"Балама жайлы жағдай" тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балама жайлы жағдай" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата -аналармен өткізуге арналған тренинг. Сынып жетекшілер пайдалана алады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі











Балама жайлы жағдай



Тренинг





Сынып жетекшісі: Мукашева Ф:М











Мақсаты : Бала тәрбиесіндегі ата –ана мен ұстаздардың жауапкершілігін арттыру, ҰБТ-ге дайындаудағы ата-ананың, баланың, ұстаздың өзіндік дайындығын қалыптастырудағы үйлесімді жұмысты жолға қою.

Міндеттері : оқушылардың ҰБТ-ге дайындығын арттыру, оқушының ой-өрісін дамытудағы ата-ананың қызметін қалыптастыру. Ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті нығайту, әр адамның өзіне деген сенімділігін арттыру.



Жетекші : Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы , көз қуанышы – бала. Бала –дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер адамгершілік құндылықтарды отбасында; мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді,толысып әрленеді. Ендеше бүгінгі тренингімізге ата – аналар мен ұстаздар қош келдіңіздер. Тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Тренингтің кезеңдері.

Психологиялық дайындық.

  1. «Сәлемдесу».

Топта жағымды қарым-қатынас болдыру. Қатысушылар өздерін таныстырып, жанындағы көршісіне тілегін айтып, жылы лебізін білдіреді.

2. «Ой қозғау» Әр ата –анаөздері бүгінгі күнге дейін баласына қандай көмек беріп жатқандығы жөнінде әңгімелейді. Пікір алысып, тәжірибе алмасады.

3. «Миға шабуыл». Мен сіздерді пікірталас клубына шақырамын.

Қызыл, көк, сары түстер арқылы топтарға бөліну.Әр топқа сұрақтар беріледі,сұрақтарды өзара талқылап, қорғауы керек. Қызыл топ- ата-аналар, көк топ- ата-аналар тобы, сары топ – ұстаздар тобы болып бөлінді.

Қызыл түсті топқа сұрақ:

Ата-ана Асқарға ҰБТ-ге жоғары ұпай ала алмасаң, бізден жақсылық күтпе, біз саған көмектеспейміз,-дейді. Асқар ҰБТ-ден төмен ұпай алады.Қатты күйзеліп, жанын қоярға жер таппайды. Ең соңында өз-өзіне қол жұмсайды.

Сұрақ :

1.Ата-ананың бұл ісіне қалай қарар едіңіз? Сіздің ойыңыз?

2. Өзіңіздің балаңызды ҰБТ –ге қалай дайындар едіңіз?

3. ҰБТ-ге психологиялық ахуалды қалай жасайсыз?

Көк түсті топқа сұрақ:

Маржан бір үйдің жалғыз қызы. Ол ешқандай кемшілік, таршылық көрмей өсіп келеді. Себебі оның ата-анасы бай, ауқатты. Бірде анасы оған:- ҰБТ-ден ең жоғары ұпай сатып әперемін,- деп ант етті. Бірақ кездейсоқ жағдайлармен білім сатылмады. Маржан сол себепті оқуға түсе алмады. Ол дайындалса, білімі, ынтасы жетуші еді. Ата-анасының бос сөзі балаға әсер етті.

Сұрақ :

1.Маржанның өміріне не болды?

2.Ата-анасының іс-әрекеті дұрыс па?

Сары түсті топқа сұрақ:

ҰБТ-ге дайындық кезінде Нұрлан мен мұғалім арасында келіспеушілік пайда болды. Нұрлан дайындыққа келуді де, дайындалуды да қойды. Ата-анасына ескерткенмен қорытынды шықпады. ҰБТ кезінде Нұрлан екі пәннен «2» алды.Нұрлан бұған себеркер деп мұғалімді кінәлады.Ата-ана да мұғалімнен көрді.Екі ортада мұғалім кінәлі болып қалды.

Сұрақ:

  1. Осы жағдайға кім кінәлі?

  2. Егер сізде дайындық кезінде осындай жағдай орын алса сіздің әрекетіңіз?

Оқушыны психолгиялық жағынан ҰБТ-ге дайындауда ата-аналарға кеңес:

1.Балаңыздың ҰБТ-ға барар алдындағы, алдын-ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайлықпен қарамай дұрыс ақыл-кеңес беруге тырысыңыз.

2.Балаңыздың күнделікті ҰБТ-ға дайындалатын белгілі бір уақыт,орны болуына жағдай жасаңыз.

3.Балаңыздың көңіл-күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз.

4. Балаңыздың алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз.

5.Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс-жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз.

6.Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз.Дұрыс демалуын қадағалаңыз.

7. Ешқашан балаңызды сынап мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға шақырыңыз.

Рефлексия.

Осымен бүгінгі тренингіміз өз мәресіне жетті.

Талқылау:

-Бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңіз қандай?

- Тренингте қиналған кездеріңіз болды ма?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2018
693
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі