|
Күні
Білім беру
саласы: «Вариативтік
компонент»
Бөлімі:Зерттеу
және тәжірибе.
Тақырып: «Балалармен бірге танымдық
тәжірибе жұмыстары».
Мақсаты: Су мен ауа жайлы білімдерін
кеңейту және бекіту.Су мен ауаның қасиеттерімен
таныстыру,іс-тәжірибе жасауға
қызығушылығын
арттыру.Су мен ауаға
қамқорлық жасауға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік
мәне: Балаларды судың қасиетімен
таныстыруды жалғастыру(дәмі,иісі,түсі жоқ ,белгілі пішінде
болмайды,жақсы еріткіш болып
табылады).
Дамытушылық
мәні: Себеп салдарлық қатынастарды
белгілеу дағдыларын қалыптастыру арқылы балаларға судың мөлдір
болатының жайлы,суда тірі ағзалардың өмір сүре алатыңдығы туралы
түсінік беру.Ауаның түссіз,көзге көрінбейтіндігін,қолға
ұсталынбайды және ауа барлық тірі ағзалардың тіршілік көзі екенін
түсіндіру. Тәрбиешілік
мәні:Сүйіспеншілік пен
қызығушылықтарын арттыру,суға ауаға деген ұқыптылығын
арттыру.
Әдіс-тәсілдер:1)Су,ауа тақырыбына
әңгімелеу.
2)Су мен ауа
қасиеттерін анықтау,тәжірибе
жұмыстары.
Көрнекті
құралдар:Тәжірибе жұмысына арналған
заттар,су құятын тәрелке,стақан,сіріңке немесе тіс
шұқығыш,жұмыртқа,тұз,қант,шар және пластикалық
бөтелке.
Билингвальды
компонент:ауа- воздых, су-
вода.
Ұйымдастыру оқу
іс-әрекетінің барысы:
I Кіріспе
бөлімі :
“Шаттық
шеңбері”
Күннің көзі
ашылып,
Көкке шуақ
шашылсын.
Құтты қонақ
келіпті,
Төрімізге
еніпті.
Амандасу
үлкенге,
Тәрбиенің басы
ғой.
Ал қанекей
бәріміз,
Сәлем дейік
үлкенге.
Сәлеметсіздер ме
апайлар!
II Негізгі
бөлімі:
Балалар қош
келдіндер зертханаға.Балалар тындандаршы ненің дыбысы естіліп
тұр?
-Апай бұл краннан
ағып жатқан судың дыбысы.
-Дұрыс.Енді балалар
судың қасиетін атап
беріндерші?
- Судың
дәмі,иісі,түсі жоқ ,белгілі пішінде болмайды,жақсы еріткіш болып
табылады.Крандағы суды ішуге
болмайды.
-Дұрыс
айтасындар.
Балалар маған бір
хабарландыру келіпті.Онда жұмыртқаның суреті және жұмбақ
жасырылған.
Жұмбақтар.
1)Аяғы жоқ ,қолы
жоқ,
Бірақ тыныш
тұрмайды.
Сақтамасан- қорын
тек,
Барша тіршілік
қурайды.
(Су)
2)Есігі
жоқ,
Тесігі
жоқ.
Ақ доптың
ішінде,
Нәсібі
көп.
(Жұмыртқа)
3)Өзі
ащы,
Бірақ,
Дәмді етер
асты.
(Тұз)
-Дұрыс таптыңдар
енді сол суға байланысты зерттеу
жасайық.
1)Тәжірибе:
Әрбір бала пласмаст
стаканың алып су құйады.Енді осы ыдыстарға жартысына тұз
салып,араластырып жұмыртқаны саламыз.Жұмыртқа стақандағы судың
бетіне көтеріледі .Өйткені тұзды су заттарды женілдетін судың
бетіне ұстап тұрады.
-Ал енді
жұмыртқаларды тұшы суға салсақ ,жұмыртқа бірден түбіне
түседі.
Балалар маған тағы
хабарлама келді.Мұнда жұмбақтар,қант,су сабын,таяқшалар немесе
сіренке таяқшаларының суреттері тапсырма ретінде келіпті.Қанекей
қай жерде бұл заттарды көріп
тұрсындар?
-Дұрыс.Енді осы
заттарға бойланысты жұмбақтарды шешіп,зерттеу
жасайық.
Жұмбақтар.
1)Өзі аппақ
қардай,
Шайға салсан
балдай.
(Қант)
2)Аспан түстес
сұйық,
Әркім ішер
құйып.
(Су)
2)Тәжірибе:
Тәрелкедегі суға
сіренке немесе тіс шұқығышты күн шуағына ұқсатып саламыз,ортасына
рафинад қантты қоямыз.Қант пен сіренкеміз күннің көзіне
ұқсайды.
-Қантты алып тастап
ортасына бір тамшы езілген сабын құямыз.Сол кезде ортадағы жиналған
таяқшалар жан- жаққа ыдырап
кетеді.
Балалар мінекей
қатты затқа заттар тартылып тұрады,сұйық сабынды құйғанда,су
қозғалып таяқшалар ыдырап
кетеді.
Сергіту
сәтті.
Күн болып
жанайық,
Мөлдір су болып
ағайық.
Гүл болып
жайнайық,
Терең- терең дем
алып,
Жүгіріп- жүгіріп
алайық.
3)Тәжірибе:
Шұнғыл
2ыдысқа,біріне қайнаған ыстық су,екіншісіне мұздай су құямыз.Бос
пластикалық бөтелкелерді алып,аузына шарларды кигіземіз.Балаларға
бөтелкенің ішіндегі ауаны қалай сыртқа шығып,шарды үрлейтінің және
көзбен көріп,ұстай алатынымызды
зерттейміз.
-Бос бөтелкені ең
алдымен ыстық суға саламыз.Сол кезде ыдыстағы ауа жоғары
көтеріліп,шарды үрлейді.Біз ауаны көріп,ұстай
аламыз.
-Енді жанағы бос
ыдысты мұздай суға саламыз,онда балалар ауаның ішке қара сығылғаның
бақаймыз.
Балалар бізге
индрайверге жұмбақ ретінде тапсырмалар келіпті.Шешіп келесі
зерттеуді жасайық.
Жұмбақтар.
1)Көзге
ілінбейді,
Жұтсан
білінбейді.
(Ауа)
2)Жылт- жылт
етеді,
Жылғалардан
өтеді.
(Су)
-Балалар бұл ауа мен
суды зерттеу үшін біз бейнелеу орталығына
барайық.
4)Тәжірибе:
Стақанға:бояу,су,су
сабын құййып араластырамыз.Қолымызға түтікшені алып суға, түтікше
арқылы ауаны үрлеп көпіршік
жасаймыз.
Шыққан
көпіршіктердең,таза қағазды алып бетіне жабамыз.Үшке дейін санап
жапқан қағазды көтергенде,әр түрлі суреттер пайда
болады.
III
Қорытыңды:
-Балалар тыңдандаршы
бір дыбыс шығып жатыр бұл дыбыс қайдан шығып
жатыр?
-Краннан аққан судың
дыбысы.
-Дұрыс
айтасындар.
-Краннан аққан судың
суретіне жаныңда жатқан суреттерді
жапсырып,қорытыңдылайық.
-Дұрыс айтасындар
,судың тұщы-ащы болатының
зерттедік.
-Суға қантты
салғанда жан жағындағы заттар бір- біріне
тартылғаның,
Сұйық сабынды
құйғанда ыдырағаның көрдік.
-Ыстық,суық су
арқылы бос бөтелкенің ішіндегі ауа сыртына шығып шарды
үрлегенің,суыққа салғанда сығылғаның
көрдік.
-Дұрыс айтасындар
түтікше арқылы ауны үрлеп,көпіршіктең сурет
салдық.
|