Материалдар / Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту Қордың ұсақ моторикасын дамыту жұмыстарын баланың сәбилік кезеңінен бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ететін массаж жасау керек. Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты. Ұсақ және жалпы моториканы дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2021
2294
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape4

1


ҚShape1 ұрастырған

Нұрсеитова А.С.











Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту

әдіс құрал















Көкшетау 2021






Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту:

әдістемелік құрал/А.–30 бет.





Бұл әдістемелік балалардың ойын арқылы ұсақ қол моторикасын дамытуға және сал ауруына шалдыққан ерекше балаларға арналған ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар ұстаздың іс – тәжірибелерінен алынған.





















Түсінік хат

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту жұмыстарын баланың сәбилік кезеңінен бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты. Ұсақ  және жалпы моториканы дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз. 

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, ынтасы артып, қабілеті дамиды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Саусақ ойынын үй жағдайында да әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады.

Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.

Әдістемелік құралда берілген материалдарды жапсыру, құрастыру, мүсіндеу, құрастыру түзету сабақтарында қолдануға болады.




Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту


«Адамды жалпы тіршіліктің әмірші еткен
интеллектуалды артықшылықтар емес,
ол қол - осы органмен барлық органды меңгереміз»
Джордано Бруно


Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар мен ойындарға көшпес бұрын бала жасына байланысты ұсақ моториканың ерекшеліктерін атап көрсеткен жөн болар:

3-6 айда

  • Бала қолын аузына апарады.

  • Қ олдың қимылын көзбен қадағалайды.

  • Көрген затына қолын созады және алады.



6-12 айда

  • Бір қолындағы затты екінші қолына ауыстыра алады.

  • Қ асықты ыдысқа, текшелерді қорапқа сала алады.

    1-2 жаста

  • Шимайлар мен сызықтар сала алады.

  • Ыдысты қолына алып, көтеріп іше алады.

  • Төртбұрышты төртбұрышқа, домалақты домалақ тесікке сала алады.

  • Кітапты парақтай алады.

  • 5-6 текшені бірінің үстіне бірін қоя алады.


2-3 жаста

  • Үлгіге қарап қарапайым пішіндер сала алады.

  • Қайшымен қиюды біледі. Қақпақтарды аша алады.

  • Ірі моншақтар тізе алады.


3-4 жаста

  • Қаламды дұрыс ұстай алады.

  • Нүктеленген суреттерді бастыра алады.

  • Өзіне домалап бара жаттырған допты ұстай алады.

  • Қағазды бүктей алады.

    4-5 жаста

  • Қарапайым пішіндерді бояй алады.

  • Негізгі әріптердің баспа түрін жаза алады.

  • Адамның негізгі мүшелері бар суретін сала алады.

  • Қалтаның ішіндегі заттарды сипап сезу арқылы не екенін айта алады.

  • Ермексазбен жұмыс жасай алады.

  • Бау байлай алады.

    5-6 жаста

  • Суреттерді жиектеп ұқыпты қия алады.

  • Әріптер мен сандарды жаза алады.

  • Геометриялық пішіндердің суретін сала алады.


Қолдың ұсақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар өте көп. Олар шартты түрде топтарға бөлінеді. Қол, қолдың білезік және саусақтарының қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындар, яғни ойыншықтармен кез-келген заттармен өткізіледі. «Мозайкалар», «Конструкторлар» - аталған материалдар саусақтардың белсенді қозғалысына әсер етеді. Мозайкада ұсақ бөліктерден толық сурет құрап шығару мақсаты тұрады. Ойын барысында бала бөлшектермен қозғалыс жасайды, байқағыштық, төзімділік, табандылық пайда болады.

Моншақтармен ойын

Екі қолдың да бағдарлауын арттырады. Балаға тізуге арналған бау және әр түрлі теңдіктегі, әр түрлі диметрді моншақтар беріледі. «Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді. Бұл ойында тек қол ісмерлігі ғана емес, сенсорлық (түс, көлем, пішін) қабілеті дамиды.


Баулармен ойындар
Сенсомоторлық бағдарлауды, ұсақ моториканы, жазықтықта бағдарлауды «жоғары», «төмен», «оң», «сол» ұғымдардың игеруіне жәрдемдеседі, тілді дамытады, зейінді тұрақтандырады, қол белсенділігін және икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.

Қысқыштармен ойындар
Қысқыштармен ойналатын ойындар өте нәтижелі. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді. Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады.

Сурет салу
Сурет салу –
барлық балалар жақсы көретін, әрі пайдалы ісі. Қарындаш, қылқаламмен парақта, қатты қағазда сурет салу қатып қалған қағида емес. Қарда, құмда, терлеген терезе бетіне, асфальтта сурет салуға болады. Алақанмен, мақталы таяқшалармен, көкөністер бастырмаларымен және т.б. әдістермен, яғни бейнелеудің дәстүрлі емес техникалары арқылы сурет салу өте пайдалы әрі қызықты.

Балаға әр түрлі пішіндерді тік сызықпен салуға, суреттің үзік сызық бойымен жүргізу, үлгімен сурет салу, суреттің аяқталмаған екінші бөлігін салу – шығармашылық қабілетті, есте сақтау қабілетін, түсті қабылдауды дамытады.


Ермексазбен ойын

Ермексаз баланы жалпы дамытатын әр түрлі қызықты ойындар өткізуге мүмкіндік береді. Балалар ермексазды қолмен жібітеді, саусақпен бөліп алады, домалатады, ширатады, ермексазды қалауынша қалыпқа келтіреді және кез-келген уақытта ермексазды бүлдіріп алам деп қорықпастан жұмысына өзгеріс енгізеді, ол өз ісіне деген сенімділік тудырады.
Қазіргі дамыған технологиялар арқасында, ермексаздың жетілдірілген түрі. Ермексаздан айырмашылығы, қолға, үстелге жағылмайды, пішінді сақтамайды. Ұсақ саусақ моторикасын дамытады, агрессияны басады, шығармашылық қабілетін, тілін дамытады, қолдың бұлшықеттерін бекітеді. Өте пайдалы құрал.


Қағазбен жұмыс

Жай қағаз үлкен мүмкіндіктерге ие. Қағазды кішкентай бөлшектерге жыртып, бөлшектерден сурет салуға болады.

Қағазды умаждап, допқа айналдыруға болады, қағазды қырқуға болады. Оригами өнерінің пайдасы ұшан теңіз.


Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық, анықтық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді». 
Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын –ертегілер пайдалануды ұсынады .
Қол моторикасы– бұл саусақтың ұсақ бұлшық еті мен қолдың қозғалысын реттеу. Ол тек қозғалысты ғана орындап қоймай , бала миының жұмысының дамуы, тіл дамыту,сондай-ақ есте сақтау, көңіл, логикалық ойлау қабілеті психологиялық процесінің дамуы үшін қажет. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады. Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен . Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі

Ұсақ қол моторикасын дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі қабылдаулар мен әдіс – тәсілдер қолдандым:


• саусақтық ойын тренингісі
• саусақ гимнастикасы, сергіту сәттері
• саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар
• саусақтық театр
• ермексаз және тұздалған ұннан, табиғи материалдардан жапсыру жұмыстарын мүсіндеу (тұқым, жарма, ұлу қабыршықтары және т.б.)
• сызудың дәстүрлі емес техникасы: қылқалам, саусақ, тіс щеткасы және май шам және т.б..
• құрылыс жасау: қағаздан, ЛЕГО конструкторымен
• бастырмалардың түлері
• графикалық моториканы дамыту
• трафаретпен сурет салу
• түр сызықпен түрлеу
• суретті аяқтау (симметрия принципі бойынша)
• лабиринттер
• дидактикалық ойындар
• М. Монтессори әдісі
• Кіші заттармен ойнау
• пазл, мозаика қолдану

Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуді, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек. Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау - балалардың ең жақсы көретін шығармашылық жұмыстары. Мұндай жұмыс балалардың қиялдарын, ойлары мен бармақтарының ұсақ моторикасын дамытады. Ұсақ қол моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Жасжарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады.

Бас миы мен ұсақ қол моторикасының өзара байланысы бас миының қабығы әрқайсысы бір денеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Бас миының қабығында қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы қабығының үштен бір бөлігі қол мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеу зонасы бір – біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан егер баланың саусағы нашар дамыған болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты «сөйлеу органы» деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана емес сондай –ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет.

Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық анықтық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді».
Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын –ертегілер пайдалануды ұсынады Т. А. Ткаченко сергіту сәтіне жаттығу енгізу бас миының сөйлеу зонасының қимылын белсендіреді, ол баланың сөйлеу тілін түзетуге мүмкіндік береді деп тұжырым жасаған. В. В. Цвынтарный ұсақ қол моторикасын дамытуға есептеу таяқшалар мен сіріңкемен жұмыстар жасатудың әсері мол деген көзқарас білдіреді.

Жеке жұмыс тәжірибесін сипаттау
Жұмысқа кіріспес бұрын қалай жұмыс жасау керек, қандай материалдар қолданамын деген мақсатта нақты жоспар құрдым. Жұмысымның негізіне ойындар енгіздім. Қозғалысты ойын - балалар үшін дүниені танудың бір тәсілі. Балалар ойынының қозғалысы қаншалықты анық болса, бала дүниемен соншалықты терең таныса алады. Алдымен мектепке дейінгі ортаңғы топ балаларының (4-5 жасар) саусақтары мен қол ептілігін анықтайтын диагностика жасадым. Диагностика жасау барысында балаларға үш түрлі жаттығу ұсындым:


- доппен ойнау (допты лақтыру және оны ұстап қолмен алу, ұстаған допты бір қолмен еденге ұрып алып жүру, жоғары лақтырып, оны қағып алу)

- қарындашпен ойнау (затты айналдырып сызу және оны сызыққа тастау)

- саусақпен жеке қимыл жасау.

Өзіме мынадай міндеттер қойдым: саусақ қозғалысын жақсарту, өзіне –өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру бойынша жаттығулар жасату, баланың жалпы қозғалыстық белсенділігін арттыру. Қойылған міндеттерді орындау үшін жұмыстың түрлі нысандарын пайдаландым. Тәлімгер мен балалардың бірлескен қызметіне баланың логикасын және басқа да қабілеттерін дамытатын жаттығуларды қатаң және жүйелі түрде жүзеге асыратын мақсат қойдым.

Балалардың әлеуметтік дағдысын, қызметтің түрлі нысандарын меңгеруді дамыту бойынша жеке жұмысты ұйымдастыруға да міндет қойдым. Балаларды жеке тұлға ретінде құрметтейтін бала мен үлкендер қарым – қатынасын негізге алған микроклимат жасалды.
Балалардың еркін өзіндік қызметі баланың жеке қабілеті мен мүддесіне сай таңдалған жаттығулар баланың өз бетімен дамуына септігін тигізді. Жұмысымның негізгі әдісіне саусақ ойыны әдісін қолдандым. Бірлескен және жеке жұмыста саусақ жаттығуын массаж (саусақтың басынан қол буынына дейін сипау) және жаттығу (әр саусақты жеке –жеке бүгу және бүктеу) түрінде жүзеге асырдым. Массаж - пассивті гимнастиканың бір түрі болып табылады. Массаж - бұлшық ет жүйесінің тонусын, бұлшық ет икемділігі мен әрекет жасау қабілетін арттыруға көмектеседі. Сондай –ақ, балаларға табиғи материалдармен массаж жасау ұсынылды (шырша бүршігі, жаңғақ, доптар т.б. Осындай жаттығу нәтижесінде баланың қызығушылығы артты, саусақ гимнастикасы тақпақ оқумен жалғастырылды. Тақпақты тыңдаған балалар саусақ қозғалысының көмегімен тыңдалған тақпақтар мен мазмұнын және бейнелер арқылы сахналады. Сюжетті материал ретінде тақпақтар пайдаландым. Жаттығуға ұласқан тақпақ – сезім ритмін қалыптастыратын және жетілдіретін негіз болып табылады, қолайлы эмоционалды жағдай пайда болады, соның арқасында бала ойынмен айналысады, орындайтын қозғалысты қызғушылықпен орындайды, ал бұл саусақ қозғалысын жақсартады. Тақпақты бейнелеу, тыңдау және түсіну дағдысын дамытады. Ұсақ қол саусақтарын дамытуға арналған картотека құрастырдым: «Саусақтық жаттығулар», «Жолшықпен жүру», «Физминуткалар». Бірлескен және өзіндік әрекет кезінде саусақ театр қозғалыстарын қолдандым. Ол балаға бір мезетте сценарист, режиссер-постановщик болуға мүмкіндік береді. Театрландырылған қойылым шығармашылық потеницалды ғана емес сөйлеуді және оған саусақ белсенділігін дамытуға көмектеседі. Саусақ театрының тағы бір жағымды жағы – бала ойын нысанында кеңістік және санау түсінігіне үйренеді. Саусақ театрына арнап ертегілер кейіпкерлері бойынша қуыршақтар әзірледім: «Қоян мен түлкі», «Бауырсақ» және т.б.

Жапсыру ісімен айналысу қол мойнының буыны және ұсақ әрі жалпы қол моторикасын дамытуда маңызы зор. Жапсыру ісімен айналысу баланың сенсорлы және кеңістікті сезіну, қабылдауын дамытуға қажетті. Өз жұмысымда жапсыру ісімен айналысуда ермексаз, тұздалған ұн, тұқымнан және ұлу қабыршығынан жасалған оюларды жиі қолданамын. Бұл еңбекті көп қажет ететін, қызықты жұмыс болғандықтан баланың назарын, көз бен қолдың өзара қозғалыс үйлесімділігін, анықтылығын және келісілген сенсомоториканы дамытады. Қағаздан бұйымдар жасау - қол мойын буынының кіші бұлшық етін дамытуға әсер етеді. Мұндай жұмыстар баланы қызықтырады, қиялдарының дамуына, сындарлы ойлауына септігін тигізеді. Қағазбен жұмыстың бірі ретінде жыртылған қағаздар қолданылды. Қағазды ұсақтап жырту саусақ күші мен ұсақ қимылын басқару дағдысын дамыту жаттығу болып та есептеледі.

Сондай –ақ, балаларды ойындар мен инсценировкада қолданған қағаздан ұсақ–түйектерді жасауға үйреттім.

Бірлескен қызметке сурет салудың көптеген дәстүрлі емес түрлерін пайдаландым: тампондау, қылқалам, май шам, тіс щеткасы көмегімен қолдан жасалған мөр және т.б. Сурет салу кезінде балалардың жалпы елестері, шығармашылығы дами түседі, ақиқатқа деген эмоционалды қатынастары тереңдейді, графикалық дағдылары қалыптасады.

Басты назар суреттерді бояуға бөлінді. Бұған бояу альбомы мен дайындамалар қолданылды. Бояу қозғалыс үйлесімін дағдыландыруда ұсақ қол моторикасын дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ететін түр сызықтарының бірнеше түрлерін қамтыды. Қол қозғалысының анықтылығы мен сенімділігін дамыту бойынша нақты бағытта параллель сызықтар жүргізетін ойындарды да қолдандым.

Баланың графикалық дағдысын дамытуда неше түрлі қызықты әдіс – тәсілдер жеткілікті: нүктелер бойынша суретті бір – біріне қосу. Элементарлы математикалық түсінікті қалыптастыру бойынша бірлескен қызметте жазықтық үлгілеу әдісі (жазық геометриялық фигуралардан шекті мөлшерде жасалған суреттер), есептеуіш таяқшамен жаттығулар әдістерін қолдандым. Қызметтің осы түрлері балалардың байқағыштық, зерделілік, ойлау және қиялдау, ұғыну қабілеттері дамиды. Мұнда өзім ойлап таптым, өзім шындығын айттым деген бала шығармашылығын дамытатын мүмкіндіктер ұсынылды.

Балаларды құрастыру ойыны өте қызықтырады.(ЛЕГО базасындағы конструкторлар). Балалар көптеген және түрлі құрылыстар тұрғызды. Конструктордың ұсақ детальдарымен жұмыс жасау барысында қол саусағының кіші бұлшық еттері, қиялдау, шығармашылық белсенділік қабілеттері дамиды. Балаларға пазл құрастыру, қармақ бауына моншақтар тізбектеу өте ұнады. Сондай - ақ, ұсақ заттарды (түймелер, бұршақтар, фасольдар, талшын және т.б.) қолдандым. Мысалы: заттарды іріктеу, осы заттарға массаж жасау, сипау арқылы затты анықтау, сипау арқылы заттарды санау. Баланың ұсақ қол моторикасын дамытуға байланысты дидактикалық ойындар ойластырдым: «Санайық» ойыны (бау арқылы заттар санының қатыстылығы мен саны), «Сиқырлы моншақ» ойыны (түрлі нысандағы жазық геометриялық фигуралар көлемін тізбектеу, баудың түсі; заңдылықты сақтай отырып, жазық бойынша фигураны орналастыру).

Өткізілген жаттығулар мен ойындарды жұмыстың түрлерімен ұластырдым. Әрине, жұмыс жасау барысында әр баланың жеке ерекшелігі мен психофизиологиялық дамуын ерекше ескердім. Жыл аяғында ұсақ қол мен буын моторикасын дамытудың қорытынды диагностикасын жасап отырдым. Ұсақ қол моторикасын дамыту бойынша жасалған жүйелі, кешенді жұмыстың нәтижесі оң әсер еткенін көрсетті. Ата – аналармен жұмыс жасау жұмыстағы ең маңызды бағыттың бірі. Ата – аналармен жұмыстың бастапқы кезеңдегі негізгі міндеті – ата – ананың балалар қызметіне белсенді араласуын қалыптастыру. «Саусақтық гимнастика», «Жазудың бірінші қадамы» тақырыптарда көрнекілік – папка әзірледім. Педагогтар мен ата – аналарға балабақшада және үйде баланың ұсақ қол моторикасын дамытудағы көкейкесті мәселесін көрсететін консультация өткізілді.
Осылайша, жұмыс нәтижесі тиімді болуы үшін саусақты

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!