізді шақырамыз.
Ханша:

«Қошақаным» әнімен шақырамыз.
Жүргізуші:

Енді ортаға «Маусымжан» биімен бишілерді шақырамыз.
Ханша:

Біздің елге қайтатын уақытымыз болды. Бізге рұқсат бересіңдер ме балалар? Менің достарым қайда?
(Періште мен Шайтан келеді)
Жүргізуші:

Жарайды, келіп бізбен бірге мерекені тойлағандарың үшін рахмет! Жолдарыңыз болсын!
Ханша:

Сіздің балаларыңыздан көп өнеге алдық. Мен енді тек бойыма жақсы қасиеттерді жинауға уәде беремін, осындай ғажайып әлеммен таныстырған Періште досыма көп рахмет.
Періште:

Достар, қош болыңдар? кездескенше күн арайлы болсын!
Шайтан:

Менде енді жақсы дос болуға уәде етемін, кешіріңдер мені.
(Қоштасып үшеуі шығып кетеді)
Жүргізуші:

Қане, балалар, жақсы әнімізбен достарымызды шығарып салайық.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі