«Балалардың қаржылық сауттылығы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Балалардың қаржылық сауттылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қаржылық білімі мен тәрбиесіне ықпал ету, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін қажетті мотивацияны қалыптастыру; Қаржылық ұғымдар туралы алған білімдерін ойында кеңінен және шығармашылықпен пайдалану қабілетін дамыту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін -----------------------------

«Қызылорда облысының білім басқармасының

Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің»

18 «Қуаныш» бөбекжай-бақшасы

меңгерушісі М. Нукесариева



Тәрбиеші: Кенжебекова Алтын Амиртаевна

Топ : «Қарлығаш» аралас тобы 4-5 жас

Күні : 12.02.2024 жыл

Дағды : Әлеуметтік-эмоционалды, Коммуникация, Танымдық, Шығармашылық

Тақырыбы : «Балалардың қаржылық сауттылығы»

https://youtu.be/P4psnaFUvNc?si=ojwjqc5TZ2DQkRlZ

Мақсаты : Балалардың қаржылық білімі мен тәрбиесіне ықпал ету, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін қажетті мотивацияны қалыптастыру;

Қаржылық ұғымдар туралы алған білімдерін ойында кеңінен және шығармашылықпен пайдалану қабілетін дамыту;

Ауызша қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер: Іс-әрекетті пысықтау, көрсету, ойын, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Ресурстар : ноутбук, телефондар, плакат, восковович кілемшесі, суретті карточкалар,бос қораптар.



Барысы :

Тәрбиеші : Мәлімет беру

Балалар бүгін біз ақша, қаржы, табыс туралы көптеген қызықты ақпараттарды білетін боламыз. Не көріп тұрмыз? Иә, бұл ақша - қағаз, металл. Ақша дегеніміз не? Ақша – айналыс құралы; адамдар өндірген тауарлары мен қызметтерінің орнына ақша алады. Біздің елде теңге қолданылады, ал басқа елдерде қандай ақша қолданылады?

1. Постермен жұмыс

Әрбір отбасының өз қаржысы бар. Әкеміз белгілі бір мекемеде жұмыс жасайды сол жерден айлық жалақысын алады. Анамыз да бір мекемеде жұмыс жасайды ол да өз жалақысын әкеледі. Үйде үлкендерден атамыз бен әжеміз бар олар зейнетақы алады. Мұның барлығын табыс деп айтамыз. Осы табыстан бірінші бізге азық-түлік онан соң киімдер, балабақша ақысын төлейді, су, электр жарығы, көгілдір отынға төлейді, дәрі-дәрмектер алады онан артылса басқа қалаға саяхатқа барады. Мұның барлығы үйдегі табыс көзіне байланысты.

2. Ойын «Ақшаға не сатып ала алмайсың- Ақшаға не сатып алуға болады»

Мақсаты: балаларға барлығын ақшаға сатып алуға болмайтынын түсінуді дамыту.

Логикалық, экономикалық ойлауды, бақылауды дамыту, белсенді сөздік қорын толықтыру, қорытынды жасауға дағдыландыру. Өмірде басты құндылықтар барын ұғындыру.

Ойын шарты : суретті карточкалардан сатып алуға болатын заттарды және сатып ала алмайтындарды топтастырып жинайды.

3. Ойын «Қымбат -арзан»

Мақсаты: балаларды заттардың бағасын салыстыра отырып, қайсысы қымбаттау немесе арзандау екенін анықтау.

Ойын шарты: Тәрбиеші заттардың суретін көрсетеді. Балалар заттардың қай топқа жататынын табады «қымбат-арзан» заттарды бір-бірінен бағасына қарай салыстырады.

4.Әңгімелесу

Ұялы телефондардың арқасында өмір сүру әлдеқайда жеңілденді. Адамдарда бір-біріне деген алаңдаушылық тумайды, себебі кез-келген уақытта өзара байланысуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, телефонды Интернетке қосып, ғаламтор арқылы жаналықтар көруге немесе поштаны тексеруге болады. Бірақ артықшылықтармен бірге, ұялы телефонның бірқатар елеулі кемшіліктері бар.

Пайдасы : Адамдар арасындағы байланысты кеңейтеді. Ата-аналарға әрқашан баланың қай жерде екенін білуге мүмкіндік береді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайда полицяға немесе жедел жәрдемге тез қоңырау шалуға болады. Интернеттен қажет ақпарат алуға көмегін тигізеді. Керек кезде калькуляторды, оятқышты, сағатты, шамды, камераны қолдану мүмкіндігі бар.

Балаларға зияны : Ғалымдардың зерттеуінше балалардың телефонға үңіле беруінің зияны ересек адаммен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болады екен. Неліктен?

1. Балалардың жүйке талшықтары өсіп-жетілу кезеңінде болғандықтан радияциялық сәуледен жылдам зиян шегеді.

2. Балалардың бас сүйегі жұқа болғандықтан радияциялық сәуледен қорғанысы төтенше әлсіз болады.

3. Балалардың денесінде су құрамын мол болғандықтан радияциялық сәуледен зияндалуы ересек адамдардікінен жоғары болады.

Қазір сендер смартфон арқылы түрлі ойындарды өздерің тауып ойнай бересіңдер. Ойын жасындағы сендер әлі оң-солын танып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айыра алмайтындықтан, ойыннан үйренгенін бойына сіңіресіңдер. Мәселен, бейнеойындарды ойнайтын бала болашақта бейсаналы түрде құмар ойынның құрбанына айналуы мүмкін. Түрлі ойын бағдарламаларын жасап шығаратын компаниялар ақша табуды бірінші орынға қояды. Сондықтан олар ойындарының балаларға қауіп төндіретінін жоққа шығармайды. Ал осындай ойындарға ақша жұмсайтын балалар бірте-бірте ірі ұтыс ойындарына ойыса бастайды.Ойын барысында «сыйлық» қораптарын сатып алуға ынталандыратын мотивтер құмар ойынға қызықтыратын себептермен бірдей. Яғни ойыншылар құнды нәрсесін айырбастау арқылы қомақты қаржы ұтуды ойлайды.Ең дұрысы ата-аналарды тыңдау, құмар ойынның салдары қандай болатынын түсініп, қауіпті ойындарды ойнамауға тырысуларың қажет. Көптеген кітаптар мен пайдалы әдебиеттер қажет, спортық ойындар ешқандай компьютер ойындары адам мен адам арасындағы қатынасты ауыстыра алмайды. 

5. «Дүкен» ойыны

Мақсаты:

• Балаларды сатып алушы мен сатушының әрекеттерімен таныстыру.

• Сөйлесім мәдениетін, әдепті сөздерді қолдануды (сәлемдесу, алғыс айту, қоштасу) үйрету.

• Ақша туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.

• Санай білу, салыстыру дағдыларын дамыту.

• Еңбекке, үнемшілдікке тәрбиелеу.

Шарты:

1. Балалар «дүкен» мен «сатып алушылар» болып бөлінеді.

2. Сатушы сөреге тауарларды (жеміс-жидек, ойыншық, кітап, киім т.б.) қояды.

3. Сатып алушы дүкенге кіріп, сәлем береді, қалаған затын сұрайды.

4. Сатушы тауарды ұсынып, бағасын айтады.

5. Сатып алушы «ақшамен» (ойыншық ақша, дөңгелек қима қағаздар) төлейді.

6. Сатушы алғыс айтып, затты береді.

7. Рөлдер алмастырылады.

Керек құралдар:

• Үстел үстіне қоятын тауарлар (ойыншық көкөністер, жемістер, киімдер, кітаптар).

• Ойыншық ақша (қағаз, пластик немесе жасанды тиындар).

• Дүкен сөресі, касса.

• Қалташа немесе себет (сатып алған заттарды салуға).


















Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №18 «Қуаныш» бөбекжай-бақшасы КМҚК














Тәрбиеші: Кенжебекова Алтын Амиртаевна

Кіріктіріліп ұйымдастырылған іс-әрекет

Тақырыбы : «Балалардың қаржылық сауттылығы»











2024 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2025
188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі