жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытудағы М.Монтессори әдіс тәсілдерінің тиімділігі
«Білім беруді трансформациялаудың өзекті бағыттары» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің аудандық педагогикалық оқуларына қатысуға сұраныс
(жеке куәлік бойынша) |
Темирешова Гульмира Хузаировна |
|
МКҚК «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
|
|
Мектепке дейінгі тәрбие ОАБ-ІІ № 0137701
|
|
- |
|
Мектепке дейінгі білім беру |
|
«Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытудағы М.Монтессори әдіс-тәсілдерінің тиімділігі» |
|
8 778 569 46 12
|
|
|



«Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытудағы М.Монтессори
әдіс – тәсілдерінің тиімділігі»
Құрманғазы ауданы
МҚКҚ «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы
Балабақша тәрбиешісі
Темірешова Гүлмира Хұзаиырқызы
Кіріспе
Мария Монтессори 1870 жылы 31 тамызда Италияда дүниеге келген. М.Монтессори дәрігер, педагог, философ, ғалым, гуманист.
М.Монтессори өзінің жұмысын ақыл — есі кем балалардан бастады, кейіннен ол ақыл – есі кем ғана емес, барлық балалармен арнайы педагогикалық жұмыс істеуіне көшті. Ол әлемдік атағын өзінің педагогикалық жүйесінің арқасында алды. 1907 жылы 6 қаңтарда Римде алғашқы «Монтессори мектебі» ашылды. Әлемнің әр түкпірінде ойларынМонтессори технологиясын балалардың шығармашылық ойларын дамыту үшін өте қолайлы.
М.Монтессори педагогикасында не маңызды?
Бұл бағытта бала туылғанынан бастап тұлға ретінде қарастырылады. Әр бала, әр адам секілді әмбебап. Оның басқа жүйелерден карағанда айырмашылығы осында жатыр. Балаға өздігінен козғалу, даму мүмкіндігі беріледі, мұның барлығы аяқ астынан болады, бірак кейбір жағдайларда оған ересектің көмегі қажет, сол көмекті алады да. Ересектер бала үшін жағдай жасайды
Балабақашадағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен ойын жаттығуларын жүргізу - тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Балалармен ойын жаттығуларын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйрету.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік ойын жаттығуларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа іс-қимылды меңгерту;
-үйренген сөздерін, іс-қимылдарын тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі ойын жаттығулар жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Өзектілігі:
Балалардың ұсақ моторикасын дамыту қазіргі заманда ең өзекті мәселе болып табылады. Балалардың психикасы мен бас миының іс-әрекетін зерттеген кезде ғалымдар оларға қол функцияларының үлкен ықпал тигізетінін атап өтті. Баланың қалай дамып келе жатқанын көрсететін, оның интелектуалдық қабілетін айғақтайтын дәл ұсақ қол моторикасы екендігі белгілі. Қазіргі заманғы балалардың жалпы моторикасы және тіл дамуының жетілуі төмен деңгейде, ол көбінесе кіші жас балаларда байқалады. Қол моторикасы жетілмеген балалар өзі-өзіне қызмет көрсету іс-әрекеттерін епсіз орындайды, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте де (сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру) басқа балаларға ілесе алмайды. Осы себептен, өзіне деген сенімі, өзін бағалауы, эмоционалдық көңіл-күйі төмендейді. Осының барлығы келешекте мектептің бастауыш сыныптарынан бастап, баланың оқуға деген ынтасын төмендетіп, негативтік әсерін тигізуі мүмкін.
МАҚСАТЫМ: Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу; өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру; балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.
Міндеттерім: Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу; негізгі түстерді айыра білуге үйрету; Ұсақ моториканы дамыту. Алғашқы математикалық, ғарыщтық түсініктерді қалыптастыру.Зеиінін тұрақтандыру;Тәртіпке үйрету.
Балалық шақ – баланың сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі болып табылады.Бұл кезде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын,кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі.Заттармен іс-әрекетте бала оның түсін түрін,қасиеттерін біле бастайды.
Баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар:
Біріншісі – заттар мен құбылыстардың әр трүрлі қасиеттері жөніндегі түсініктерді меңгеруі;
Екіншісі – қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға жаңа әрекетін игеруі.
Сенсорлық тәрбие - түйсік пен қабылдаудың бірдей дамуы.Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен бастап-ақ өзін қоршаған заттардың қасиетін түсініп,талпыныс пайда болады. Қабылдаудың ерекше қасиеті балалар жақын адамдарды тани алатындығы.Бөтен адам көрсе жатырқап жылайды.Ал заттарды қабылдау дағдысы ұмтылу іс-әрекеттері арқылы жасалады. Сенсорлық тәрбие баланың сезім мүшелерінің дамуына,дүниені түсініп тануына әрекет жасайды.
Сенсорлық тәрбиені ойын арқылы дамыту өте қолайлы.Өйткені ойын – тәрбие құралы.Ол балалардың дүние танымын дамытудағы ең тиімді амалдардың бірі.Ойын арқылы балалар айналасындағы нәрселердің атын,болмысын ғана танып қоймайды, түр түсін, не үшін керектігін білетін болады.Сонымен бірге, ойын арқылы іс-әрекетін іске асырады.Ойын кезінде ғана балалардың өзін қоршаған ортаға қатынасы дамып, танып біледі.
Ойын арқылы заттың қалай пайдаланатынын түсінеді.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалайды,А.С.Макаренко:«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың маңызы болса, олар үшін ойынның да маңызы бар.Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да көп жағынан сондай болады.Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.»
Ойынның мазмұны түпкі ниеті – балалардың нені және қалай ойнайтыны, ойын әрекеттері тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі.Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ынтаны қоздырады.Ойын кезінде балалардың білімі мен ұғымы тереңдей түседі.
Ойын – өзінше бір мектеп, сол арқылы бала дүние туралы түсініктерді игереді.Көптеген ойындардың мазмұнына әндер,тақпақтар енгізіледі.Осының бәрі баланың сенсорлық тәрбиесінің әсерленуіне мүмкіндік береді.Бала ойын арқылы күш жігерін жаттықтырып,қоршаған заттар мен құбылыстардың сырын ұғынып,еңбек дағдысына үйрене бастайды.Ойын баланы тек дене жағынан жетілдіретін қимыл-қозғалыс,іс- әрекет қана емес,оларды ой еңбегіне баулу,түсініктерін дамыту құралы болып табылады. Балалар үйіндегі балалардың сенсорлық төрбиесін дамыту үшін біздің міндеттеріміз:мәдени – гигиеналық машықтарға тәрбиелеу, ой – қиялын белгілі дәрежеде өсіру, бастаған ісін аяқтай білуіне жағдай жасау, айналамен таныстыру, ойын, еңбек машықтарына тәрбиелеу.
Заттармен жүргізілетін әрекеттерді күннен күнге күрделендіре берген жөн.Әртүрлі қобдишаларды ашып жабуға, біліктен сақиналарды шығарып,қайта салуға, кубиктерді бірінің үстіне бірін жиюға, бір затты екінші заттың ішіне салып,қайтадан шығара білуге үйрету керек. Шариктерді немесе доптарды шашып жинау,ермектікойындар ұста ұста ауа шарларын ұшыру арқылы балалардың кеңістікті бағдарлауы дамиды.
Бизиборд-ең кішкентай балаларға арналған Монтессори әдісі. Мария Монтессоридің өзінің өнертапқыш шәкірті Бизиборддың құрметіне аталған баланы дамыту тақтасы. Ол Монтессоридің педагогикалық әдістемесінің жарқын мысалы болып табылады.
Бизиборд – бұл дамыту тақтайшасы немесе сабақ өткізуге арналған тақтай. Тақтайша бала қолының ұсақ моторикасын дамытуға әсер етеді. Ол үшін онда құлыптар, ысырмалар, шпингалеттер, оларды жабуға және ашуға арналған су құбыры краны, бәтеңкенің бауы, ленталар бар.
Сақинамен ойында балалар қозғалыстар тепе-теңдігі мен көзөлшемін қалыптастырады. Зейіннің дамуына ажыратқышпен және тоқ көзін қосатын құрылғымен әрекет ету әсер етеді. Баланың қиялын дамыту мақсатында есіктің артында кім жасырылған және оған шығуға қалай көмектесуге болатыны туралы талқылауға болады. Бизиборд мектепке дейінгі жастағы балалардың төзімділігінің қалыптасуына ықпал етеді, балалар құрылғыларды ұзақ оқып, өздеріне ұнаған іс-әрекеттерді бірнеше рет жасап, оларды автоматтандыруға жеткізе алады.
Тақта көп орын алмайды, оны топта кез келген орынға орналастыруға, серуендеу кезінде өзіңмен бірге алып жүруге де болады. Бизибордта балалар жеке және топпен ойнай алады.
Баланы тәрбиелеу – ата-ананың назарын үнемі талап ететін күрделі міндет. Баланы қадағалау, дамыту, қатерден қорғау ата-ананың барлық уақытын талап етеді. Бизборд баланың қауіпсіз дамуын қамтамасыз ететін құрал. Ал тәрбиеші үшін қызметтік мақсатына оңай қол жеткізетін құрал.
* Тіпті ең қарапайым дамытушы тақта сезінуді көздейді, бұл ұсақ моториканы дамытады.
* Кез келген қарапайым іс-әрекет бланың ойлау қабілетін жақсартады. Ақпаратты дұрыс және жүйелі сақтауына әсер етеді.
Бизибордты қай жастан бастап қолданған жөн?
Бизибордтың құрылымы қаншалықты күрделі болса, соншалықты пайдалану жасерекшелігі үлкейеді. Бизибордтың ең қарапайым түрі баланың 10 айынан бастап қолдануға болады. Ал ең күрделісі физикалық-ақыл-ойы қалыпты дамыған бала үшін 2 жаспен шектеледі. Ал қазіргі уақытта көптүрлі құраммен толықтырылған бизибордтар шығуда, оны 4 жастағы балаға дейін пайдаланады.
Бизиборд көбінесе:
-
Майда бөлшектерден – түйме, ілмек, ілгектер.
-
Барлық есікті құлыптау түрлері – щеколд, шпингалет, шынжыр.
-
Ағаш есептегіш.
-
Қимылды көрсететін айналмалы дөңгелектер, шарлар.
-
Сандық циферблаттар, телефон дисклары, теледидар пульты.
-
Баулар, есік қоңырулары, геометриялық фигуралар ұяшықтары.
Бизиборд кез-келген бала үшін дамуына ең қажетті ойыншық, ал ата-ана мен тәрбиеші үшін оқытудың ерекше, қызықты құралы.
СертификатПрП
Практикалық бөлімі.
Балаларға алғаш жекеленген заттарды,жануарларды,құстарды бейнелейтін суреттерді көрсетіп, оларды атай білуге уйрету қажет.Сергіту кезінде бөлменің әр жерінде ілулі тұрған суреттерді «Аю қайда?,көгершін қайда? Әтеш қалай дауыстайды?» деген сөздерді айтсаң балалар көздерімен іздейді.Қолдарын шошайтып көрсетеді.Бұдан балалардың есте сақтау,көру,бақылау қабілеттері дамиды. Заттың формасын,түсін ажыратып,форманы өзіне лайық қуысқа орналастыруда мынандай ойын ұйымдастыруға болады.
Ыдыстың ішіне салынған заттарды сылдырлату.Балалардың назарын,есте сақтау қабілетін тудыру.Шыққан дыбысқа бала назарын аудару,ыдыс ішінен алып көрсету.
Мынау – төртбұрыш,төрт бұрышы бар.Домаламайды.Төртбұрышты өзіне лайық ойылған ыдысқа салып көрсету.3-4 рет қайталау.Балаға салғызу.
Дөңгелекпен таныстыру. Қабырғасы жоқ,доп домалақ,сондықтан домаламайды,сондықтан домаламайды,доп сияқты. Оны да дөңгелеп ойылған ыдысқа салғызу.
Үшбұрышпен таныстыру сабағы да солай өтеді.Енді формаларды бір бірімен салыстыру, заттарды атай білуге, есте сақтау қабілетін дамыту сабағын үйретіп барып, әрекет жасауға үйретеміз.Сабақтың мазмұны қарапайым болуы керек.
Ендігі осы балалармен сенсорлық тәрбиесін дамытудағы алдағы істелетін жұмыстар:
Балаларды бірыңғай заттарды сенсорлық белгілеріне қарай топтауға үйрету.Үлгі бойынша және ауызша берілген тапсырмаларды орындауға үйрету.
Балаларға үш түсті (қызыл,сары,көк) форманы (дөңгелек, төртбұрыш,үшбұрыш) үйрету қажет.
Жарты дөңгелек,жарты алма,жарты төртбұрыштың екінші жартысын табуға, бірте бірте кішірейе беретін заттарды жинауға үйрету қажет.
Сенсорлық ерекшелігі әр түрлі іс -әрекетте,бейнелеу өнерінде, құрастыруда, түрлі құбылыстарды бақылау кезінде заттардың қасиеттеріне қалай қолдана білуге үйрету.Заттармен құбылыстардың сенсорлық ерекшеліктері мен сапаларын іс- әрекет үстінде бекіту.Құрылыс материалдарын байланыстыра орналастыру білуге
Машықтандыру.Құрастыруды аяқтаған соң матириалдарды ұқыпты түрде орын орынына жинап қоюды үйрету.
Балалардың сенсорлық тәрбиесін ең алдымен бала айтқан сөзіңді,тапсырманы түсіну керек.Сөзіңді түсінбей бала ешқашан айтқаныңды істемейді.
Ата- бабамыз жасаған асыл мұраны меңгерту, айналасына жүрек сезімін оятып,ана тілін түсінуге үйрету,оның музыкалық әуезін санасына ұялатып,зердесіне жеткізудің барлығы - баланың нәрестелік шағынан басталатыны баршаға аян. Ендеше сол нәрестелік шағын ана тілінде сіңіру біздің міндеттіміз.
Сол себепті «Бесік жыры», «Қаз -қаз бас», «Әлди -әлди» сияқты ана жүрегінің жылуын төге жырланатын әлең -жырларды неге осы нәрестелік шағынан бастамасқа.
Әр тәрбиеші сабақтан жеке өзіне бекітілген балалармен тереңдете жұмыс істесе біздің балалардың даму қабілетттері өз жас мөлшерімен сәйкес келеді.
Өз жемісіміздің нәтижесін көру үшін бір топтағы тәрбиешілер бірдей жұмыс істеуі керек.Бала сонда ғана ана тілінің нәрімен қуаттанып өседі.
Қортынды.
Заттарды тасымалдауға үйрену және қимыл-қозғалысты үйлестіру.
Монтессори бөлмесінде еркін жүріп, қандай аймаққа баратындары өз еріктерінде екенін сезінді. М. Монтссори әдісі балаларға жауап кершілікті, сезінуге,өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де, жұмыс жасай алуына, таңдау жасай, алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді,қолайлы жағдай туғызады.
Бұд әдістің мақсаты- балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес,өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу «Өзімнің жасауына мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ.Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағұлмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі 3 пен 6 жас бірге
Өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкенің кішіге мейірімі, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз.Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту,олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда оқу-зерттеу жұмастарының маңызы өте зор.Танымдық іс-әрекеттің шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады.Өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық ізденімпаздықты қажет етеді.Зерттеу жұмыстары оқу үдірісімен қатар жүре отырып,баланың танымдық біліктерінің дамуына негіз болады.Әсіресе,бұл жұмыстарда әр баланың жеке мүмкіендіктер мен қасиеттері айқындалады.
Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру,оның денсаулығын нығайту,ақыл-ой,адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп,түптеп келгенде мектепке даярлау,тікелей ата- ананың үлесіне тиеді.
Жұмысының нәтижесі ретінде түрлі жұмыстар атқару барысында балалар қызығушылығының артқанын байқадым.Көрнекті ғалым- Мария Монтессори: «Жұмыс жасамас бұрын баланы үйретудіңт амалын табу,қайталама жаттығулар арқылы қозғалыстар дайындау қажет» деп айтқан.Келешекте де өткізген жұмыс нәтижесінің жемісті болу үшін жаңа бағытта әдіc-тәсілдерді іздестіріп қолдануды жалғастырамын.
Нәтижесінде.
-
Баланың сөйлеу

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген