жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балалардың тамақтану гигиенасы
Сабақтың тақырыбы: «Балалардың тамақтану гигиенасы»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан-жақты дамуының кепілдігі,тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын түсіндіру,олардың дұрыс тамақтануының негізгі принциптерін:
- тамақтану сауаттылығының бес негізімен;
- тамақтану тәртібін,тамақтану мәдениетімен таныстыру.
Оқушыларға тамақтану
гигиенасын сақтауға үйрету. Тазалық гигиенасы туралы
ережелерді қайталау. Дүниетанымын, ой - өрісін қабілетін,
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекіліктері: ақпараттық мәліметтер, слайдтар арқылы
суреттер, нақыл сөздер, «Дұрыс тамақтану пирамидасы»
т.б
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту Жүректен жүрекке
«Мен саған... тілеймін» Мен саған бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.
Оқушыларды түрлі жемістер мен көөкністердің суреттерімен бірге екі топқа бөлу.
Балалар сендерге Бүгінгі сабақта Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті.Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар,өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіндер және бүгінгі тәрбие сағатымыз да сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.
Мұғалім: Жұмбақ.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. Ол не ?/денсаулық/
Мұғалім: Әрине балалар сендер
қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық
қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған
түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша
сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.
-Денсаулық мықты болу үшін не істеуіміз керек?
-Балалар, тазалықты сақтау қажет және ,дұрыс тамақтану керек.
«Дұрыс тамақтану » тақырыбында(видеоролик көрсету). Оқушылар өз ойын видео ролик бойынша көргенні жеткізеді.
Жоғалған әріпті тап ойыны: Оқушылар тақатадағы жоғалған әріпті тауып ондағы жазуды толық оқып сабақтың тақырыбын ашады.
Сабақтың тақырыбы: «Балалардың тамақтану гигиенасы»
Тамақтану ережесі. Күніне төрт мезгіл тамактанған жөн. Күніне төрт рет тамак-танатын асты былай мөлшерлеген дұрыс: ертенгі ас — 25%, түскі ас — 40%, сәскелік ас — 15%, кешкі ас — 20%.. Есітеріңде болсын
Тамақты өте кеш ішу және құрғақ тағамдарды жиі пайдалану асқазанның ауруы п.б.. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Асты ішуден бұрын колды мұкият сабындап жуады. Асты асықпай, жақсылап шайнау керек. Тамак ішіп отырғанда кітап, газет окьіп, радио тыңдап, теледидар көруге, сөйлесуге болмайды. Астың тым ыстық та, өте салқын да болмағаны жөн. Ac ішкеннен кейін ауызды сумен шайып, тістерді астың калдығынан тазартып отырукерек.Ac кенеулі ж\е әр түрлі болуы керек. Тамактану мерзімі ас қорыту мүшелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.(слайдтан көрсету)
Тамақтану сауаттылығының бес негізі
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып,бірінші байлық денсаулық деп санаған.Дені сау,еңбекқор,ақылды азамат болып өсу үшін,дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін
асымыз құнарлы,пайдалы,дәрумендерге бай болу қажет.Сонымен
қатар,тамақтану ережелерін дежәне гигиенаны сақтауымыз
қажет.Балалар бізге Данышпан атайдың жіберген қызықты жұмбағыда бар
екен. Қане сол қызықты жұмбақтарды
шешейік.
1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)
2. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)
4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)
5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр. (тарақ)
Бәтеңкесін, пальтосын
6.Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
7.Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім
дейді? (салақ)
Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану және
гигиенаны сақтау
1.Қолыңды сабындап жуу
2. Үстел үстінде қисаймай, түзу отыру
3. Қасықты оң қолыңмен ұста.
4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма
5. Шамадан тыс тойып ішпе.
6. Нанды бір қолмен үзіп же
7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды
жу.
Естеріңде болсынІшек-қарын ауруларының алдын алу. Ішек-қарын аурулары ауру қоздыратын микробтар арқылы пайда болады. Бұл микробтар қайнатылмаған су ішкенде, жуылып, тазартылмаган көкөніс пен жемістер жегенде, лас ыдыстар мен кір қолдан жұғады. Микробтар ішекте көбейіп, у бөледі, сөйтіп, организмді уландырады. Әсіресе қантышқақ (дизентерия), іш сүзегі, тырыскақ өте қауіпті ішек-қарын аурулары болып табылады. Бұл аурулармен ауырғанда — ішектін жұмысы бұзылып, дененін қызуы көтеріледі. Бұл қауіпті ауруларды шыбындар мен тарақандар таратады. Олар тамақ үстінде жорғалап жүріп, түрлі микробтар мен ішек құрттарының жұмырткаларын жұқтырады. Бұл бунакденелілер өте жылдам көбейеді де, жан-жаққа таралады. Сондықтан үйдін маңайын, кораны үнемі таза үстау керек. Азык-түліктің артығын арнаулы жәшіктерге, жабылатын шыны ыдыска немесе жылтыр қағаздарға салып сақтаған жөн. Тамақтанған сон тамактың қалдықтарын үстел үстінен жинап, ыдыс-аяқты тазалап жуып, шкафта сақтайды.
Ішекқұрттардан (глисты) пайда болатын аурудың алдын алу. Адамның ішқұрты (гельминт) дайын қоректік заттармен корек-тенеді де, улы заттарды өзінен бөліп шығарып, адамды уландырады. Ішкұрт ауруымен ауырған адам тез шаршайды, ұмытшақ болады. Ішкүрттар кір қолдан, жуылмаған жеміс пен көкөністен жұғады. Кейбір ішқұрттар шала піскен ет пен балық арқылы да адам организміне өтеді.Адамға кебірек жұғатыны — ішексорғы (аскарида), таспақұрт (цепень). Мысалы, ішексорғының аналығы бір жылда ондаған миллион жұмыртқа салады. Аурудың таралуына шыбындар себеп болады. Ішекқүртымен ауырған адам өз ауруын басқаадамдарға жұқтырады. Ac ішер алдында және тамақ пісірерде, дәретханадан соң қолдарыңды сабынмен жақсылап жуып, төсек-орындарынды және киім-кешектеріңді үнемі таза ұстаңдар. Жеміс-жидек-терді жуып жеп, суды қайнатып ішкен жөн. Шала піскен немесе шала қуырылған ет пен балықты жемеңдер. Өздерін түратын бөлмені таза үстандар.
Астан уланудың алдын алу. Сапасы төмен тамақпен тамактанғаннан кейін, көп кешікпей аурудың пайда болуын тамақтан улану дейді. Уланудын алғашкы белгілері: адамның іші ауырады, жүрегі айниды, құсады, іші өтеді, адам әлсізденеді, қуаты кетеді. Уланған адамнын дене қызуы көтерілуі де мүмкін. Уланған адамды жаткызып, тез арада дәрігер шақыртып, алғашкы кемек керсетеді.
Алкоголь мен никотиннің ас қорытуға әсері. Темекінің түтіні дәм сезуді жөне адамның тамақда тәбетін нашарлатады. Темекі тартудан тістің кіреукесі бұзылып, тіс сарғайып кетеді. Темекінің түтіні сілекеймен қанға түседі. Темекінін. уы қарынның қабырғасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Қарында, ұлтабарда жара пайда болады. Темекі түтініндегі улы заттар ас қорыту жүйесінің мүшелерін обыр (рак) ауруына шалдықтырады. Темекі тарту ас қорыту жүйесінің жұмысын бұзады.
Алкоголь — ете жылдам әсер ететін улы зат. Алкоголь қарынның шырышты қабыкшасын және басқа ас қорыту мүшелерін тітіркендіреді. Үнемі тітіркенуден ас қорыту мүшелері қабынады да, жара обыр ауруына шалдықтырады.
Дұрыс тамақтанбау салдарының неше түрлі аурулар пайда болады.
-Мен сіздерге дұрыс тамақтануды ұйымдастыру үшін «Дұрыс тамақтану пирамидасымен » таныстыру.
Ол мынадай 4 деңгейден тұрады.
1-деңгей – Бидай өнімдері.Нан,жарма бұйымдары,мақарондардан тұрады.
2-деңгей- Жемістер мен көкөністерден тұрады.Бұл тағамдарда дәрумендер мен минералды заттар көп.
3-деңгей – Ет,балық,жұмыртқа және сүт өнімдері.
4-деңгей- жануарлар майы мен өсімдік майы бар тағамдар,тәттілер,құрамында майлылығы жоғары өнімдер (соустар,колбаса,тәтті тоқаштар),қант,құрамында канттың мол мөлшері бар өнімдер (тәтті сусындар ,сироптар,кондитерлік тағамдар кіреді)
Денсаулығымызды сақтау үшін және дұрыс тамақтану үшін осы пирамиданың барлық деңгейіндегі тамақтарды мөлшермен пайдалану керек.
Ал,балалар,күніне неше рет тамақтану керек?
Ең тиімдісі 4 рет тамақтану:
Таңертеңгілік –құнарлы тамақ,
Түске дейінгі-жеңіл тамақ.
Түс кезіндегі –күшті тамақ,
Және кешкі –жеңіл тамақ.
Адам ағзасындағы әр-түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттыратын ол – дәрумендер.Адам ағзасына дәрумендер жетіспегенде адамның күш-қуаты кеміп,әлсіреп шаршайды, әр түрлі ауруларға шалдығады.
А
дәрумені
В1
дәрумені
Дәрумендер
![]()
В2 дәрумені Д дәрумені
С дәрумені
Егер нан жемесек, «В»дәрумені мен басқа да пайдалы заттарды ағзамыз ала
алмайды. «А» дәрумені балалардың бой өсіруі және дамуы үшін қажет.Ең жақсы тағам –жеміс.
Жеміс- адамға ең жұғымды тамақ.Жас жеміс те,кептірілген түрі де басқа азық-түлікке үстеме ретінде пайдаланылады.
Көкөністер – дәрумендер көзі.
Көкөністер мен жемістерде «С» дәрумені көп кездеседі.
«Ас — адамның
арқауы Азық - түліктің қандай түрлері болады?
Азық - түлікті жина» ойыны
Оқушылар тақпақтары
1-
оқушы.Анель
Ас адамның арқауы,
Тамақты ішкін күнде сен.
Деген сөз бар ежелден,
Белгілі бір мезгілде,
Бойға сіңіп тарқауы.
2-
оқушы.Умида
Тойып ішсең қаншама,
Ауырасың соншама.
Асқазанды бүлдірсең,
Жазылмас қанша күн жүресің.
3- оқушы.Арсен
Дәрумендер тірегің,
А, В, С, Д, Е – деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
А – қажет көзіңе,
В — жүйкені тоғайтар,
С – дан микроб безінер.
Д – сүйекті нығайтар.
Дәрумендер айтысы
А
дәрумені: Нұрай
Менің бойымда сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры,
жұмыртқа, сары майда болады.
В
дәрумені.Балжан
Мен бірнеше топқа бөлінемін. В1 В 2 В6 В12.
Менің құрамымда бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, балық,
көкөністер кездеседі.
С
дәрумені:Аяулым
Менің құрамымда
қызанақ, пияз, картоп, капуста жеміс — жидектер
толы.
Д дәрумені:Бақтияр
Өте пайдалымын.
Менің құрамымда сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы
жұмыртқа толы.
Е
дәрумені:Бақдаулет
Мен күнделікті
пайдаланатын тағамдардың ішіндегі өсімдік майында көп
болады.
Сауалнама:
1.
Нансыз тамақ
ішесің бе?
2. Қандай көкөністерді күнделікті жейсің?
3. Қандай жемістің шырынын ішесің?
4. Күніне неше рет сүт ішесің?
5. Сен балықты жақсы көресің бе?
6. Шайға қантты көп саласың ба?
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Жұқпалы аурудан сақтана білу
Табиғи шынығу.Спортпен
айналысу
Күн тәртібін дұрыс сақтау.
Жеке бас тазалығын сақтауДұрыс
тамақтану.
Қорытынды:
Ас - адамның
арқауы
Аспен күш артады
Тағам іш жағымды
Тазартар жаңынды
С
абақтың
тақырыбы:

«Балалардың тамақтану
гигиенасы»
![]()

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген