Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалық шаққа саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
"Балалық шаққа саяхат» Мақсаты: Балалық бал дәуренге сапар шегіп қатысушылардың бойында қуаныш сезімін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балалық шаққа саяхат»

Мақсаты: Балалық бал дәуренге сапар шегіп қатысушылардың бойында қуаныш сезімін ояту.

Қажетті материалдар: ватман, жүрекше, түрлі- түсті суреттер, А4 қағаз, қарындаш.


І. Амандасу

ІІ Шығармашылық жұмыс

ІІІ Релаксация

ІҮ Ойын

Ү Қоштасу


І. Амандасу

Сәлем саған аспандағы күніміз,

Бақыттымыз бүгін міне бәріміз.

Сен бар болсаң, біз де бармыз,

Қуанамыз шаттанамыз бәріміз!- деп ақын ағамыз жырлағандай, сәлеметсіздер ме! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бүгінгі біздің «Балалық шаққа саяхат» атты тренингімізге хош келдіңіздер!

Балалық шақ өміріміздегі қызықты да , мағыналы кезең. Сондықтан да оған саяхат жасауды, балалық қызық- қуанышты еске түсіре алармыз деп үміттенемін.

Қазір сізге топпен жеке- жеке амандасып, сол балалық кездегі сіздерді қалай атап еді немесе қалай атағанын қаладыңыз, соны айтып тренинг барысына өзімізге «есім» таңдаймыз.

Және сіздердің алдарыңыздағы қызыл сурет- қуаныштың, жасыл сурет- көңілсіздіктің белгісі ретінде жүрекшен ватманға жапсырамыз.


ІІ. Шығармашылық жұмыс «Ертегі айтайық»

Балалық шақта барлығымызға ертегі тыңдаған ұнайтын еді ғой. Біз қазір сіздермен бірігіп ертегі құрастырайық. Бірақ бұл ертегі ерекше болады, өйткені біз оны соңынан бастап айтамыз (әрқайсысы 1 сөзден немесе сөйлемнен) Қатысушы жаңадан бір сөз айтып, алдыңғы жолдарды қайталайды. Бірінші қатысушы ертегінің соңғы фразасын айтады. Ол «олар бақытты өмір сүріп, бір күнде қайтыс болды». Келесі қатысушы оның алдыңғы жағдайды айтып толықтырады. Ертегі осылай жалғаса береді, ең соңғы қатысушы ертегінің атын айтып, басынан аяғына дейін айтып шығады.

ІІІ Релаксация

Ыңғайлы жайғасып отырып, ақырын көзімізді жұмамыз. Жан- жағымызда болып жатқан құбылыстарды бір сәтке ұмытып, жүрегіміздің соғысына , ішкі жан дүниемізге құлақ түрейік. Денеңізді біртіндеп босатыңыз. Сіздің дем алысыңыз бірқалыпты, денеңізде тыныштық пен сабырлық орнап, жан дүниеңізде жылылық пен ыңғайлылық орнауда. Музыка әуенімен есіңізге балалық шақ бал дәуренді еске түсіріңіз. Өзіңізді сол күнге қайтып оралған адам сияқты елестетіңіз.

Сіз сол күнде жүрсіз. Қуаныштысыз, бақыттысыз. Қандай ғажап, қандай ыстық сәт десеңізші. Барлығы жақсы, өміріңіз жеңіл әрі жайлы. Күн күлімдеп тұр. Айналадағы адамдар сізге қамқор, сізде оларға өз жылулығыңызды берудесіз. Ата- анаңыз, туыстарыңыз, достарыңыз бәрі- бәрі сондай мейірбан жандар. Олар сізге қайтсе де көңілді болуын қалап, қызық- қуаныш силағысы келеді.

Әкеңіздің ақыл-кеңесін, анаңыздың «айналайын» деп сипаған ыстық алақанын ұмыту мүмкін бе? Олардың ыстық құшағында өзіңізді керемет бақытты сезінесіз.

Достарыңыз. Достарыңызбен асыр- салып ойнап, тәтті- тәтті балмұздақ жеп, қырдан алқызыл гүлдер жинағаныңыз жадыңызда болар.

Еркелеп, күліп- ойнап қаншама бақытты бал күндер өтуде.

Сіз осы сәттердің ұзаққа созылуын қалайсыз. Әрқашанда есіңізге сақтауға тырысасыз.

Көрген, естіген, еске түсірген естеліктеріңізге қуана біліңіздер.

Осындай жақсы көңіл—күй, жылы сезіммен көзімізді ақырын ашып, өз бөлмемізге қайта оралайық.

Енді сол сәттерді есімізге түсіре алсақ, сол сәт туралы баяндап берейік.

  1. Өз балалық шағыңызға қайта орала алдыңыз ба?

  2. Кімдерді көрдіңіз, қандай сәт нақты есіңізге түсті

  3. Есіңізге түскен сәт жағымды болды ма?

  4. Балалық шақтан қайта оралғаныңызға өкінесіз бе?

ІҮ Ойын

Қатысушыларға жасырын рольдар жазылған қағаздар таратылады. Екі қатысушыда бір роль жазылған. Қатысушылар рольге еніп, өз актерлік қабілеттерін көрсету арқылы өз жұптарын табуы керек. ( Ата, сәби, қүс, әнші, спортсмен, түлкі, т.б.)



Ү Қоштасу

Тренингке қатысушылар тренинг барысында алған әсерлері бойынша ұнаса- қызыл, кемшілік бар десе- жасыл суретті ватманға жапсырады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
2445
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі