400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балаларға геометриялық пішіндерді таныстыра отырып сойлеу тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап түстерді ажыратуға үйрету, логикалық ойлауын жетілдіру, зейін қоюға, байқағыштыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Жанкент ЖОМ

Күні: 25.10.2019 ж

Мұғалім логопедтің аты-жөні: Мұстафа З.І.

Сынып: МАД/1 сынып

Қатысқандар саны: 6

Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы:


Балаларға геометриялық пішіндерді таныстыра отырып сойлеу тілін дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап түстерді ажыратуға үйрету, логикалық ойлауын жетілдіру, зейін қоюға, байқағыштыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Коррекциялық мақсаты: тапсырмаларды орындау барысында сөздің дұрыс айтылуын қадағалау, ұсақ маторикаға арналған тапсырмаларды орындау, тыныс алуын, есте сақтау қиялын дамыту, ойындар ойнату арқылы баланың есте сақтау қабілетін дамыту, сөздерді өзара байланыстырып ойды жүйелі айтуға дағдыландыру

Дамытушылық мақсаты: пішіндерді танып ажыратуға, тапсырмаға сәйкес фигураларды біріктіріп конструкторлық құрылым жасауға қызығушылығын арттыру, дамытушы ойындар мен тапсырмалар арқылы өз бетімен жұмыс жасау қабілетін арттыру

Тәрбиелік мақсаты: баланы ұқыптылыққа, тәртіптілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу

Сабақ мақсаттары

Оқушының сөйлеу дағдысын дамыта отырып, өз ойын дұрыс анық, нақты жеткізе алуына ықпал жасау арқылы геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын молайту

Тілдік мақсат

Пішіндердің түрін ажыратады, әртүрлі фигуралармен жұмыс істеу барысында берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушының сөздік қорына енген жаңа сөздерді, яғни геом-лық терминдерді меңгереді

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: текше шаршы куб үшбұрыш тікбұрыш сопақша сөздеріне түсінік береді


Бағалау критерийлері

Геометриялық пішіндерді заттың құрылысына ерекшелігіне

қарай ажыратады, айнала қоршаған ортадан сәйкес келетін

денелерді атайды,сөздерді дұрыс айтуға көңіл бөледі

Құндылықтар-ды дарыту

Тапсырмаларды орындау барысында сөздің дұрыс айтылуын,дамытушы ойындар мен тапсырмалар арқылы өз бетімен жұмыс жасау қабілетін арттыра отырып

ұқыптылыққа, тәртіптілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Ритмика, әліппе, кеңістікке бағдар,сурет

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, музыкалық плеер

Бастапқы білім

Байланыстыра сөйлеу тілін дамытуды жалғастыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс-тар




Сабақтың басы














































Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі























































Сабақтың соңы


Сәлемдесу

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Қонақтарды көргенде

Қуана қарсы аламыз

-балалар, қазір қандай сабақ?

-біз логосабаққа не үшін келеміз?

(анық, дұрыс, түсінікті, тұтықпай сөйлеуді қалыптатыру үшін)

1.Қызығушылықты ояту

-Қане, кәне тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

Кел балалар ойнайық

Ойнайық та ойлайық

Қандай жұмбақ болсада

Шешпей оны қоймайық

2.Мағынаны тану

жұмбақ

А) Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады (қар)

Ә) Жолбарысқа ұқсайды

Тышқанды ол ұстайды (мысық)

Б) Бата алмас түлкі

Өңкей тікен үсті (кірпі)

Геометриялық пішіндер туралы түсінік беру

Геометриялық пішіндер туралы слайдты тамашалап көрейік


1-тапсырма (топтық жұмыс)

Сеген тақтайлары арқылы геометриялық пішіндерді түсіне қарай орналастыру (1-топқа)

2-тапсырма (топтық жұмыс)

Пішіндердегі ойықтарға қарай адам сұлбасын құрастырып шығу (2-топқа)

Көңіл күйіміз қалай, балалар

3-тапсырма (жеке тапсырмалар)

Ендігі тапсырмамыз күрделене түспек, алдарына берілетін кеспе парағына мұқият қарай отырып, кескіндердің пішіні мен түсіне қарай орналастырып көрелік

Сергіту сәті

«Сиқырлы өзен» релаксациялық сергіту сәті

4-тапсырма (жеке тапсырмалар)

1-оқушы дөңгелектерді тақтайшадағы берілген ретке қарап жинап шығуы шығуы керек

2-оқушы әртүрлі пішіндерді қадаға жинап шығуы керек

3-оқушы геометриялық пішіндерді резеңке арқылы құрасытырып береді

4-оқушы мозаиканың көмегімен үй жануарларын құрастырады

5-оқушы салынған заттардың пішініне қарай көлеңкесін табады

6-оқушы (МАД оқушысы)- геометр. пішіннің бірін таңдап мозайкалық түймелер арқылы сызбасын құрастырады

Әр оқушы тапсырма соңында түсінік береді.

Түзету (коррекциялық) бөлім

1.Оқушыларды екі топқа бөліп демге арналған жаттығуды орындатамыз, әр топта екі үрленнетін түтікше мен шар беріледі

2.Сиқырлы әуенге салып сөздерді буынға бөліп айтқызу

Ра-ру-ре ре-ру-ра

3.«Не артық?» «не кем?» сурет кескіндері арқылы есте сақтау қабілетін дамытамыз

4.Артикуляциялық жаттығулар









Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз


Бағалау

Алған білімді жұлдызшалар арқылы бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

Геом пішіндер туралы түсінік ала отырып тілін дамытады

Күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындайды

Геометриялық пішіндердің түрлерін ажырата алады,

түрлі пішіндерді композициялауда элементтерді

пайдалана алады.

Оқушылардың сабақты түсінгенін тексеру

— Геометриялық пішіндер туралы не білдіңдер?

— Белгілі бір әріптерді дыбыстауда қандай

артикуляциялық жаттығуларды жасауымыз керек?

  • Тапсырмаларды орындау барысында сөздің дұрыс

айтылуына көңіл бөлдің бе?

  • Ұсақ маторикаға арналған тапсырмалар мен тыныс

алуға арналған жаттығуларды өз бетімізше

орындай аламыз ба?


Денсау-лық және қауіпсіз-дік техника-сының сақталуы

Сергіту сәті, тыныс алу жаттығулары, тілге арналған жаттығуларды өткізіледі; өмір қауіпсіздігі ережелерінен мұғлұмат алады

Сабақ бойынша рефлексия



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі