400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалардың мектеп пен ауылды абаттандыруға. Жаппай тазарту жұмыстарына қатысу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық білім берудің басымдығы бүгінде әлемдік қоғамдастықпен мойындалған. Сондықтан қазір адамдар үйі, жұмыс орны, оқу орны мен басқа да әлеуметтік маңызды нысандарға тиесілі аумаққа көп көңіл бөле бастады. Мектеп ауласы оқушылардың экологиялық мәдениеті мен жаңа азаматтық сезімін қалыптастырудың тиімді құралы болды. Мектеп ауласын абаттандырып, көгалдандыру маңызды әрі жауапты іс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалардың мектеп пен ауылды абаттандыруға. Жаппай тазарту жұмыстарына қатысу.

Мақсаты: Оқушыларға еңбек экономикалық және экологиялық тәрбие беру

Күні: 19.09.2018

Экологиялық білім берудің  басымдығы бүгінде әлемдік қоғамдастықпен мойындалған. Сондықтан қазір адамдар үйі, жұмыс орны, оқу орны мен басқа да әлеуметтік маңызды нысандарға тиесілі аумаққа көп көңіл бөле бастады. Мектеп ауласы оқушылардың экологиялық мәдениеті мен  жаңа азаматтық сезімін қалыптастырудың тиімді құралы болды. Мектеп ауласын абаттандырып, көгалдандыру маңызды әрі жауапты іс.

Әдемі безендірілген, көкпен қоршалып, тазаланған мектеп ауласы балаларды сұлулыққа, табиғат пен туған өлке  деген махаббатқа тәрбиелейді. Бұдан басқа, оқу орнының беделі де мектеп жанындағы алаңшаға байланысты.

  Мектеп ауласы күн өткен сайын ажарланып, мектеп қызметкерлері, ата аналар мен оқушыларды қуантуда.

Абаттандырылған аула келген қонақтарды таң қалдырып, мұғалімдер мен педагогтерге жоғары көңіл күй сыйлайды!

Мектеп алаңын көгалдандыру жұмысы оқушыларға білім беру мен еңбек тәрбиесіне біртұтас енуі тиіс. Өсімдіктерді өсіріп баптау еңбегі - бұл адам тәрбиелеу. Мектеп ұжымымен бірге көктем-күз айларында ағаш отырғызу жұмыстарына ат салыса отырып, білім беру мекемесінің жетекшісі көгалдандыру жұмыстарына қатысатын үлкендер мен балаларға өзі үлгі болып жол бастай алады. Мектеп маңындағы көлеңкелі бау алдымен санитарлық-гигиеналық және архитектуралық маңызға ие. Ал мектеп бағдарламасының көрнектілігі болып ағаш, шөп, гүлді-декоративті,мәдени өсімдіктердің бай және алуан түрлі жинағы саналады.          Мектепті көгалдандыру жұмысы неден басталады?  Ең алдымен мектеп территориясын функционалды аймақтарға бөлу керек. Оқу мекемесінің кешені әдетте тұйықталған, жекеленіп шектелген аумақты алып жатады. Дәстүрге сай оның көгалдандырылуы сквер түрінде жасалады. Орталық клумба мен субұрқақтан тұратын басты аллея композицияның орталық нүктесі болып табылады. Геометриялық жобалау скверге жанасатын ғимараттарды, қала көшелеріне шығатын тұстарды, шаруашылық құрылыстары мен спорт алаңдарының подъездерін қамтиды. Мектеп ауласының әр бұрышына сай декоративті безендіру әдісі құрастырылады. Спорт алаңы мен шаруашылық ауласы оқшаулауды қажет ететіндіктен, бұл тұстарға ағаштардан жасыл қоршау мен қырқылған бұталар отырғызылады. Гүлзарлар мен газондардан тұратын демалыс алаңқайы ашық кеңістік түрінде көрініс алады. Биік өсімдіктер бұлардың айналасында топтасады. Безендірудің мұндай әдістері көптеген мектептерде қолданылады. Бұл арада ең бастысы ландшафт дизайны ережелерін ескере отырып шектен шықпау керек.          Мектеп маңы аймағына кіре беріс тұсты - мектептің бет-әлпеті деп қарауға болады. Бұл бөліктің ландшафты ішкері орналасқан мектеп ғимаратына бағыт нұсқайтындай барынша ашық болуы шарт. Оған негізгі аллея апарады. Уақыт өте аллея тар, қараңғы дәлізге айналмауы үшін ағаштардың арасын бір-бірінен 5-8 метр қашықтықта егеді. Биік өсімдіктердің төменгі жағына орналасқан сәндік бұталар ерекше көрінеді. Бұл жерде мектеп биологы өз талғамына сай әрекет ете алады: аллеяның соңын 3-5 ағаштан тұратын, пішіні мен жапырағының түсі бойынша үйлесетін әр түрлі тұқымдас  екі топпен аяқтауды ұсынуы мүмкін. Мысалы, алма ағашы мен терек, шырша мен қайың ағаштары жақсы үйлеседі.          Ғимаратқа кірер тұста міндетті түрде салтанатты жиындар өтетін шеру алаңы болады. Оны барынша ашық қалдырған дұрыс, тек шектерін айқындау мақсатында аласа гүлдердің бір не көпжылдық түрлерін егуге болады. Кейбір мектептер көңіл-күй тудыратын ашық түсті гүлдерді таңдайды. Егер мектепте жылыжай болса, гүлдерді алдын-ала контейнерлерге, бетон вазондарға егіп алып, одан асфальтқа, баспалдақ маңына топтап отырғызуға болады. Егу-отырғызу жұмыстары кезінде бірнеше қайшылықтарды ескерген дұрыс. Мектеп ғимараты қабырғаларының тұсына биік өсетін ағаштарды отырғызбау керек. Біртіндеп бойлай өсе отырып олар күн сәулесін өткізбей, сыныптарды көлеңкелеп тастауы мүмкін. Сондықтан газон немесе гүлзар жасалғаны дұрыс. Сондай-ақ терезе түбіне ерте көктемде гүлдейтін көпжылдық крокус, нарцисс, қызғалдақ , күз бойы өзінің көп гүлдерімен көз қуантатын астра гүлдерін отырғызуға болады. Аласа сәндік бұталар қоршау ретінде ғана емес, қабырғаны бойлай өсіруде де әдемілік береді, ең бастысы - терезені көлеңкелемейді. Қазақстанда барбарис, спирей, кизильник, арша мен итмұрыннның алуан түрі өседі. Жабыны мен жапырағы әр түрлі ағаштармен үйлестірілген қылқан жапырақты ағаштар мен бұталар мектеп ауласына өзіндік рең береді. Бұл черемуха мен плакучие ивы болуы да мүмкін.          Жеміс бағы кез-келген мектеп айналасына сән береді. Жеміс ағаштарының көлеңкесіне лианмен, плющпен тіпті мәдени жүзіммен көмкерілген беседкалар орнатуға болады. Бау тек безендіру қызметін ғана атқарып қоймай, оқушылар ұстаздарының жетекшілігімен өсімдіктерді өсіріп, қадағалап, биологиялық бақылау жүргізетіндей тәжірибе алаңы жасыл зертхана болып табылады.          Тәжірибе бөлімшесі. Мектеп маңы бақшасында балалар өз бетімен селекциялық іріктеу, көбеюдің әдістері мен тәсілдерін, тыңайтқыштың тиімді түрін таңдау тәжірибелерін жүргізу, агротехника тәсілдері мен суару ережелерін үйрену үшін арнайы орындар болуы мүмкін. Бақша және гүлді дақылдарды көбейтуге арналған жеміс-жидек бауларын,  коллекциялық ботаникалық және дендрологиялық бөлімдер қарастыруға болады. Бұл жерлерді оқушылар жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің жетекшілігімен өз қарамағына алады. Мектеп аумағы айтарлықтай кең болса, мақсатты түрде мәдени, дәрілік, шырынды тағы басқа өсімдіктерді арнайы өсіруге болады.          Тәжірибелік бөлімше арнайы киім мен бау-бақша құралдарын сақтауға қолайлы болуы үшін шаруашылық ауласына жақын орналасқаны дұрыс. Құрылған жасыл коллекцияның тиімділігі оның дұрыс және мұқият безендірілуіне байланысты. Тәжірибе бөлімшелерін бір-бірінен жағын жолдармен бөлген дұрыс. Әр өсімдіктің тұсына қысқаша сипаттамасы, яғни туыс, тұқымдас, отаны, пайдалы қасиеттері, негізгі биологиялық қасиеттері, қолданылуы жазылған көрсеткіш тақталар бекітілуі тиіс. Тәжірибе бөлімшелеріне ерекше күтім қажет. Ол жергілікті өсімдік әлемінің ерекшелігін көрсететін алуан түрлі тақырыптық бөлімдер түрінде құралады. Балалар әр өсімдіктің шығу тегі, сан түрлілігі жайлы деректер жинақтап, одан бөлек жабайы пайдалы өсімдіктер, гүлді-сәндік, ағаш, бұталы өсімдіктерді жүйелі коллекциялап, өз кезегінде шағын дендрарий жасауларына болады.       Мектеп аллеясы. Көптеген мектептерде түлектер мен бірінші сыныптар аллеясына ағаш егу дәстүрі бар. Мұндай мақсатқа мектепке апаратын негізгі аллея сәйкес келеді. Бұл- оқушылар мектеп қабырғасында жүрген уақытта «өз ағаштарын» қамқорлыққа алу мүмкіндігіне ие болатын үлкен тәрбиелік іс. Бұл орайда «Менің ағашым менімен бірге өседі» ұранын ұстануға болады. Мектеп аллеясындағы өскіндерге атаулық тақтайшалар бекітеді. Кезінде ата-аналары еккен ағаштарды күтіп баптау балалар үшін ерекше мақтаныш сезімін ұялатады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі