400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Балаларға арналған ертегі "Мәриям" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға ,оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы
Құрастырған: Ержаханова Гулбану ЗубайровнаАтырау облысы,Құрманғазы ауданы,.С.Н.Имашев жалпы орта мектебінің мемлекеттік тіл пәні мұғалімі.
Балаларға араналған ертегі
Мәриям
Өткен бір заманда Мәриям атты өте салақ қыз болыпты.Ол үстіне киген киімі түгіл өз денесінің тазалығына да көңіл бөлмепті.Анасы таза жүр,жуын деп айтса да құлағына ілмепті.Мәриям күні бойы кір-кір болып көше кезіп,ойын ойнап таң атырып,кеш батырыпты.Азаннан кешке дейін жұмыста жүретін анасы да оны қарауға уақыты болмапты.

Бірде Мәриямның іші қатты түйіп ауырады.Ол қанша шыдайын десе де шыдатпайды.Далада ойнап жүрген Мариям жылап үйіне қарай жүгіреді.Алдынан кішкене күшік шығып:-Мәриям,неге соншама жылап келесің?-деп сұрайды.-Ішім ауырып келеді,-дейді Мәриям.-Әрине ,ауырады.Сен ешқашан тазалық сақтамайсың,лас жүресің.Қолыңды жумай тамақ ішесің,-дейді ақылды күшік.-Қойшы,сен не білесің?Ақылын қарай гөр,-деп Мәриям кете береді.

Жолдан оған мысық кездесіп:-Мәриям,не болды,неге жылап келесің ?-дейді.-Ішім ауырып жылап келемін.Ал ақымақ күшік болса: « Қолыңды жумай тамақ ішкен соң ішің ауырады,»- деп ,жыныма тиді,-дейді қыз.-Күшік дұрыс айтады.Мына маған қарашы,мен күнде беті-қолымды жуамын.Сен де тазалық сақтасаң,ауырмайсың,-дейді мысық.-Қарашы, бәрі сөз байласып қойғандай .Тез жолымнан кет!-деп Мәриям ашуға одан сайын булығады.

Ал іші тіпті де шыдатпай барады.Мариям жерге ішін ұстап отыра кетіп ,дауыс салып жылай бастайды.Оның дауысын естіп іінінен тышқан шығып:-Не болды сонша жылап,кім саған ұрынған,-дейді.Мәриям:-Ішім ауырып ,мазам кетіп келемін Оның үстіне күшік пен мысық жуынбай жүрген соң ішің ауырады деп ,жыныма тиді.Мысық осы сенің де жауың емес пе?Айтшы ,оның айтып отырғаны бос сөз емес пе?-дейді.Сонда тышқан:-Мысық екеуміз ежелден жауласамыз.Бірақ оның осы сөзінің жаны бар.Қолыңды жумай ас ішсең,қолыңдағы арам заттар аспен аузыңа кетеді.Одан ішің ауырмақ түгіл өліп кетуің де мүмкін.Тездетіп емшіге қарал.Көп айтса,біліп айтады.Үнемі таза жүрсең,жаман болмайсың,-депті



Мәриямды күшік,мысық,тышқанның сөздері ойландырып тастапты.Анасы оны емшіге апарып,Мәриям тәуір болыпты. Содан соң ол үнемі жуынып,үсті-басын таза ұстайтын болыпты






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.02.2019
675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі