БАЛАМА ОТЫНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БАЛАМА ОТЫНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін автобусты пайдалану мен қызмет көрсетудің қажетті ережелерін қамтиды
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ 621.43.06


БАЛАМА ОТЫНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ


Назымбетов Б.Б.–аға оқытушы


Сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін автобусты пайдалану мен қызмет көрсетудің қажетті ережелерін қамтиды. Бұл жүйе үшін күнделікті қызмет көрсетілу қажет етілмейді, жүйеге қызмет көрсетуді мамандар орындаған, егер жүргізуші бұзушылықты анықтаса, жөндеу үшін мамандарға уақтылы хабарлауы тиіс.

Автобус паркке қайтып оралған кезде бақылау-жіберу пунктінде техникалық қараудан өткеннен кейін мамандандырылған постыға газ баллон жабдығының саңылаусыздығын тексеруге жіберіледі. Саңылаусыздығын тексеруге газ тұрба құбырының барлық жалғағыштары, газ баллон мойнындағы оймасы, бекіту-сақтау арматурасы және т. б. жатады. Саңылаусыздығын тексеру кезінде баллондағы қысым 2,0 МПа (20 кгс/см2) кем болмауы тиіс, бұл қоректендіру газ жүйесінің манометрінің көрсеткіші бойынша анықталады.

Бұзылушылық болмаған және қоректендіру газ жүйесінде саңылау болмаған жағдайда автокөлік жууға, бұдан әрі (қажет болса) СТГ құюға және тұраққа қоюға жіберіледі.

Автобусқа техникалық қызмет көрсету автобусқа техникалық қызмет көрсетуге арналған шеберханалар ұйымдастырылған автокөлік паркінде жүргізіледі. Қызмет көрсету станциялары қажетті запас бөлшектермен, арнайы құралдар мен аспаптардың жинағымен қамтамасыз етілген. Қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстарды тәжірибелі мамандар орындайды.

Автокөлікке СТГ пайдаланудың мынадай бірқатар оң қасиеттері бар:

  • мотор майының сұйылуының болмауы және ластануының азаюы оның жұмыс істеу мерзімін арттырады, нәтижесінде май шығыны бензинді қозғалтқышпен салыстырғанда 10-15 % кемиді;

  • цилиндрлі поршенді топ бөлшектеріндегі күйенің анағұрлым аздығы қозғалтқыштың моторесурсын орташа алғанда 35-40% арттырады;

  • тұтандыру білтелерінің жұмыс істеу мерзімі 40% артады;

  • зиянды заттардың шығарылуы, әсіресе жұмыс істеліп біткен газдармен бірге CO, сондай-ақ қозғалтқыш жұмысының шуы төмендейді;

  • автобус қозғалтқышы газды дизель циклі бойынша жұмыс істеген кезде жұмыс істеліп біткен газдармен бірге қатты бөлшектердің шығарындылары 3-4 есе азаяды және канцерогендік заттар анағұрлым төмендейді.

Бұдан басқа, газдың бір шаршы метрінің (бір литр бензинге баламалы) босату бағасы бір литр бензиннің бағасынан 50% жоғары емес көлемде бекітілген.

Оң қасиеттерімен қатар автокөлік құралдарын СТГ көшірудің мынадай бірқатар кемшіліктері де бар:

  • автобусты бастапқы қыздыру уақыты 24-30% ұлғаяды;

  • ең жоғарғы жылдамдығы 5-6% кемиді;

  • тіркемесі бар жүк таситын автокөліктерді пайдалану қиындайды;

  • газды бір рет құйғаннан кейінгі жүру ұзақтығы бір рет мұнай отынын құйғандағы жүру ұзақтығының 65% аспайды.

Қосымша газ баллонды аппаратура болуынан ТҚ және АЖ еңбек сыйымдылығы 4-6% артады.

Табиғи газ ауамен араласқанда өрт жарылғыш қаупі бар концентрация пайда болатын заттар тобына жатады.

Жарылғыш қаупі бар концентрация (метан бойынша) ауамен көлемді үлесте араласқан кезде: төменгісі - 5%, жоғарғысы -15% құрайды.

Үй-жайдағы және жұмыс орындарындағы ауада газдың (метан бойынша) болуы оның тұтануының төменгі қоюлану шегінен (ТТҚШ) 20%, демек көлемі бойынша 1,0% артық болмауы тиіс.

Токсикологиялық сипаты бойынша, көмірсутекті газдардың қоспасы болып табылатын табиғи газ МЕМСТ 12.1.007-76 қойылған талаптар жағдайында қауіптілігі 4-сыныптық заттарға жатады.

Жұмыс аумағы ауасындағы сығымдалған табиғи газдың көмірсутек концентрациясы көмірсутегіне қайта есептегенде шекті жол берілгеннен (ШЖҚ)- 300 мг/м3 аспауы тиіс. Жұмыс аумағы ауасындағы күкіртті сутегінің шекті жол берілген концентрациясы көмірсутегімен күкіртті сутегінің С1-С2- 3мг/м3 қоспасынан 10мг/м3 аспауы тиіс.

Автомобиль газ толтыру станциясында (АГҚКС) автомобиль баллонына ГБТҚ құйылатын газдың температурасы қоршаған ауа температурасынан 15 °C дан асуы мүмкін, бірақ +60 °C жоғары болмауы тиіс.

Баллондардағы газ қысымы әрбір құю аяқталғаннан кейін анықталады. Құюға берілетін газдың температурасы тұтынушының талабы бойынша анықталады.

Жұмыс аумағында газдың болуы және оның құрамы иіс бойынша немесе газ талдағышпен анықталады. Одорирленген газ ауада көлемі бойынша 1% болған кезде газдың иісі кемінде 3 балл болады. Газдың концентрациясын газ талдағыштармен анықтау кезінде ол жарылыстан қорғауышта орындалуы тиіс екенін ескеру керек.



Әдебиеттер


1.Сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін газ баллонды авотокөліктерді пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі басшылық / РФ Көлікмині.- М.: ФГУП НИИАТ, 2002.

2.К. Л. Гаврилов «ІТҚ газ отын жүйесі: қондырғы, монтаждау, диагностика және жөндеу», «Колос», Москва, 2014.

3.Ю.В.Панов «Авокөліктерге газбаллон жабдығын орнату және пайдалану «, «Академия», Москва, 2012.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2021
627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі