Балаларға арналған викторина сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балаларға арналған викторина сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Викторина: Табиғаттың қоршаған ортамен байланысы. Дайындық тобындағы баларға арналған. Мақсаты: - балаларға тағибат, онда кім және не болатыны туралы түсінік беру; - балалардың сөздір қорын кеңейту; - ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру қабілетін дамыту; - балалардың табиғатқа деген қызығушылығын туғызу; - балалардың табиғатты қорғауға бағытталған білімдерін жалпылау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Викторина: Табиғаттың қоршаған ортамен байланысы. Дайындық тобындағы баларға арналған.

Мақсаты: - балаларға тағибат, онда кім және не болатыны туралы түсінік беру;

- балалардың сөздір қорын кеңейту;

- ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру қабілетін дамыту;

- балалардың табиғатқа деген қызығушылығын туғызу;

- балалардың табиғатты қорғауға бағытталған білімдерін жалпылау.

Міндеттері: 1. Балалардың табиғаты туралы білімдерін бекіту, табиғатқа ұқыпты және қамқорлық туралы; Құстар, жәндіктер, жануарлар, ағаштар туралы білімді; Табиғатта мінез-құлық ережелерін біріктіру.

2. Тәрбиеші мен құрдастарына мұқият тыңдау қабілетіне тәрбиелеу.

Көрнекілік: Табиғат туралы суреттер, пазылдар, ойынға арналған құралдар.

Әдіс-тәсілдер: Ойын, сергіту сәті, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ.

Билингвальдық компонент: Табиғат – природа , ауа- воздух, жер- земля.



(Балалар музыка ырғағымен залға кіріп орындарына жайғасып отырады)

Жүргізуші: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Біз «Табиғат білгіштері» атты экологиялық викторинамызды бастаймыз!

Ол үшін ойын шартын есімізге түсірейік:

- Қойылған сұрақты дұрыс тыңдап алшу керек. Бір-бірлеріңе кедергі жасамаймайсыңдар. Тапсырманы аяғына дейін дұрыс орындау керек.

Бір топ жауап беріп жатқан кезде шуламай тыңдау керек.

Әділқазылар тағайындалады.

Сонымен, бастаймыз!

- Табиғат ол анамыз

Табиғатқа баламыз

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз

Жазда аралап тауында

Барамыз біз бауында

Өзеніне шомылып

Жүгіреміз жауында.



(Презентация көрсету)

1слайд: - Біздің экологиялық викторина « Табиғат білгіштері» атауымен өтеді.

2 слайд: - Біздің жершарымыз бір үлкен әдемі үйге ұқсайды.

3 слайд: - Ол бізді өзінің тамаша күнімен, жерімен қуантады.

4 слайд: - Өзінің ғажап тауларымен, мөлдір суларымен баулып әкетеді.

5 слайд: - Жершарымыздың табиғатын сақтап қалу біздің қолымызда!



1) Екі топ өздерімен таныстырады.



2) Сергіту ойын: « Болады – болмайды»

- Жаңбыр жазда (болады)

- Шөп қыста (болмайды)

- Боран жазда (болмайды)

- Жапырақтар күзде түседі (болады)

- Қар ериді көктемде( болады)

- Кемпірқосақ қыста (болмайды)

- Мұз күзде(болады)

- Қар жазада (болмайды)

- Ыстық қыста (болмайды)



3) «Суретті құрастыр»

Балаларға қиылған суреттер беріледі. Қай топ суретті тез жинап, суретте не бейнеленгенін айтады сол топқа ұпай беріледі.



4) «Сұрақ – жауап»

- Ең мойны ұзын жануар? (керік)

- Өзінің баласын сөмкеде қай жануар тасиды? (кенгуру)

- Құлағы ұзын қорқақ (қоян)

- Қыста ұйқыға кетеді ( аю)

- Өз үйін өзі тасиды ( тасбақа)

- Құрлықтағы ең үлкен жануар? (піл)

- Мұхиттағы ең үлкен жануар? ( кит)

- Айлакер, қу жануар? (түлкі)



5) Қимылды ойын: « Томар»

Тапсырма: бір жағадан екінші жағаға төмпешіктен төмпешікке секіріп өту. Төмпешіктің сыртына басқан бала ойыннан шығады. Қай топтың балалары жылдам әрі барлығы түгелдей өтеді сол топқа ұпай саны беріледі.



6) «Жұмбақтар сайысы»

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Шым - шытыр,

Шидай қотыр. (Жұлдыздар)

Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ, жетеді.

Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)

Ат шаптырым аумағы,

Байқалмайды салмағы.

Мың кессең де ол мейлі,

Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)

Қараңғыда жымыңдайды,жанады,

Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)

Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз есік қағады. (Жел)

Арыстан арқырады,

Орман жарқырады. (Найзағай)

Қуып едім-мойнын бұрмады,

Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)

Қанаты жоқ – ұшады,

Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

Көктен түседі,

Жер ішеді. (Жаңбыр)



Мың кессең де ол мейлі,

Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)

Қараңғыда жымыңдайды,жанады,

Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)

Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз есік қағады. (Жел)

Арыстан арқырады,

Орман жарқырады. (Найзағай)

Қуып едім-мойнын бұрмады,

Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)

Қанаты жоқ – ұшады,

Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

Көктен түседі,

Жер ішеді. (Жаңбыр)



6) « Дұрыс- бұрыс» суреттегі дұрыс және дұрыс емес қылықтарды атап көрсету.



7) Табиғат туралы тақпақтар айту

Табиғат деген – Жер Ана,

Балалар оны бағала.

Табиғат деген – туған жер,

Қорғайды оны барлық ел.



Табиғат егіз адаммен,

Ұқсастық табам содан мен.

Мәңгілік болсын егіздер,

Жер – ана, көл, теңіздер.





Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Күресейік бір – бір ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.





Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.

Сылдыр қаққан мөлдір су да әдемі.

Биік –биік шыңдарым да әдемі.







Табиғат- ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.



8) Әділқазы алқасының қорытындысы

- жеңімпаздарды жариялау

- мадақтау

- тәтті приздер тарату



Жүргізуші: - Балалар сендер енді нағыз «Табиғат білгіштері» деген атауға лайықты болдыңдар. Табиғатты қорғап, аялап жүріңдер!

Дайындаған: Абутаева Карина және Айракбаева Земфира

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.04.2022
1149
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі