жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
балалармен өткізетін тренинг
Тақырыбы:
«Ойлай отырып, ойнайық!»
Мақсаты:
мектеп алды дайындық тобы тәрбиеленушілерінің
шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы
дамыту.
Сабақ
түрі:
ойын, тренинг сабағы
Сабақ
әдісі:
ойын
Қажетті
құралдар:
суреттер, слайд.
Ұйымдастыру:
Тренинг
ережесі:
*Күлімсіреу;
*Бір
- біріне кедергі жасамау;
*Өзгенің
пікірін сыйлау;
*Сөзді
бөлмеу, тыңдау;
Барысы:
І.
Кіріспе сөз.
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл -
күйлерің қалай, жақсы ма? Ендеше, бүгінгі
ойын сабағымызды бастамас бұрын, әрбір
ойынды ойнағанда мына ережелерді
есімізге сақтап алайық, сонда ойынымыз
сәтті өтеді.
ІІ.
Танысу рәсімі:
«Достық
тренингі». Топ мүшелерін біріктіру,
топта жағымды ахуал құру, жұмыс
белсенділіктерін арттыру.
Қатысушылар
шеңбер құрып тұрады. Өз есімін теңеу
сөздермен(өзін қалай атаған ұнайды?)
таныстырады да, бір - бірінің қолдарынан
ұстайды. Жаттығу осылай жалғасады,
барлық қатысушылар қамтылу керек.
Соңында «достық шеңбері» пайда болады.
ІІІ. «Суреттің жұбын тап» ойыны.
Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту
Қажетті
құралдар:Күрек – тырна, қызғалдақ –
раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп
– сәбіз, кітап – дәптер. Магниттік
тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: фасоль
– горох, анар - алма, шәйнек - кесе, қораз
- әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа,
Ойын өтілу барысы: Психолог магниттік
тақтаға ойынның суреттерін іледі.
Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына
– фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу,
құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр,
кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі
жағына – горох, анар, кесе, әтеш, шағала,
шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп,
дәптердің суреттерін қояды. Балаларға
жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі
қатардан сол суреттің жұбын тауып
топтастыру керек екенің түсіндіреді.
Балалар кезекпен жұптарын тауып және
неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы:
фасоль суретіне мен горохтың суретін
жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде
асқа жатады.
ІV.
«Белсенді әріптер».
Әр
топқа әр түрлі әріптер көрсетіледі және
1 минуттан уақыт беріледі. Сол берілген
уақыт ішінде тек тиесілі бір топ ғана
көрсетілген әріптен сөз ойлап айтып,
жарысады. Бұл
ойында балалардың ойлау қабілетін
арттыруға бағытталады.
Талдау:
1. Балалар, ойын ұнады ма?
2.
Жауап беру қиынға соқты ма?
V.
Түрлену.
Шарты:
берілген әр түрлі аңдарды, жеміс -
жидектерді, мамандықтарды, т. б. ым -
мимика, яғни пантомима әдісімен қимылдап
бейнелеу, көрсету. Қалған балалар
жасырылған бейнені табады.
VІ.
«Ертегі ойлап тап!». Суретке қарап
қызықты ертегі, әңгімені ойдан құрастыру.
Әңгіме, ертегілер кейіпкерлерінің
суретін көрсете отырып, балалар сол
сурет бойынша ретімен өз ойларынша
ертегіні өзгертіп, қияли түрде құрастыру
қажет. Бір оқушы басын бастаса, келесі
оқушы жалғастырады.
Талдау:
1. Ертегі ойлап шығару қиын болды ма?
2.
Жан - жануарлардың бір - бірімен тату
болғанын қалайсыңдар ма?
VІІ.
«Көбелектер
әлемі» жаттығуы Мақсаты: релаксация
және қиялын дамыту. Қажетті құралдар:
МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер
(бала санына қарай) Жаттығудың өтілу
барысы: Балалар кілемшеге шалқасынан
жатып, аяқ – қолдарын еркін созады.
Психолог арнайы релаксацияның әуенің
қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып,
менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі
жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет
жаздың шуақты күніңде шалғанда
жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір
сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек
гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп
тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл –
қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың
жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді
әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып
үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе
қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың
төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып
жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап
жүргендеріңді сезініп рахаттаңыңдар!Қорытындылау
Ал енді өздерің ұшып жүрген
жерлеріңнентөмендегі жап-жасыл болып
тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы,
қандай жайқалып тұрған гүлдердің
көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді
тауып алып соған жақындай түсіңдер!
Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің
иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы
гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар!
Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар...
енді көздеріңді ашыңдар! Балалар кезекпен
өздеріңің сезімдері жайлы айтады.
ІХ.
«Күлегештер»(смайликтер) салу. Балалар
бүгінгі ойын - тренингтерден алған
әсерлерін, көңіл - күйлерін ақ қағаз
бетіне күлегештерді сала отырып, ол
арқылы өзінің көңіл - күйін көрсетеді,
салады, өз еркісімен әсемдеуге болады.
7
Қорытынды.
-
Жақсы, балалар, бүгінгі ойын сабағымыз
сендерге жақсы көңіл - күй сыйлаған
екен, оны қолдарыңдағы күлегештердің
көңіл - күйі арқылы байқап тұрмын.
-
Осылайша, сабақтарда ойындарды ойнағанда
үнемі дұрыстап ойланып, белсенді
ойнасаңдар, өздеріңнің ақылды бала
екендеріңді дәлеледеп, көрсетесіңдер.
Бақытты балалық шақтарыңда әрдайым
өмірде күлімдеп, ақылды болып жүріңдер!
-
Сау болыңдар, балалар!
Келісілді
«12» бөбектер бақшасының
әдіскері
Каргабаева Ш.С.________
Ойын, тренинг
Мектепалды даярлық тобы
Педагог – психолог:
Жекенова Б.Б.
2018 – 2019 оқу жылы
І. Кіріспе сөз.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қалай, жақсы ма? Ендеше, бүгінгі ойын сабағымызды бастамас бұрын, әрбір ойынды ойнағанда мына ережелерді есімізге сақтап алайық, сонда ойынымыз сәтті өтеді.
ІІ.
Танысу рәсімі:
«Достық
тренингі».
Өз есімін теңеу сөздермен(өзін қалай атаған ұнайды?) таныстырады да, бір - бірінің қолдарынан ұстайды.
ІІІ. «Суреттің жұбын тап» ойыны.
Ойын
өтілу барысы: Психолог магниттік тақтаға
ойынның суреттерін іледі. Суреттердің
орналасуы: жоғарғы қатарындағы суретердің
жұптарын орналастырып, олардың атауларын
атаймыз. Мысалы: фасоль суретіне мен
горохтың суретін жұп қылып топтастырдым.
Себебі екеуіде асқа жатады.
ІV.
«Белсенді әріптер».
Балалар
екі топқа бөлінеді, санау арқылы, Әр
топқа әр түрлі әріптер көрсетіледі және
1 минуттан уақыт беріледі. Сол берілген
уақыт ішінде тек тиесілі бір топ ғана
көрсетілген әріптен сөз ойлап айтып,
жарысады.
Талдау:
1. Балалар, ойын ұнады ма?
2.
Жауап беру қиынға соқты ма?
V.
Түрлену.
Шарты:
берілген әр түрлі аңдарды, жеміс -
жидектерді, мамандықтарды, т. б. ым -
мимика, яғни пантомима әдісімен қимылдап
бейнелеу, көрсету.
VІ.
«Ертегі ойлап тап!». Суретке қарап
қызықты ертегі, әңгімені ойдан құрастыру.
Бір оқушы басын бастаса, келесі оқушы
жалғастырады.
Талдау:
1. Ертегі ойлап шығару қиын болды ма?
VІІ.
«Көбелектер
әлемі» жаттығуы
Жаттығудың өтілу барысы: Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады. Психолог арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаңыңдар!Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар... енді көздеріңді ашыңдар!
Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.
ІХ.
«Күлегештер»(смайликтер) салу. Балалар
бүгінгі ойын - тренингтерден алған
әсерлерін, көңіл - күйлерін ақ қағаз
бетіне күлегештерді сала отырып, ол
арқылы өзінің көңіл - күйін көрсетеді,
салады, өз еркісімен әсемдеуге болады.
Қорытынды.
-
Жақсы, балалар, бүгінгі ойын сабағымыз
сендерге жақсы көңіл - күй сыйлаған
екен, оны қолдарыңдағы күлегештердің
көңіл - күйі арқылы байқап тұрмын.
-
Осылайша, сабақтарда ойындарды ойнағанда
үнемі дұрыстап ойланып, белсенді
ойнасаңдар, өздеріңнің ақылды бала
екендеріңді дәлеледеп, көрсетесіңдер.
Бақытты балалық шақтарыңда әрдайым
өмірде күлімдеп, ақылды болып жүріңдер!
-
Сау болыңдар, балалар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген