400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған іс-әрекет жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Ұйымдастырылған іс-әрекет: Сөйлеуді дамыту

Тобы: «Сүйрік» ортаңғы тобы (Шағын топтық )

Тақырыбы: Балалалардың сөйлеу тілін ойындар арқылы дамыту.

Міндеті:Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту.Ойын ойнай отырып, сұрақтарға жауап беруге, жай сөздермен сипаттап айтып беруге баулу.Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.Есту және көру зейінін дамыту,эмоцияны сезіндіру арқылы балаларға қуаныш сыйлау.

Әдіс-тәсілдері: АКТ,Ойын технологиясы, түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап

Интеграция: Музыка,

Көрнекіліктер: Бала санына сәйкес үлістірмелі материалдар, тыныс алу ойындары, Су-джок добы, ағаштан жасалған нейрожаттығу, шыны ыдыстар мен стакан, сенсорлы жолдар, таяқшалар, кіші доптар, түтікшелер, айна, логобокс.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін!

Балалар музыка әуенімен сенсорлы жолдармен логоритмика айтып жүріп жаттығуды орындайды.

Міндеті: Есту және көру зейінін дамыту,сенсорлы жүйені, ірі және ұсақ моториканы дамыту,эмоцияны сезіндіру, етістіктерді үйрету.



Бір қадам басамыз,түтікшені созамыз!

Бір қадам басамыз, таяқшаны соғамыз!

Бір қадам басамыз, допты қатты қысамыз!

Бір қадам басамыз, түзу жолмен барамыз!

Жеттік міне жеңіске,

Біз ақылды баламыз!

-Балалалар әр әрекетті қимылмен көрсетіп жолмен жүріп өтеді.

Жарайсыңдар балалар!







Артикуляциялық жаттығулар (ЖИ арқылы)

Міндеті: Ерін ,тіл, жақ бүлшық еттерінің қозғалғыштығын арттыру,дұрыс дыбыстауға дайындық жасау.

Балалар теледидардағы баламен бірге артикуляциялық жаттығулар жасайды.

«Күлімсіреу», «қоршау», «күрекше», «сағат», «түтікше» жаттығуыларын айнамен жасау

Тыныс алу жаттығуы:

Логобокс арқылы тыныс алу жаттығу ойындары

Міндеті: Сөйлеу тынысын реттеу. Жеңіл , ұзақ дем шығару дағдысын қалыптастыру.

1.«Көбелек пен қоңызды ұшыр» ойыны

Шарты: Ағаш көбелек пен қоңызды терең тыныс алып баяу шығару арқылы үрлеп ұшыру.

2. «Оюларды қорапқа жина» ойыны

Шарты: Балалар түтік арқылы оюлы бөлшекті түсіне сәйкес ұяшыққа үрлеп апару.

3. «Допты ұшыр» ойыны

Шарты: Бала мұрыны арқылы терең тыныс алып, аузымен үрлеп допты ұшыру керек.

«Сиқырлы стакан» ойыны

Міндеті: Баланың көру зейінін, ойлау қабілетін, сөздік қорын және сөйлеу тілін дамыту.Қолдың қимыл-координациясын және кеңістікті бағдарлау дағдысын дамыту.

Шарты: Шыны ыдыстың астына 5-8 суретөойылады.Шыны ыдыстың ішіне боялған су құйылады.Бала мөлдір стаканды судың бойымен жүргізеді,Қай сурет көрінсе бала соны атап береді.

Нейрожаттығу

Міндеті: Сол және оң жарты шарлардың үйлесімді жұмысын арттыру.Қол мен көз үйлесімділігін арттыру.

Шарты Екі қолымен түрлі пішіндерді бастырып шығу.

«Дәлдеп ат» ойыны

Міндеті:Баланың зейінін дамыту.Қолдың моторикасын жетілдіру.

Шарты. Балалар белгілеген мақсатқа допты дәл лақтырады.Әр сәтті тигізген суреттерді атап береді. Ойын бірнеше рет ойнатылады. Ойын барысында дұрыс дыбыстарға және сөздерге назар аударылады.

Саусақ жаттығуы ойыны

Шарты: Балалар кірпі жаттығуын су-джок добымен саусақ жаттығуын жасайды.

Қорытынды

-Балалардың жетістіктерін мадақтау, бағалау

-Іс-әркетті қорытындылау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
08.02.2026
2
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12