400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалардың ұсақ қал маторикасын дамытудағы М.Монтоссори әдіс тәсілдерінің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың заттардың сенсорлық қасиеттеріне зейіндерін аударуға үйрету көлемі,пішіні, түсі бойынша ұқсастықтарымен айырмашылықтарына қарапайым жолдарын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамытудағы М.Монтессори

әдіс -тәсілдерінің тиімділігі»


Құрманғазы ауданы

МҚКҚ «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы

Балабақша тәрбиешісі

Темирешова Гульмира Хұзаирқызы


Жоспар:

І. Кіріспе

М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы.


ІІ. Негізгі бөлім

Балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамытудағы М.Монтессори әдіс- тәсілдерінің тиімділігі.


ІІІ. Қорытынды



І. Кіріспе

М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы

Бала – ата-ананың көз қуанышы, көңіл жұбанышы. Кез келген ата-ана баласы үшін өмір сүреді деп ойлаймын. Халқымыз «Балалы үй базар» деп тегін айтпаса керек, отбасылық өмірдің мәні мен сәні сәбимен бірге кіреді. Үлкен адамдардың өміріне соншама қуаныш пен шаттық сыйлайтын сәбилер кейде, керісінше, ата-анасының көңіліне уайым мен алаңдаушылық ұялатып жататыны да қоғамымыздағы белгілі жәйт. Туғаннан мүгедектікке душар болған, не есейе келе әртүрлі жағдайдың салдарынан денсаулығына, соның ішінде, жүйке жүйесіне зақым келген балаларды тек ата-анасы емес, мемлекет те бақылауда ұстап, қолынан келген жәрдемін аяп отырған жоқ.Міне италяндық дәрігер, педагог, философ, ғалым, гуманист Мария Монтиссори өзінің жұмысын ақыл — есі кем балалардан бастаған, кейіннен ол ақыл – есі кем ғана емес, барлық балалармен арнайы педагогикалық жұмыс істеуге көшкен.Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен ырғақта дамиды.М.Монтессори әлемдік атағын өзінің педагогикалық жүйесінің арқасында алды. 1907 жылы 6 қаңтарда Римде алғашқы «Монтессори мектебі» ашылды.

  М.Монтессори педагогикасында не маңызды? Бұл педагогиканың маңыздылығы - бала туылғанынан бастап тұлға ретінде қарастырылады. Әр бала, әр адам секілді әмбебап. Оның басқа жүйелерге қарағанда айырмашылығы да осында жатыр. Балаға өздігінен козғалу, даму мүмкіндігі беріледі, мұның барлығы аяқ астынан болады, бірак кейбір жағдайларда оған ересектің көмегі қажет, сол көмекті алады да. Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді.1896жылы Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.

Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.1900жылы Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен,ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп,Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.

Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу,жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.

1909 жылдан бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады.Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды.1910жылы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап жарық көрді.

1929жылы Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды.Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды,оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды.1950ж оған Амстердам университетінің профессоры атағы,докторлық құрметті дәрежесі берілді.


ІІ.Негізгі бөлім.

Балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамытудағы М.Монтессори әдіс- тәсілдерінің тиімділігі.

.

Шығармашылық жұмысымдағы жетістігіміз – Монтессори әдістемесін іс-тәжірибеме енгізудемін.Бұләдістеме - 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтиссори педагогикалық жүйесінің негізгі қағидаты – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады.
ХХІ ғасыр табалдырығын біліммен ғылымды инновациялық технологиялық

бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны

болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы - бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы,өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар,тумысынан-ақ өсуге,жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтанда қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге,Өздігінен шешім

қабылдауына, топтада,жекеде жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін,қабілетін,тәрбиешінің нұсқауымен емес,өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.«Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әртүрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды.Бұл жастың қабілетін ашуға,үлкеннің кішіге мейірім,қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты екеніне біртіндеп көз жеткізіп келеміз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отырғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез қабылдайды. Осы тұрғыдан келгенде Монтессори әдістемесін өз іс тәжірибеме енгізуді жақсы бастама деп ойлаймын.

Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.



Монтессори әдісінің мақсаты:

  • балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;

  • өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;

  • балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

Монтессори әдісініңміндеті:

  • балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;

  • негізгі түстерді айыра білуге үйрету;

  • ұсақ моториканы дамыту;

  • алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;

  • зейінін тұрақтандыру;

  • тәртіпке үйрету;

Осы Монтиссори әдісінің мақсат, міндеттерін басшылыққа ала отырып шығармашылық жұмысымның алдына төмендегідей мақсат,міндеттерімді қойдым.

Мақсатым: Әр түрлі іс-әрекеттер арқылы мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың ұсақ саусақ моторикасымен қол үйлесімдігін дамыту

  • Міндеттерім: Қол мен көздің үйлесімділігін және дәлдігін жетілдіру, қолдың икемділігін, ырғағын дамыту ;

  • Қолдың бұлшық еттері мен саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту Тілдік функциясының дамуына көмектесу;

  • Әр түрлі заттарды қолданғанда қолдың ұсақ моторикасы мен икемділігін жаттықтыру;

  • Балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамытытын әр түрлі форма, әдіс- тәсілдщер қолдану.

Шығармашылық жұмысымның өзектілігі - балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту. Бұл қазіргі заманда ең өзекті мәселе болып табылады. Балалардың психикасы мен бас миының іс-әрекетін зерттеген кезде ғалымдар оларға қол функцияларының үлкен ықпал тигізетінін атап өтті. Баланың қалай дамып келе жатқанын көрсететін, оның интелектуалдық қабілетін айғақтайтын дәл ұсақ қол моторикасы екендігі белгілі. Қазіргі заманғы балалардың жалпы моторикасы және тіл дамуының жетілуі төмен деңгейде, ол көбінесе кіші жас балаларда байқалады. Қол моторикасы жетілмеген балалар өзі-өзіне қызмет көрсету іс-әрекеттерін епсіз орындайды, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте де (сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру) басқа балаларға ілесе алмайды. Осы себептен, өзіне деген сенімі, өзін бағалауы, эмоционалдық көңіл-күйі төмендейді. Осының барлығы келешекте мектептің бастауыш сыныптарынан бастап, баланың оқуға деген ынтасын төмендетіп, негативтік әсерін тигізуі мүмкін.Енді осы аталған мақсат,міндеттерді жүзеге асыру үшін үнемі ойын жаттығулар жұмысын жүргізуді басшылыққа алып отырамын. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысыҰсақ моториканы дамыту жұмыстары ерте сәбилік шақтан басталады Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуды жасауда өлеңмен, тақпақ айту, жаттығуларды пайдалану ұтымды. Сонымен бірге өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру, ілгегін өзі салу, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал мектепке дейінгі балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулары мектепке дайындық, яғни, жазу, сурет салу, түрлі түсті қағаздарды бояп үйренудің алғашқы бастамалары болып табылады Саусақ ойындарының нәтижесінде бала нені үйренеді:
Баланың сөйлеу тілі жетіледі;
Қимылды қозғалысы артады;
Икемділігі артады;
Логикалық ойлауы дамиды;
Танымдық деңгейі артады.
Ұсақ моториканы дамытудың маңызы неде? Ұсақ моторикаға адамның бас миында саусақ қимылдарды дамыта отырып, сөйлеуге жауап беретін орталықты дамыта аламыз. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Саусақ ойынын ойнай отырып, бала саусақтарының қимыл-қозғалыстарына қарап қуанады, шаттанадаы, сөзді айтуға тырысады, үйренген өлең шумақтарын қайталап айта отырып, есіне сақтайды және бала екі қолын қимылдата отырып, оң – сол, жоғары – төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алады.
Ұсақ моториканы дамытуға арналған жұмыс түрлеріне төмендегідей жұмыс түрлерін ұсынамын:уқалау (массаж) жарма дәндермен ойындар, М.Монтиссори әдісі бойынша ойындар,бояулармен жаттығулар,жапсыру, бояғыш кітапшалар (раскраска), ермексазбен жұмыстар, оригами, саусақ ойындары, саусақ жаттығулары,таяқшалармен ойындар, графикалық диктанттар.

Енді осы жұмыстардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталсам:

Уқалау (массаж) – өте пайдалы және жағымды тәсіл,мидың сөйлеу зоналарын белсендіреді. Осы бағытта І- ші кіші топтың ата-аналарынан бастап уқалау жөнінде кеңес өткізу пайдалы деп ойлаймын. Күнделікті уқалау баланың имунитетін көтеруге жағымды әсер береді, баланың жалпы дамуына және ана мен баланың тығыз байланысынада әсерін тигізеді. Карандаштарды, түрлі шариктерді, грек жаңғақтарын домалату да уқалаудың бір түрі. Балаларға үрме бұршақтар (фасоль) ванналары ұнавйды – бір қорапқа фасольды төгіп кішкентай ойыншықтармен араластырамыз.Бала қолдарын фасольдарға тығып,ойыншықтарды тауып алады.Нәтижесіндле:уқалау, саусақтың координациясы дамиды.

Жармалармен,дәндермен ойындар:

  • Поднос аламыз да ұнтақ жарманы (манканы) төгеміз. Сурет салуға арналған «тақтайша» дайын.Біріншіден өзіміз сызықтар саламыз,сәбилер тобының малалары сонеы қайталайды. Содан соң түрлі пішіндер салуға болады: төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек т.с.с,аққаланы,сақинаны, күнді,үйді.

  • Құрғақ бұршақты кружкаға төгеміз.Бала әр екпінді буынға бір кружкадан екінші кружкаға бұршақтарды бір-бірден салады. Бірінші бір қолымен, сосын екі қолымен бірге, алма-кезек үлкен және ортаңғы саусақтарымен,үлкен және аты жоқ саусақтарымен. Төрт жорлдарды әртүрлі аламыз.


М.Монтиссори әдістері бойынша дамыту ойындары:

Баланың сенсорикасы мен қолдың қимылдарын дамытады (баулау,түрлі қалдықтардан жасақталған дамыту ойындары т.б.)


«Бөтелкелердің қақпағын тап»

Әр түрлі қақпақтары бар біпнеше бөтелкелерді аламыз (агуша, растишка,иогурттардың).Бала ашылған бөтелкелердің қақпағын түсіне, көлеміне қарап тауып беру керек.Бұл ойында баланың сенсорикасы мен ұсақ моторикасы дамиды.


«Көңілді қыстырғыштар»

Қыстырғыштар- кішкентай саусақтарға жақсы тринажер.Балаға картонға қыстырғышты қалай қыстыруға болатынын көрсетеміз. ЯТапсырмаларымыз тартымды болу үшін картоннан кірпінің ,шыршаның, ағаштың, күннің т.б. пішіндерін қиып аламыз. Бала қызықтап шыршаға инелерін,күнге сәулелерін, ағаштарға жапырақтарын қыстырады.


«Баулар»

Тескіш арқылыәр түрлі гүлдердің, құстардың,геометриялық пішіндердің суреттерін қатырма негізінде істеуге керек.Содан соң түрлі-түсті бояудың көмегімен, саңылаудан өткізу арқылы фигуралардың шетінен өрнектер жасауға болады.


«Бояулармен жаттығулар»

Кейбір педагогтар және психологтар моториканы дамытуға бояулармен жаттығуларды ұсынады. Бала саусағын бояуға малады,содан соң сурет қағазына салады. Бұл жаттығуларды 2 жастан бастау керек.Оның тағы да бір жағымды жағы бала өзінің шығармашылығыныңнәтижесін көреді де бақытты болады. Осындай ойындардан бала тек ғана пайда алады, көңіл-күйі де жақсы болады.

Саусақ ойындары, саусақ жаттығулары

Саусақ ойындары тілді дамытады. Сонымен бірге бұндай ойындар баланы тыныштандырады.

Қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан-ұрпаққа қалған мәдени шығармашылық. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын,қабілетін дамытып,ынтасын арттыратынын білген.

Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,құстарды,ағаштарды бейнелей алады.

Ал тіл мүкістігі бар балалардың жалпы қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.Сондықтан сөйлеу тіл мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету қажет екендігін есте ұстау керек.

Саусақ аттарына байланысты қазақтың «Қуырмаш» ойыны бар. Әр жаттығуды орындағанда ойынға барлық саусақтарды кірістіру керек. 1 жастан 2-ші жасқа дейінгі балалар «саусақ ойындарын» тек бір қолмен жасайды. 3 жастан бастап екі қолмен жаттығулар жасай бастайды, мысалы, бір қол-үй, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық. Қолдың, саусақтардың қимылын дамыту жұмыстарын күніне 2-5 минут өткізу қажет. Мысалы:

Мен айтайын қолыңды аш

Мына тұрған бас бармақ

Жұмыс содан басталмақ.

Алақанның тұңғышы

Болсын осы жылқышы.

Балан үйрек қасында

Сол сияқты «Саусақтар сәлемдеседі» ойыны да, мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіледі. Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.
Мысалы: «Моншақ» ойыны:
Қызыл, сары, көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді. Әрі оларды тізбектеп жасау бала үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшы қетін дамытуға көп көмегін тигізеді.Бұл ойындар,яғни, «Моншақтарды жіпке тізу», «Бәтеңке бауын байлау» т.б. осы сияқты ойындар мазмұны да М.Монтиссори әдістемесіне негізделген.

Заттармен жүргізілетін әрекеттерді күннен күнге күрделендіре берген жөн.Әртүрлі қобдишаларды ашып жабуға, білектен сақиналарды шығарып,қайта салуға, кубиктерді бірінің үстіне бірін жиюға, бір затты екінші заттың ішіне салып,қайтадан шығара білуге үйрету керек. Бұл бағытта бизиборд дамыту тақтайшасы өз жұмыс тәжірибеме енгіздім.

Бизиборд-ең кішкентай балаларға арналған Монтессори әдісі. Мария Монтессоридің өзінің өнертапқыш шәкірті Бизиборддың құрметіне аталған баланы дамыту тақтасы. Ол Монтессоридің педагогикалық әдістемесінің жарқын мысалы болып табылады.

Бизиборд – бұл дамыту тақтайшасы немесе сабақ өткізуге арналған тақтай. Тақтайша бала қолының ұсақ моторикасын дамытуға әсер етеді. Ол үшін онда құлыптар, ысырмалар, шпингалеттер, оларды жабуға және ашуға арналған су құбыры краны, бәтеңкенің бауы, ленталар бар.

Сақинамен ойында балалар қозғалыстар тепе-теңдігі мен көз өлшемін қалыптастырады. Баланың қиялын дамыту мақсатында есіктің артында кім жасырылған және оған шығуға қалай көмектесуге болатыны туралы талқылауға болады. Тақта көп орын алмайды, оны топта кез келген орынға орналастыруға, серуендеу кезінде өзіңмен бірге алып жүруге де болады. Бизибордта балалар жеке және топпен ойнай алады.Бизборд баланың қауіпсіз дамуын қамтамасыз ететін құрал. Ал тәрбиеші үшін қызметтік мақсатына оңай қол жеткізетін құрал.

Бизибордты қай жастан бастап қолданған жөн?Бизибордтың құрылымы қаншалықты күрделі болса, соншалықты пайдалану жасерекшелігі үлкейеді. Бизибордтың ең қарапайым түрі баланың 10 айынан бастап қолдануға болады. Ал ең күрделісі физикалық-ақыл-ойы қалыпты дамыған бала үшін 2 жаспен шектеледі. Ал қазіргі уақытта көптүрлі құраммен толықтырылған бизибордтар шығуда, оны 4 жастағы балаға дейін пайдаланады.

Бизиборд көбінесе:

Майда бөлшектерден – түйме, ілмек, ілгектер,есікті құлыптау түрлері – шпингалет, шынжыр,ағаш есептегіш,қимылды көрсететін айналмалы дөңгелектер, шарлар,Сандық циферблаттар, телефон дисклары, теледидар пульты,баулар, есік қоңырулары, геометриялық фигуралар ұяшықтары.

Бизиборд кез-келген бала үшін дамуына ең қажетті ойыншық, ал ата-ана мен тәрбиеші үшін оқытудың ерекше, қызықты құралы.ты еу

Балаларға алғаш жекеленген заттарды,жануарларды,құстарды бейнелейтін суреттерді көрсетіп, оларды атай білуге уйрету қажет.Сергіту кезінде бөлменің әр жерінде ілулі тұрған суреттерді «Аю қайда?көгершін қайда? Әтеш қалай дауыстайды?» деген сөздерді айтсаң балалар көздерімен іздейді.Қолдарын шошайтып көрсетеді.Бұдан балалардың есте сақтау,көру,бақылау қабілеттері дамиды. Заттың формасын,түсін ажыратып,форманы өзіне лайық қуысқа орналастыруда мынандай ойын ұйымдастыруға болады.

Ыдыстың ішіне салынған заттарды сылдырлату.Балалардың назарын,есте сақтау қабілетін тудыру.Шыққан дыбысқа бала назарын аудару,ыдыс ішінен алып көрсету.

Мынау – төртбұрыш,төрт бұрышы бар.Домаламайды.Төртбұрышты өзіне лайық ойылған ыдысқа салып көрсету.3-4 рет қайталау.Балаға салғызу.

Дөңгелекпен таныстыру. Қабырғасы жоқ,доп домалақ,сондықтан домалайды доп сияқты. Оны да дөңгелеп ойылған ыдысқа салғызу.

Үшбұрышпен таныстыру сабағы да солай өтеді.Енді формаларды бір бірімен салыстыру, заттарды атай білуге, есте сақтау қабілетін дамыту сабағын үйретіп барып, әрекет жасауға үйретеміз.Сабақтың мазмұны қарапайым болуы керек.

Ендігі осы балалармен сенсорлық тәрбиесін дамытудағы алдағы істелетін жұмыстар:

Балаларды бірыңғай заттарды сенсорлық белгілеріне қарай топтауға үйрету.Үлгі бойынша және ауызша берілген тапсырмаларды орындауға үйрету.

Балаларға үш түсті (қызыл,сары,көк) форманы (дөңгелек, төртбұрыш,үшбұрыш) үйрету қажет.

Жарты дөңгелек,жарты алма,жарты төртбұрыштың екінші жартысын табуға, бірте бірте кішірейе беретін заттарды жинауға үйрету қажет.

Сенсорлық ерекшелігі әр түрлі іс -әрекетте,бейнелеу өнерінде, құрастыруда, түрлі құбылыстарды бақылау кезінде заттардың қасиеттеріне қалай қолдана білуге үйрету.Заттармен құбылыстардың сенсорлық ерекшеліктері мен сапаларын іс- әрекет үстінде бекіту.Құрылыс материалдарын байланыстыра орналастыру білуге машықтандыру.Құрастыруды аяқтаған соң матириалдарды ұқыпты түрде орын орынына жинап қоюды үйрету.

Балалардың сенсорлық тәрбиесін ең алдымен бала айтқан сөзіңді,тапсырманы түсіну керек.Сөзіңді түсінбей бала ешқашан айтқаныңды істемейді.

Ата- бабамыз жасаған асыл мұраны меңгерту, айналасына жүрек сезімін оятып,ана тілін түсінуге үйрету,оның музыкалық әуезін санасына ұялатып,зердесіне жеткізудің барлығы - баланың нәрестелік шағынан басталатыны баршаға аян. Ендеше сол нәрестелік шағын ана тілінде сіңіру біздің міндеттіміз.

Әр тәрбиеші сабақтан жеке өзіне бекітілген балалармен тереңдете жұмыс істесе біздің балалардың даму қабілетттері өз жас мөлшерімен сәйкес келеді.


Қортынды.


Осылайша, жұмыс нәтижесі тиімді болуы үшін саусақтың нәзік қозғалысын қалыптасыру бойынша түрлі – әдіс –тәсілдер мен қабылдаулар міндетті түрде пайдаланылуы қажет. Жұмысымның нәтижесі ретінде түрлі жұмыстар атқару барысында балалар қызығушылығының артқанын байқадым. Көрнекті ғалым - Мария Монтессори: «Жұмыс жасамас бұрын баланы үйретудің амалын табу, қайталама жатығулар арқылы қозғалыстар дайындау қажет деп айтқан. Бала затты алғанда жаман қылық жасағанын байқаса, өзін жеке қателік жасадым деген сезімге бой алдырады, сонымен қоса баланың алғашқы әсері немесе ойы – өте анық және күшті» екенін естен шығармау керек деп жазған болатын. Міне, сондықтан да шығармашылық процесстен, өзі жасаған істен, әр жұмысты немесе әр қимылды жоғары қызығушылықпен жасауға үйретемін. Бұдан әрі де түрлі қызметке деген қызығушылықты қалыптастыратын ұсақ қол және жалпы моториканы дамытуға септігін тигізетін жаңа әдістемелік қабылдаулар іздеcтіру жұмысын жалғастырамын.

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.Балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту,олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда оқу-зерттеу жұмастарының маңызы өте зор.Танымдық іс-әрекеттің шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады.Өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық ізденімпаздықты қажет етеді.Зерттеу жұмыстары оқу үдірісімен қатар жүре отырып,баланың танымдық біліктерінің дамуына негіз болады.Әсіресе,бұл жұмыстарда әр баланың жеке мүмкіндіктер мен қасиеттері айқындалады.

Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру,оның денсаулығын нығайту,ақыл-ой,адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп,түптеп келгенде мектепке даярлау,тікелей ата- ананың үлесіне тиеді.

Жұмысының нәтижесі ретінде түрлі жұмыстар атқару барысында балалар қызығушылығының артқанын байқадым.Көрнекті ғалым Мария Монтессори: «Жұмыс жасамас бұрын баланы үйретудің амалын табу,қайталама жаттығулар арқылы қозғалыс

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
284
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі