«Балам менің баға жетпес байлығым» тренин сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Балам менің баға жетпес байлығым» тренин сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы мен ата-ана арасындағы байланысты анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Тақырыбы: «Балам менің баға жетпес байлығым»
Дайындаған: Қарайдарова Мөлдір Орынбасарқызы
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлін анықтау.Ата-ана мен оқушының арасындағы қарым –
қатынасты нығайту.
Қажетті құрал жабдықтар:Үлестірмелі қағаздар,А4 формат,қалам,фломастер, доп т.б
Әдістері: пікір алмасу,сұрақ жауап,тест, психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Сәлем сөздің анасы» амандасу
2. «Менің балам.....»
3. «Гүл теру» жаттығуы.
4. «Өзіңді білгің келсе...»
5. Балама ақ тілек
6. Қорытынды
Тренинг ережесі: сенімділік,сыйластық,жақын араласу.
Тренинг барысы:
Саламатсыздарма құрметті ата-аналар!Бүгінгі біздің «Балам –менің баға жетпес
байлығым»атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер!
Ата-ана тілегі баласының жақсы адам болуы,еңбексүйгіштігі,кішіпейіл,мейірімді болу. «Ұл
тәрбиелей отырып,жер иесін тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін
сақтау,ұрпақты жалғастыру,өзін-өзі сыйлау қажеттілігінен туындайды.Отбасында адамның жеке
басының қасиеті қалыптасады.Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырып
демеуші ата-ана.
1.Танысу
Ата-аналар бір бірімен танысады.
2. «Менің балам»
Ата-анаға арналған сұрақтар.
1.Балаңыздың туылған күні?
2.Сынып жетекшінің толық аты-жөні?
3.Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
5.Кеше сабақтан қандай баға алды?
6.Балаңыздың сүйікті тағамы қандай?
7.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9.Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
10.Балаңызға ашу үстінде қандай сөз айтасыз?

Балаға арналған сұрақтар.
1.Сенің туылған күнің...?
2.Сынып жетекшінің толық аты-жөні?
3.Аяқ киіміңнің өлшемі қандай?
4.Ата-анаң еркелетіп қандай сөз айтады?
5. Кеше сабақтан қандай баға алдың?
6. Сүйікті тағамың?
7. Қандай түс қатты ұнайды?
8. Спорттың қай түрі ұнайды?
9. 1-сыныпқа қай жылы бардың?
10.Ата-анаң ашу үстінде саған қандай сөз айтады?
3. «Гүл теру»жаттығуы
(Әуен ойнап тұрады,арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару)Барлық ата-аналар гүл теру
алқабына шығады.Бір-бір гүлден алады.Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған.
Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?
Балаңыз сізді ренжітті,сіздің іс-әрекетіңіз.


Page 2

Сіздің бойыңызда,сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басымба?
Балаларда қызғаныш,өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден?
Балаларыңыз игілік істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар?
«Өнегелі отбасы»дегенді қалай түсінесіз
4. «Өзіңді білгің келсе...»
Сурет салу: күн, тау,үй, ағаш, қапшық, жол , сақина, гүл, жылан.
-Егер күн дәл ортасына салынса-жастық шағы қызықты, ал салынса –балалық шағы қызықты,
батысқа салынса- кәрілік шағы қызықты өтеді.
Тау- дөңгелек салынса- мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді
адам. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.
Үй- суретте ағаш үй салынса, арманның орындалады. Егер бір терезе салынған балса, өзіне жақын
бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ
адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсек құмар адам.
Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді, оларға
уақыт бөледікөп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді,қаншалықты әдемі салынса сұлулыққа
соншалықты құштар.
Қапшық-қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше..
Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық, Қапшық жерде жатса, жалқау, түрігеліп тұрса еңбекқор.
Жол- үйге жақын жатса- жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса тапқан
табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам.
Сақина-көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнататын адам. Көз болса болашақты
Ойлайды, капитал жинайды.Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
Гүл- үйге жақын орналасса қуаныш той болады, үйдің жиегінде орналасса,қызықты күндерің жақын.
Жылан- үйден алыс салынса, жауларың алыс, егер жақын орналасса көреалмаушыларың
айналаңда.Суретте қайсысы үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.
5.Ситуациялық сұрақтар
1. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
2. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
3. Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып
беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?
4. Балаңыз белгілі бір пәнді ұнатпай, сабақ оқығысы келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз?
5. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың,
сен істей алмайсың», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай
қарайсыз?

6.Кері байланыс.
Балаңызды соңғы рет қашан жақсы көретініңізді айттыңыз?
Балаңызды соңғы рет қашан құшақтадыңыз?
Қазір сізге балаңызды қалай жақсы көретініңізді айтуға мүмкіндік туып тұр.

Балаңызды бауырыңызға қысып қатты құшақтаңыз,және күнде таңертең осылай жасауға әдет
қылыңыз.











Page 3












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
12.02.2021
717
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі