400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалардың саусақ қимылдарын дамыту, ашық оқу - қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қол, саусақ қимылдары арқылы балалардың тілдерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар

26 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәрбиешісі: Калкаманова Гулнур Сагынаевна

«Қызғалдақ» ортаңғы тобы


Саусақ ойыны мен жаттығулары арқылы балалардың тілдерін дамыту


Саусақ жаттығуларының жасалуы баланың бас миындағы сөйлеу орталығын тітіркендіреді, сөйлеу дамуын ынталандырады. Саусақтармен ойнауы жағымды эмоциялық фонды жасайды, ересектердің еліктеуіне икемделеді, мұқият тындауға және сөйлеу мағынасын түсінуге үйретеді, баланың сөйлеу белсенділігін жоғарлатады. Баланың зейінін қадағалауға және дұрыс таратуына үйретеді. Егер бала қысқаша тақпақтарды айтқан кезде жаттығуларды жасаса, оның сөйлеуі анық, ырғақты болады.

Баланың есте сақтау қабілеті дамытылады себебі, ол қол қимылдарын есіне сақтайды. Баланың шығармашылығы және қиялы дамиды. Жаттығуларды меңгеріп алғандығынан бүкіл оқиғаларды қолдармен әңгімелейді.

Нәтижесінде осы жаттығулар баланың болашақта жақсы жазуына үлкен көмек береді.

Баланың толық дамуына жеткілікті қимыл қозғалысы, оның қанағаттанарлық талап тілегі, ең бастысы – бұл қимылдарды жасау мүмкіншілігі болуы керек. Баланы сөйлеуге қалыптастыру майда қол моторикасыменмен тығыз байланысты.

Баланы саусақтардың дұрыс қимыл жасауына, бейнелеуге, әртүрлі қимылдарды жасауға үйретуге тырысыңыз. Оң қолы – қайсы, сол қолы қайсы екенін балаға қосымша түсіндіріңіз. Мысалы төменде көрсетілген сергіту мен саусақ жаттығуларын қолдануға болады:

«Тық-тық» дыбыс шықты

Басбармақ тақылдады.

Артынан саусақтарының

Барлығы мақұлдады.

Біз мысықпыз – мысықпыз,

Бізге жақындамаңыз

Тырнауға біз дайынбыз,

Бала емеспіз – мысықпыз!

(Екі қолдың саусақтары бірге, ал кейін әр қол кезекпен үстел үстін тырнайды)

Күн шықты –

Құрттар қашты.

Күн батты –

Құрттыр шықты

(Саусақтары ақырын жұдырыққа жиналады, кейін ақырындап жазылады)

Қауынды да алдық,

Тең жартысын жардық

Тілік-тілік жасап

Ауызымызға салдық

(Саусақ ұштарын біріктіріп сопақша жасау).

Көңілді болды жолда

Екі аяқ жүгірер жолда

(Үстел үстінде саусақтар жұп-жұбымен «жүгіреді»).

Picture 1



















Осы сияқты саусаққа арналған жаттығулар өте көп. Оны көбірек өзімізде ойлап табуға болады. Олар өте пайдалы. Бала оларды үлкен ықыласпен орындайды.

Балаға бірден көп тапсырма беруге болмайды. Бірнеше жаттығуларды жаттауға көмектесу дұрыстау. Кейін қосымша бірнеше жаттығулар қоса беруге болады. Мүмкін бала одан да басқа әртүрлі қимылдарды жасағысы келеді. Ол үшін баланың қызығушылығына қатты көңіл бөлу керек.

Саусақ жаттығулары қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар:

  • қайшымен қию;

  • қылқаламмен бояу;

  • аралау;

  • бұранданы (винт) бұрау;

  • үстелден ұсақтарды жинау;

  • дақтарды сүрту;

  • балапандарды тамақтандыру.

Қорыта келгенде баланың саусақ жаттығуларды орындау барысында қолдың қоспасы майысқақ болады, ал қимылдары – еркін. Бұл дегеніміз баланың жазуына, сурет салуына үлкен көмегін тигізеді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі