400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баланы дербестікке тәрбиелеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы жанеұяда және балалар бақшасында бір бағытта тәрбиелеуді ата-аналарды тәрбиешілер роліне көбірек дайындаған сайын дұрыс шешіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Турлыбекова Шархан Абдезовна


Алматы қаласы. Жетісу ауданы. КММ №103 санаториялық бөбекжай балабақшасы. Тәрбиеші



Баланы дербестікке тәрбиелеу.

Баланы жанеұяда және балалар бақшасында бір бағытта тәрбиелеуді ата-аналарды тәрбиешілер роліне көбірек дайындаған сайын дұрыс шешіледі. Бұдан ата-аналарды педагогикалық жақтан сауатты ету қажеттілігі туындайды. Ата мен ана баланың ең жақы адамдары болғандықтан баланың жеке басының қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Сондықтан семьяда сәбидің қандай ықпалға тап болғанына немқұрайлы қарауға болмайды. «Біз өз балаларымызды қалай тәрбиелеуіміз қажет екенін білмеуімізге бола ма?»-деп жазды көрнекі совет педагогі А.С .Макаренко.

Бала есін біле дербес әрекет жасауға ұмтылады. Мысалы: қасықты өзі ұстап өз бетінше тамақ жеу және сол кезде кейбір жас балалар үстін былғайды деген себеппен өзі тамақ беруге тырысады. Бұл баланың алғашқы қадамы. Балалардың осындай талпынысына ата-аналар тарапынан қолдау жасалынып отыру керек.Баланы балабақшаға дайындауда дербестікке тәрбиелеу негізгі орын алады. Себебі, балабақшада бала көбірек дербес әрекет жасайды. Баланы дербестікке тәрбиелеуде ата-ананың жеке үлгісінің тигізер көмегі зор. Баланы жасынан тіршілікке бейім етіп өсіру бала тәрбиелеудегі ең ұтымды құбылыс, «Үйренгенің өзіңе жақсы, жасағаның маған жақсы» деген халық мәтелі де осыған орай айтылғаны бекер емес. Өмірден ешнәрсе үйренбей,дербес әрекет жасай алмайтын,әзірге мәзір болып өскендердің өзі кейін «Әке шешем маған ешнәрсе істетпеген,үйретпеген»,- деп басына қиындық түскенде ата анасына кінә артады. Баланы шамасы келетін әрекеттерге жұмсап,оның орындалуын қадағалап отыру арқылы білмегенін үйретіп,тілалғыш,дербес,тәртіпті етіп өсіруге болады.

Үйдегі еңбекке отбасы мүшелерінің тегіс қатысуы сол үйдің балаларына үлкен тәрбие мектебі десе болады. Олар еңбек ете жүріп бір-біріне көмектесіп,бірінің жұмысын бірі жеңілдеткеніне қуанады. Бір-біріне мейірімділік пен еңбектен ләззат алу олардың бойына жағымды сезім тудырады. Баланы қиналған кезде дербес,дәл шешім қабылдауға бейімдеу керек. Баланың белгілі бір мақсатқа талпынғанын байқағанда оған жету үшін өз күшіне деген сенімін арттырып, талабын ұштай түскен дұрыс.Қойылған мақсаттың талабы күрделі маңызды болса соғұрлым бала дербес әрекет жасауға бейім болады. Ата ана балаға өз жақсы қасиеттерімен ,өнегелі істерімен үлгі көрсетумен бірге атақты еңбек адамдарының ,спорт жүлдегерлерінің, жақсы көршінің тәрбиелі балаларының жетістіктерінің дербес әрекет жасау арқылы болатынын айтып отыру қажет. Кейбір ата аналар балабақшаға келгенде баланы киіндіріп шешіндіруді толық өз міндетіне алады. Бұл қате түсінік,бала кішкентайынан дербес әрекет жасап үйрену үшін өзіне өзі қызмет жасауға қалыптастыру қажет. Баланың жасаған дербес әрекетіне үй іші мүшелері түгел қолдап тиісті жерінде мақтап отыру қажет. Осындай нәрсеге үйренген бала жайдары кең болып өседі. Бала дербес әрекет етуді қаламаған жағдайда ойын әдісін пайдалану керек. Мысалы: қуыршақты киіндіруге көмектес.Қазіргі заманауй ойыншық қоянныңаяқ киімінің бауын тарқатып қайта байлауды дұрыс үйрету мақсатында аяқ киімін кигізіп немесе шешуге көмектесуге қалыптастыру. Баланың әр іс-әрекетін мадақтап,қолдап отыру қажет. Сонымен бірге досыңа көмектес деген әдісте баланың дербес әрекет етуіне әсерін тигізеді. Ол өзінің досы үшін көмектесуге дайын тұрады. Балабақшадағы оқу қызметі барысында балаларға жиі дербес шешім қабылдауды ұсыну қажет. Сол кезде бала ешкімге жалтақтамай сенімді болып өседі. Мысалы: Сурет салу оқу қызметінде гүлді бояуда «түстерді өздерің таңдап бояңдар» деген ұсынысты балалар қуана қабылдайды. Сонымен бірге бала әрқашан өз таңдауын ойын еркін жеткізіп үйрену керек. Егер баланың дербес қабылдаған шешімі дұрыс болмаған жағдайда,түсіністікпен қарап, не себепті құрыс емес екенін түсіндіру қажет.

Тәрбие негізі бала күннен қалыптасқандықтан сәбидің мінез-құлқын,іс-әрекетін қадағалап,дер кезінде көңіл бөліп,жақсы әдеттерге баулыған ата-ананың еңбегі зая кетпейді,заман талабына сай білімді ,өнегелі дербес жақсы азамат болып өседі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21 тамыз
1284
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі