400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалардың ұлттық билерінің элементтері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Ырғақ

Тобы:

Колледж: №1АҚМГПК

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Рысбаева Г.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Балалардың ұлттық билерінің элементтері.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

Би өнері негіздері және машықтану жаттығулар

Сабақ мақсаттары

Білім алушыларға қазақ биінде әр қимылды,биді үлкен сезіммен бейнелеп,көрнекті түрде көрсете білуіне ықпал жасау.

Сабақтың міндеті: 1.Білімділік: Білім алушылардың қазақ халық бидің орындалу техникасын арттыру, оның орындалу әдісі мен орындау шеберлігін және бидің лексикасын жетік үйрету.

2.Дамытушылық: Қазақ халық би техникасын, қимыл координациясын ,дене пластикасын,төзімділікті дамыту.

3.Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбиелерін қалыптастыру. Көркемдікке,сұлулыққа тәрбиелеу. Қабілеті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Бағалау критерилері

Білім алушылар өздерінің жұмысы мен топтастарының жұмысын бағалау критерийлер бойынша

Сөздік қор


Temps leve saute – екі аяқтап секіру.

Pas glisse – сырғымалы қадам.

Demi-plie – иілу, жиналу, ал классикалық бидің жаттығуы ретінде-жартылай тізе ию.

Құндылықтарды дарыту

Рухани – адамгершілік құндылықтарды дарыту.

Денсаулық және

техника қауіпсіздігінің

сақталуы

Сабақта қолданылады: қауіпсіздік ережесі

Пәнаралық байланыстар

Ұлттық биді оқыту теориясы мен әдістемесі. Музыка әдістемесі.

АКТ қолдану дағдысы

Интерактивті тақта, ноутбук, слайдтары, бейне - ролик

Алдыңғы меңгерілген білім


Бідім алушылар алдыңғы оқу мақсатында алған аяқ және қол бұлшық еттерінің дамуына бағытталған жаттығуларға сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу , сабаққа қатысуларын дайындықтарын тексеру;

2.Сәлемдесу –тәж

3.Дене қыздыру жаттығуларын орындау.

4.Дем алуға арналған жаттығулар (пор де бра алдыға, жанға, артқа 1 тік 2 еркін қалыпта)



Сабақ ортасы

Жаңа сабақты түсіндіру: 

Би - ежелден келе жатқан өнер түрі. Би өнері адам өмірінде ерекше орын алады, адамның жан-жақты дамуының бөлінбес, алынбас бөлігі және баланы жеке тұлға ретінде дамытуда ерекше рөль атқарады. Бұл балалардың дұрыс әрі әдемі қозғалуына, іс-әрекеттердің этикалық мазмұнына жауап береді. Дененің бұлшық еттерін шынықтырып, баланың денсаулығына әсер етеді. Би өнері адамды тәрбиелеу жұмысында маңызы зор. Қазіргі заманда балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарында би ұжымдары ашылуда. Осы ұжымдардың шығармашылығының арқасында халық билері жаңа белеске көтеріліп, жас ұрпақтар этикалық тәрбие алып, рухани байлығы көтерілді. Би тек қана әсемдік үшін ғана емес сонымен қатар, бұлшық еттерінің қаңқа сүйектерінің жетіліп дамуына көп әсерін тигізеді, денеге икемдік сымбат береді.

Әр халықтың ұлттық ерекшелігіне орай би өнерінің көркемдік бейнелеу құралдары мен мазмұны да әр түрлі болып келеді. Қазақ биі негізінен қол, бас, мойын, көз, иық секілді түрлі дене мүшелерінің қимылдарымен биленеді. Ал оны біз қиюын тауып, үйлестіре білсек, қазақтың ұлттық биінің өз ерекшелігі танылады. Қазақ биінің алғашқы болып іргетасын қалаған – Шара Жиенқұлова. Ол – туған халқының мол мәдени мұрасын болашаққа ұсынып кеткен ұлы ұстаз. Ұлы ұстаз Ш. Жиенқұлова күнделікті тіршіліктегі қимыл – қозғалыстарды би қимылдарына айналдырған.

Осы қимылдарды қазіргі таңға дейін қолданып келеміз. Қазақ биі – халықтың тұрмыс-салтының айнасы. “Сырға”, “Толқын”, “Тұмарша”, “Айна”, “Білезік”, “Буын” осы қол элементтері қыздың нәзіктігін бейнелейді. Қазақ биінің қимылы мен әуені де, өте әсем, ырғағы жігерлі, мазмұны бай болып келеді.

Қазақ биінің орындалу техникасымен таныстыру

Қазақ биі үстінде қолды қалай ұстаудың негізгі алты түрі (қалыптары) бар

1. “Сәлем” деп аталады. Екі қолын алға созып, саусақ бастарын жоғары қаратады, алақаны ашық, шынтағы сәл бүгулі ұсталады.

II. “Құс қанаты” деп аталады. Екі қолын екі жаққа жая, шынтағы сәл бүгулі, алақанын төмен қаратып, саусақтарын бос ұстайды. 

III. “Қос мүйіз” деп аталады. Екі қолын басынан асыра көтеріп, ортаңғы саусағын бас киіміне тигізеді, екі шынтағын бүгеді. 

IV. “Сәукеле” деп аталады. Сәукеле- қыздар үшін, ат үстінде- ерлер үшін. Оң қолын жоғары асыра басына көтеріп, сол қолын шынтақтан бүгіп көкірек тұсына иеді. Қолдың алақаны ашық болады. Ерлер қолдың алақанын жұмып, ат үстінде тізгін ұстағанды бейнелейді. 

V. “Сыңар мүйіз” деп аталады. Оң қолын жоғары көтеріп, сол қолын солға созады. Алақаны ашық болады. 

VI. “Белбеу” деп аталады (ерлер үшін). Екі қолын шынтақтан бүгіп, белдіктен ұстайды

Аяқтың қазақ биі үстінде байқалатын алты түрі бар. 

Жүру әдістері.

 I. Табан жүріс. Екі аяқтың көмегімен еденді алма- кезек нық басып жүру. 



II. Өкше жүріс. Екі аяқтың өкшесімен кезек басып жүру. Екі аяқтың ұшымен кезек басып жүру



III. Қос табан. Оң аяқпен алға екі табан басу, сол аяқ оң аяқтың артынан ілеседі. Дәл осыны керсінше қайталайды. 


IV. Тоқылдақ. Екі аяқтың табанымен еденді кезек- кезек тебеді. Сырғанақ тоқылдақ оң аяқпен еденді бір теуіп алға сырғанайды да, сол аяқпен қайталайды. 





V. Секіртпе. Екі аяқпен алма- кезек секіреді. Қос 
аяқпен бір мезгілде секіреді, бір аяқпен секіреді.



VI. Айналма. Бір аяқтың ұшымен айналады. Айналма шеңбер жасайды. Ұршықтай шыр айналады.


Би элементтерін мұғаліммен бірге үйрену

По марше – (би адымы, жүру) – оның спорттық адымнан айырмашылығы,оң аяқтан бастап үйрену қажет. Қыздар етектерін ұстап, шынтақтарды шеңбер қылып немесе қолдары әзірлік жағдайы мен II позицияның арасында бастапқы жағдайда болады. Аяқтардың башпайлары адым жасағанда созылып бұрылуы қажет. Арқасын тік ұстайды. Басы сәл ғана кейін шалқайған.

Қыздарға арналған тәжім ету (книксен)

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. Бастапқы қалып III позиция.

«Бір» дегенде II позиция жағына қарай оң аяқтан pas degage істейді. «Екі» дегенде сол аяқ сырғымалы қозғалыстан оң аяққа қарай тартылып, арт жағынан жарты башпайға қойылады және содан кейін тізе ию орындалады.

Тәжім ету (білім алушылар үшін)

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. бастапқы қалып - әдеттегі қалып. Екі қол еркін түрде дене бойында ұсталады.

«Бір» дегенде II позиция жағына оңға pas degage (қадам) істейді.

«Екі» дегенде сол аяқ оң аяққа қарай тартылады.

«Үш» дегенде – баспен жай иіліп тәжім етеді.

«Төрт» дегенде – бас өзінің алғашқы жағдайына қайта оралады. Осы қозғалыс сол аяқпен де орындалады. Балалардың арқаларын бүкірейтпей (имей) неғұрлым тіке тұрғандарын қадағалау қажет. Басты жеңіл ғана иген кезде мойынды бірге иіп, бүкіреймеу керек.

Pas glisse – сырғымалы қадам.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыкалық жетектеу гавот (орташа жылдамдықпен биленетін көне француз биі) сипатында. Бастапқы қалып – аяқтар I позицияда, қолдар төмендетілген II позицияда.

Затактіде – жарты башпайға көтерілу.

«Бір» дегенде - өкшені еденнен ажыратпай, сырғымалы қозғалыспен оң аяқты тіке бағытпен IV позицияға алға шығарып, жайымен бүкіл табанға түсіру.

«Және» дегенде сол аяқты жарты башпайға көтеріп, сырғымалы қозғалыспен I позицияға тартып алу, содан кейін қозғалысты «екі» деген сөзбен жалғастырып, сол аяқпен алға қарай pas glisse орындау.

Pas glisseні сол сияқты III позициядан да орындауға болады. Бұл ретте сырғымалы қадамның тым үлкен болмауын қадағалау қажет. Pas glisseніүйренгеннен кейін па галопты меңгеру жеңіл болады, өйткені бұл элемент бір аяқпен III позициядан орындалатын pas glisseнің өзі болып табылады.

Па польки

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыкалық жетектеу – «полька», жылдамдық-модерато (бір қарқынмен, асықпай). Бастапқы қалып-аяқтар III позицияда. Қыздар етектерін ұстап, білезік сызығын бүкпестен шынтақтарын дөңгелентіп көрсетіледі немесе жағдайды дайындық және II позиция аралығында бекітеді.Балалар қолдарын белдеріне ұстайды.

«Және» затактісінде demi-plie орындалады және сол аяқпен секіріп түседі. Бір мезетте тізесінде, алқымында және башпайларында созылған оң аяқ алға (тірек аяғына қарсы) 300-қа көтеріліп, дене тұрқы басты сәл ғана оң жақ иыққа бұрумен оңға қарай қисаяды;

«Бір» дегенде аяқ жарты башпайға қойылып,

«Және» дегенде сол аяқ оң аяққа артқы жағынан тақала тартылып (міндетті түрде айналымда);

«Екі» дегенде – оңға қарай оң аяқпен шағын қадам жасалып, жартылай башпайға қойылады.Осы сәтте бір мезетте сол аяқ сәл ғана тізеден бүгіліп, оң (толарсақтан) тобықтан төмен тартылып жақындайды. «Және» деген сөзге оң аяқпен сәл ғана секіріп түсіп, сол аяқ алға қарай созылып, қозғалысты бастайды.

Па польки қозғалыстарының сипаты көңіл-күй және қозғалыс бойынша балаларға жақын тұрады. Дегенмен де бұл қозғалыстың өзіндік күрделі құрылымы бар: ол бір мезетте жұмыс істеп тұрған аяқты көтеріп және қайтадан еденге басумен жартылай башпайға секіріп түсуді біріктіреді

Станок жанындағы жаттығулар

Demi-plie – иілу, жиналу, ал классикалық бидің жаттығуы ретінде-жартылай тізе ию.

Жаттығу. Музыкалық мөлшер-4/4, жылдамдық-орташа. Бастапқы қалып – станокқа қарап тұру, аяқтардың I позициясы, екі қол станоктың үстінде иықтардың кеңдігіндей аралықта жатады.

Аяқтар алғашқы екі ширекте, айналымдылықты күшейте отырып, балтыр-табан буынының шекті иініне жетіп, жайлап иіледі, тізелер аяқ басының айналымды жағына бағытталады.Табандар еденге жабысып тұрады, дене тұрқы тіке, жинақы.

Келесі екі ширекке «үш және төрт және» дегенде айналымдылықты және бұлшық ет күштерін сақтай отырып жағдайды бекітеді;

екінші ширекке «бір және екі және» дегенде екінші тактіде санның, табанның және тізенің бұрынғы бағытын сақтай отырып, аяқтар созылады.

Demi-plieні орындаған кезде оқушылар дене тұрқын алға қарай еңкейтеді, бұл дұрыс емес.

Қозғалыстың барлық сатыларында едендегі аяқ басының (табанның) жағдайын қадағалау қажет, бірінші башпайға салмақ салып, тіреуге жол бермеу керек. Дегенмен де аяқ басының дұрыс жағдайына қол жеткізу әсте оңай емес. Бұл үшін мына үлгіні пайдаланған жөн: таяқтан кері шегініп, қолдарын кеудеге қусырып, demi-plieде бірнеше рет аяқтан аяққа тұру, бұл ретте бүкіл табанмен еденге соққы жасау керек. Бірінші башпайға салмақты көп салғандар әдетте құлап түсіп, еденді қатты тебе алмайды. Балалар станок жанында жұмыс істеген кезде де бұдан әрі де (табанның) жағдайын түзей бастайды, дұрыс жағдайды сақтауға тырысады. Demi-plieні басында аяқтардың табиғи (қалыпты) қозғалысымен бір позициядан екінші позицияға (төрт реттен) ауыса отырып үйренеді, содан кейін battement tendu арқылы позициядан позицияға өтіп үйренеді.

Allegro (секіру)

Секірулерді оқып үйренуге кіріспестен бұрын оқу процесіне позицияларды дәл орындауды талап етпейтін трамплиндік секірулерді енгізу ұсынылады.

Temps leve saute – екі аяқтап секіру.

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Бастапқы қалып -аяқтардың I позициясы, станокқа қарап тұру.

«Бір және екі» дегенде аяқтар айналымдылықты күшейте отырып, demi-plieде сирақ-табан буынының барынша иілуіне қол жеткізеді, өкшелер еденге нық орналасқан, дене тұрқы тіке;

«Және» дегенде аяқтар еденнен күшпен серпіліп, сол сәтте секіру кезінде тізелер, аяқ ауқымы және башпайлар созылады;

«Үш және» дегенде секіру demi-plieде аяқталады;

«Төрт және» дегенде тізелер айналымдылықты сақтай отырып, жайлап бастапқы жағдайды қабылдап, созыла түседі. Аяқтар ауада міндетті түрде I позиция жағдайын бекітетін созылған күйінде болулары тиіс (оқушылардың табандары айқастырмауларын және өкшелерін ажыратпауларын қадағалау керек).

Балаларға секіру кезіндегі бірқатар сәттерді түсіндірген пайдалы: тізе ию, серпіліп секіру, позицияны ауада бекіту және тізе июдегі жерге түсу (башпайлардың ұшынан). Temps leve saute I және II, содан кейін V позициядан орындалады.

Интерактивті тақта

Слайдтары





Бейне - ролик













Портреті



















Сүреттері















































































































































































































































































































































Станок


















































Сабақтың соңы

Рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Жаңа сабақты бекіту

Қимылды практика жүзінде үйрету.

Білім алушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды.


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?





Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

А: БӘРІ Білім алушылар бидің орындалу техникасын, аяқ қол позицияларын қайталап,көрсетеді.

В: КӨБІ Білім алушылар қазақ халық биінің қимылдары көрсетіп,билейді .

С: КЕЙБІР Білім алушылар аяқ қол позициялар, қазақ халық биі шығу тарихы туралы айтады және көрсетіп билейді .


1. Білім алушылар қазақ халық бидің орындалу техникасын, аяқ қол позицияларын қайталап,көрсетеді.

2.Білім алушылар қазақ халық биінің қимылдары көрсетіп,билейді .

3.Білім алушылар аяқ қол позициялар, қазақ халық биі шығу тарихы туралы айтады және көрсетіп билейді .


тыныс алу гимнастикасы,гимнастика

сауықтыру жаттығулар, ойын терапиясы,

музыкотерапиясы,

би терапиясы,

саусақ жаттығулары,

логоритмикалық жаттығулар

күлкі терапиясы,

фольклорлық арттерапия

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Білім алушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген білім алушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
11 маусым
3678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі