Материалдар / "Балалықтың бал шағы" тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Балалықтың бал шағы" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін - өзі тану пән мұғалімдеріне арналған тренинг ****************************************** САбақ барысында қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2021
451
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі







Бекітемін:

Мектеп директорының м/о :

______________Л.Қалиева







Өзін – өзі тану пәнінен

«Балалықтың бал шағы»





















2021 - 2022 оқу жылы


Мектеп: Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі 

Мерзімі: 25.11.2021 жыл

Ата-аналар саны: ________________

 Мұғалім: Абуева Г.Е және Абызова Г.Ү

Ата-аналар жиналысының тақырыбы:  «Балалықтың бал шағы» тренинг


Мақсаты: Ата - аналарға рухани - адамгершілік тәрбиесі және балаларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың рөлінің маңыздылығын ұғындыру.


Міндеттері:

- отбасы мен мектепте ата - аналардың оқу және тәрбие істеріне араласу белсенділігін арттыру және жан - жақты қолдау көрсету;

- әрбір отбасында балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді жан - жақты дамытуға ықпал ету.

- ата - аналарды жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде іс жүзіне асыруды қажетсінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, А4 парағы, слайд.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, аналар!

Құрметті ата - аналар «Балалықтың бал шағы» атты мерекесінде сіздерді көргенімізге қуаныштымын.

Ата - ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата - ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.


  1. Тренинг: «Амандасу»

Күлкі бейнеленсе онда бір – бірімізге күлімдей қараймыз. Алақан бейнеленсе қолымызды қысып амандасамыз. Жүрек бейнеленсе төс қағысамыз.



  1. « Кімнің баласы? »

Шарты: Балалар ширманың артынан «Анашым, мен сені жақсы көремін» деп айтады, ата - аналар менің баламның дауысы деп табады.


  1. «Сіздің балаңыз қалай жауап берді?».

Шарты: Алдын-ала балаларға сұрақтар беріліп, балалар жауабы алынды, енді сол сұрақтарға сіздер жауап бересіздер.

- Отбасында кім көп жұмыс істейді (ана, әке, мен)?

- Кім көп ұйықтайды?

- Сенімен кім ойын ойнайды?

- Отбасында кім көшбасшы?

- Сенің ең ұнататының:


  1. «Мадақтау мен жазалау»
    Мақсаты: Ата - ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.
    Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.
    Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата - аналарға қорытынды жасау ұсынылады.

  2. .«Қызықты сұрақтар»
    Таратылған парақтарға жауап жазу
    1. Балаңыздың туылған күні?
    2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
    3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
    4. Балаңыздың парталасы кім?
    5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
    6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
    7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
    8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
    9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
    10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

  3. Ата-аналарға кеңес:

  1. Баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді үйренеді;

  2. Егер бала өшпенділікпен өссе, ол қатыгездікке үйренеді;

  3. Егер де балаға күле берсеңіз, ол тұйық болып өседі;

  4. Егер баланы сөге берсеңіз, онда ол кінәлі сезіммен өседі;

  5. Егер баланы әлпештей берсе, ол өзімшіл болып өседі;

  6. Егер бала шыдамдылықпен өссе, онда ол басқаларды қабылдауды үйренеді.

  7. Егер баланы қолдар тұса, онда ол өзіне сенуді үйренеді;

  8. Егер баланы мақтаса, онда ол игілікті болып өседі;

  9. Егер бала шындықта өссе, онда ол әділетті болып өседі;

  10. Егер бала қауіпсіздікте өссе, онда ол адамдарға сенуді үйренеді.

  11. Егер баланы мінсіз сынауды көріп өссе, адамды сынауды, кінә тағуды үйренеді;

  12. Егер бала ақ пейілділік ішінде өссе, сабырлы болуды үйренеді;

  13. Егер бала қолдау көріп өссе, өзіне сенімді болуды үйренеді.

  14. Егер бала өз ісіне оң баға алып өссе, өз – өзін сүйіп өседі.

  15. Егер бала отбасы ішінде қолдау мен достық көрсе, өмірде бақытты болуды үйренеді.


  1. «Бала тілегі» Оқушылардың өз ата - аналарына деген ризашылық пен тілектерін жазады.

  2. Топпен ән айту. Сәндібек Ботабаевтың «Әке - ана» әнін орындайды.

Ақылмен баға берген

Тым артық маған елден,

Әкешім ізіңдегі

Ұлыңмын саған ерген.

Сен жүйрік тұлпар болсаң

Құлынмын саған ерген.

Қайырмасы:

Әнім, жырым дейтін

Ұлым, балам дейтін

Сені жақсы көрем , Әке.

Айым, күнім дейтін

Жаным, ұлым дейтін

Сені жақсы көрем, Ана.

Бастарын хан да иеді

Анаға әр киелі,

Әкені сыйламасаң,

Тірліктің бар күйері

Жүз мектеп бере алмайды Сіз берген тәрбиені.


  1. Жиналыстың қорытынды сәті

Құрметті ата –аналар! Отбасында жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге алып сүйіспеншілікпен балаларымыздың бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамытсақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз.Өз балаларыңызбен қарым –қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жай ғана өз балаларыңызды сүйіспеншілікке бөлеңіз, өз сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, құшақтасуларыңызбен және өздеріңіздің іс –әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген махаббатыңызды көрсете біліңіз. Сонда барлығы жақсы болады! Көп рахмет!



Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Қалиева











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!