Балалармен
сауықтыру жұмыс барысындағы заманауи
педагогикалық технологияларды қолданылуы.
Өзектілігі.
Бала біздің – болашағымыз. Денсаулық,
табысты өмір ретінде адамның мәдени
даму функциясы болып табылады. Міне,
сондықтан мектепке дейінгі жастан
бастап, салауатты өмір салты дағдыларына
қалыптастыру өте маңызды болып табылады.
Мектепке
дейінгі ұйымда заманауи денсаулықты
сақтау технологиялары бойынша жұмыстар
жүйелі және үнемі жүргізіледі. Барлық
сауықтыру шаралары сатылы және күні
бойына бірқалыпты бөлінген.
Мектепке
дейінгі ұйымда денсаулықты сақтау
технологиясын жүйелі жүзеге асыру:
-күн
тәртібі (бейімделу, иілгіш, қатаң,
мезгілге сәйкес);
-кешенді
шынықтыру шаралары (ауамен шынықтыру,
“денсаулық жолдарымен” жүргізу,жалаңаяқ
жүру, ауыз қуысы мен тамақты шаю , таза
ауада болуы, сергіту жаттығулары);
-дене
шынықтыру оқу қызметі;
-қимыл-қозғалыс
тәртібін оңтайландыру: балалардың
дәстүрлі қимыл-қозғалыс әрекеттері
(ертеңгілік жаттығу, дене шынықтыру оқу
қызметі, қимыл-қозғалыс ойындары,
серуендер) және сауықтырудың заманауи
технологиялары (ырғақты пластика,
массажерлер, денсаулық жолдары);
-дұрыс
тамақтануды ұйымдастыру;
-балалармен
және ата-аналармен дәрігерлік-алдын-алу
жұмыстарын жүргізу;
-педагогикалық
үдерістерді ұйымдастыруда Сан-Эпид
талаптарын
сақтау;
-педагогтердің
психологиялық және физикалық денсаулықтарын
сақтау
бойынша кешенді шаралар.
Мектепке
дейінгі ұйымдағы денсаулық сақтау
технологияларының түрлері:
1.Дәрігерлік-алдын-алу;
2.Шынықтыру-сауықтыру;
3.Мектепке
дейінгі ұйымдағы оқыту үдерісіндегі
денсаулықты сақтау технологиялары;
4.Баланың
әлеуметтік-психологиялық жағдайын
қамтамасыз ету технологиялары;
Дәрігерлік-алдын-алу
технологиялары:
Мектепке
дейінгі ұйымда дәрігерлік талаптар мен
өлшемдерге сәйкес, балалардың денсаулығын
сақтау және қорғауды тұрақты қамтамасыз
ету:
-аурудың
алдын-алу;
-індетке
қарсы алдын-алу жұмыстарын жүргізу,
-санитарлық-тазалық
ережелеріне сай тамақ блогына бақылау
жасау;
-дәрумендер
(күзгі-қысқы кезеңде итмұрын тұнбасы,
үшінші
ас мәзірін дәрумендеу)
-мектепке
дейінгі ұйымның барлық қызмет бөлмелерінің
санитарлық-тазалық қызметтерін жүргізу.
Шынықтыру-сауықтыру
технологиялары:
*ертеңгілік
жаттығулар;
*қимыл-қозғалыс
ойындар;
*динамикалық
үзіліс (сергіту сәттері);
*сергіту
жаттығулары;
*ырғақты
пластика;
*шынықтыру
шаралары;
*валеология
туралы әңгімелесу;
*спорттық
және ойын-сауықтар;
*серуендер.