400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балам сен маған қымбатсың. Тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологилық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балам, сен мен үшін қымбатсың» психологиялық тренингі

Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.

Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің

жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту.

Тренинг бағдарламасы:

1. Кіріспе

2. «Алтын балыққа тілек» жаттығуы

3. «Бала мүсіні» көрініс

4. «Еңбек ағашы» жаттығуы

5. Ой түйіндеу. Қорытындылау

Кіріспе: - Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Дана халқымыздың «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. Бала отбасында жақсы үлгі - өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ. Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер! Қалай ойлайсыздар: “Әркім өзі жол тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Ия, жеңіл жол емес!

2.Ата-аналарды «Шаттық шеңберіне» шақырып, «Алтын балыққа тілек» жаттығуын жүргізу. Шарты: қатысушылар «Алтын балыққа» өздерінің аты- жөнін және тілектерін айтады.

3. «Бала мүсіні» көрініс (15 минут)

Психолог: (баланың роліне ата-аналардың бірін шақырамыз) Қатысушыларға әр топтан көрініс кезінде айтылатын тиым сөздерді естерінде сақтап, орамалмен байлап тұру тапсырылады.

Менің кішкентай қызым бірінші сыныпта оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз, автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш, бәрін білгісі кеп тұрады, тіпті автобусқа асығып келе ж атқанда да көп сұрақтар қояды. Мен қызымның қолынан алдым да, жүгіре жөнелдік.

- Мама, анау не, қарашы! - деді қызым.

- Уақыт жоқ, аяғыңның астына қара, сүрінесің де жүресің! Неге жан-жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА! - деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым сөздерді тура мағынасында түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз әрі қарай мектепке асығып кетіп барамыз. Автобусқа мініп, мен онда өзімнің құрбымды кездестірдім. Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық. Қызым мұхият тыңдап, содан соң былай деді.

- Мама, мама, құстың сайрағанын естимісің? Сағат деген ағай кім? - деді.

Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсың ғой, үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен қызымның құлағын байлаймыз)

Біз автобустан түсіп, жолмен жүгіріп келеміз. Мен кешігіп қаламыз ба деп қайта-қайта сағатыма қарап келемін.

- Бүгін қандай күн, тамаша болады! Мама мен Малика күтіп отырған шығар, мен оған фантик әкелемін дегенмін, анау ше..... – деді.

-Қойшы! Не былшылдап кеттің, уақыт жоқ, онсызда кешігіп келеміз. Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда, әрі қарай жылжыдық. Қызым үндемей келеді, бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып, қолынан салып жібердім.

- Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен. Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып, оған айқайладым.

Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы? Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен аяқтарын байлаймыз) Мен сағатыма қарап, кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.

- Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек, жүруді де ұмытып қалғансың ба, бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сиақты, я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара, сүрінбей,соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы! Неғып үндемей қалдың, мен сенімен сөйлесіп тұрмынғой керең неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп айқайлады.

- Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған. Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп, әрі қарай қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.

Ата-аналардың ой пікірлерін тыңдау:

- Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?

- Ата-ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?

- Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі

бола алды деп ойлайсыздар ма?

- Жақсы! Керемет ой білдірдіңіздер!

4.«Еңбек ағашы» жаттығуы

Ата-аналарды үш топқа бөліп, жапырақтар,жемістер, гүлдер болып,өз ойларын жазып, өз орнына ілу.

Жапырақтар:

Ата-ана қандай болу керек? Ата-ананың мақсат-мұраты.

Жемістер:

Ата-ана еңбегінің нәтижесі.

Гүлдер:

Бала қандай болу керек?

Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі –қайырымды ісі, екіншісі –жүректен шыққан жылы сөзі.


5. Ой түйіндеу.

Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты және қайталанбайтын бейне екендігіне көз жеткіздік. Осы әрбір жан-жақты қайталанбайтын бейнелер «Өмір» атты үлкен өзенде отбасы, жанұя болып тіршілік етіп жатыр. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттан да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Біздің ұрпақтарымыз, баланың – адам екендігін ұмытпауымыз қажет! Бұл кіп-кішкентай адамға айғай мен жаза, өшпенділік пен қаталдық керек емес, оған сіздің мейірімділігіңіз, қамқорлығыңыз және ыстық махаббатыңыз қажет. Бала өзін үлкендер тарапынан болатын зорлық-зомбылықтан және психологиялық қысымнан қорғай алмайды және қорғауды да білмейді. Бірақ балалар біздің мінез-құлқымыздан, қарым-қатынас мәнерімізден үлгі алады: егерде біз айғайлатын болсақ, оларда айғайлайды, егерде біз дөрекелік көрсететін болсақ, оларда дөрекелік көрсетеді, егерде біз қаталдық көрсетсек, оларда соны қайталайды.

Демек, бүгінгі қоғам дертіне айналған тәрбиесі піспеген бала, өз-өзінің өмірімен ойнау, қатыгездік, теріс дінге бет бұру т.б. осының айғағы.

6.Бөлімді қорытындылау

«Психологиялық баға» Шыны ыдыстағы түрлі-түсті қағаздан кішкене етіп жасалған конферттерді ұнататын түсіне қарай алулары сұралады. Таратылған конферт ішінде жағымды сөздер жазылған.

Ата-аналарға сіз өзіңізге арналған сөзді оқығанда қандай көңіл-күйде болсаңыздар, әр күн сайын балаңызға да осындай көңіл-күйді сыйлау психолог аманаты ретінде сіздерден сұралады.



Кучербаева Мейрамкуль Досаевна

28 Ш.Уәлиханов атындағы

орта мектебінің психологы.

Қордай ауданы








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.03.2019
1105
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі