400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балаларға базарлық" викторина

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарағанды облысы мектептері арасында жыл сайын жүргізілетін "Бір аймақ - бір кітап" акциясы шеңберінде өткізілген викторина әзірлемесі. 1-4 сынып оқушыларына 10 қазақ ертегілерін оқуға берілген болатын. Сол ертегілер шеңберінде 3-сынып оқушыларымен "Балаларға базарлық" викторинасы өткізілді. Материал қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне көмек ретінде керек. Осы әзірлеме арқылы қазақ ертегілеріне қатысты неше түрлі ойын түрлерін өткізуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Теміртау қаласы әкімдігінің

«Теміртау қаласының №16 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











«Балаларға базарлық»

қазақ ертегілері бойынша викторина





Өткізген күні: 19.02.2018ж

Өткізілген сынып: 3 «А», 3 «Б» сынып

Өткізген мұғалім:

Н.А. Тугелбаева



















Теміртау қаласы


Викторина: «Балаларға базарлық»

Мақсаты:

  • Оқырмандардың ертегілерді білу арқылы ойлау, сөйлеу қабілетін үйлесімді дамыту;

  • Оқырмандарды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;

  • Ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;

  • Ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

  • Қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу.

Міндеттері:

  • Оқырмандармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру;

  • Оқырмандардың кітапханаға қызығушылықтарын арттыру;

  • Оқырмандардың ойлау қабілеттерін дамыту;

 

Әдісі: Сұрақ-жауап. түсіндіру - көрсету, баяндау, бақылау, дидактикалық, логикалық ойындар, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: Ертегілер бойынша кітап көрмесі, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, таратпа қағаздар.

Қатысушы топ: 3 «А», «Б» сынып оқушылары.

 

Викторина барысы:

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сіздер - «Балаларға базарлық» атты сайысқа қош келдіңіздер!












Балалар ертегі деген не? Әр халықтың өзінің ертегілері бар және олардың кіріспе сөздері де әртүрлі басталады. Мысалы: орыс халқының ертегілерінде «Жыли-были» деп басталса, қазақ халқының ертегілерінде айтылғандай,

«Бар екен де, жоқ екен,

Бөре бақауыл екен

Түлкі жасауыл екен,

Ертек, ертек, ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен,

Құйрығы келте екен,

Құйрығы қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен», - деп,

біз де ертегі әлеміне кірейік, ойындарға, жеңіске жетейік. Ал енді өздерін оқыған қазақ ертегілерін атаңыздаршы? Ол үшін біз үш топқа бөлінуіміз керек.

Балалар ертегіге байланысты «Алдаркөсе», «Қожанасыр», «Ер Төстік» деп үш топқа бөлінді.

Picture 2 Picture 3 Тапсырма №1. «Пазл» ойыны. Балалар ертегі кейіпкерлері бар суреттердің қиылған бөліктерін жинап, пазл құрастырды. Оқушылар бұл ойынға қызығушылықпен кірісті. Ойын барысында топпен жұмыс жасап, жақсы нәтиже көрсетті.

Picture 4

 










Құрастырып болған соң әр топ ертегі атауын тауып, сол ертегіні мазмұндады. Мазмұндау барысында балалардың қазақ ертегілерін жақсы білетіні, түсінгені байқалды. Балаларға топпен жұмыс жасау, пазл құрастыру, ертегі желісін мазмұндау секілді бөліктері ұнады.



Picture 1

Picture 3





Тапсырма №2. «Жоспарды жүйеле». Балаларға «Ер Төстік» ертегісінің мазмұны берілді, бірақ бұл мазмұнды бір ретке келітіріп, жүйелеп алу керек. Ол үшін қате орналасқан жоспар атауларын ретке келтіру керек.


Жоспар

1. Тоғыз ұлды үйлендіру (Женить девять сыновей)

2. Ер Төстіктің ағаларын іздеп шығуы (Тостик отправился на розыски братьев)

3. Ер Төстіктің дүниеге келуі (Рождение Тостик)

4. Төстіктің жер астына түсуі. (Вход Тостик в подземелье)

5. Шойынқұлақ пен Ер Төстік. (Шоин-Кулак и Ер Тостик)

6. Елге оралу. (Возвращение к родным )

7. Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы (Ночевка в урочище Соркудук)

8. Ер Төстік және оның адал достары. (Тостик и его верные друзья)


Дұрысы

  1. Ер Төстіктің дүниеге келуі.

  2. Ер Төстіктің ағаларын іздеп шығуы

  3. Тоғыз ұлды үйлендіру.

  4. Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы

  5. Төстіктің жер астына түсуі.

  6. Ер Төстік және оның адал достары

  7. Шойынқұлақ пен Ер Төстік.

  8. Picture 5 Елге оралу.






Бұл ойын да топтық жұмыс арқылы іске асты. Picture 4 Жұмыс барасында балалар ертегіні еске түсіріп, жоспар атауларын ретке келтірді. Нәтижесінде бір топ тапсырманы жақсы орындаса, кейбірі жоспар атауларының орнын ауыстырып алғандары болды. Бірақ оқушылардың ертегіні жақсы білетіні көрінді.




Тапсырма №3. «Кім жылдам» ойыны. Әр топтан топ басшысы шығып, сұрақтарға тез жауап берді. Сұрақтар қазақ ертегілері бойынша болды.


Сұрақтар:

  1. Ертегілерде кездесетін жағымсыз кейіпкер? (Мыстан кемпір)

  2. Дәу қай ертегінің кейіпкері? (Қаңбақ шал)

  3. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінде Айдаһардың ауруына ем болатын қанды кім іздейді? (Маса)

  4. Шықбермес Шығайбай қай ертегінің кейіпкері? (Алдаркөсе)

  5. Қожанасыр қандай олжаға кездесті? (Жұмыртқа)

















Нәтижесінде балалар сұрақтарға тез жылдам жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.


Викторина соңы:

Осымен «Балаларға базарлық» деген викторинамыз аяқталды. Топтардың белсенді қызығушылықпен қатысуы, топпен жұмыс істеуі, ертегілерді жақсы білуі, сұрақтарға тез жылдам жауап беруі арқылы ойын жақсы, көңілді және қызықты өтті.

Балалар викторина барысында белсенділік танытқандары үшін, тәтті сыйлықтармен марапатталды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24.02.2019
2716
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі