Ойын-баланың
жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын
ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің
қоғамдық идеологиясына, тұрмыс-тіршілігіне,
айналысатын кәсіп — шаруашылық
ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай
қарағанда анау айтқандай қиындығы жок,
оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс
жүзінде бала үшін ойынға қатысты
басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған
ойын іске асыру оңай емес. Мәселен,
рольдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз
рол тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді.
Сондықтан тәрбиешінің міндеті-балаларды
ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен
қатысуын камтамасыз ету. Сонда ғана
ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні
арта түседі. Айталык, тәрбиешінің ұжымдық
ойынды тартымды ұйымдастырып өткізуі
балалардың бір-бірімен достық
қатынастарының дұрыс қалыптасуының
нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде
жолдасының айтқанымен келісіп, оны
құрмет тұтудың өзі адамгершілікке
бастайтын жол. Тәрбиеші ойын арқылы әр
баланың игі бастамасын қолдап, оның
бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте,
өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады.
Қазақтың
ұлттық ойындары халыктың еңбек, шаруашылык
үрдісіне байланысты туғандыктан, оның
түрі мен мазмұны төзімділікке, батылдыққа,
ұстамдылыққа, тапқырлыққа және
мейірімділікке баулитын сипатта болады.
Мұның өзі көңілге кеңдік пен дарқандык
ұялатады. «Сайыс», «Аударыспак», «Бәйге»,
«Көкпар тарту» т.б. ойындары үлкен
адамдарға тән дегенімізбен, оның
көріністері мен мәні бала ойынының
репертуарынан да тиянақты орын алған.
Балабақшадағы топта ойналып жүрген «Ақ
серек пен көк серек» , «Қазан доп», «Күшің
жетсе, үзіп кет», «Арқан тарт», «Алақан
соқпақ», «Жаңылма», «Байқап қал», т.б.
ойындар баланың белсенділігін жебеп,
жігерін қайрап, қапияда жол табатын
тапқырлыққа, аңғарымпаздыққа баулиды.
Ойындағы ұтқырлық-екінші жағынан өнер.
Халықтың аңсаған арман тілектеріндегі,
іс-әрекетгеріндегі атрибуттар бала
ойынынан көрінісін табумен қатар тікелей
әрекетіне айналады. Халық ойындарына
тән сипат-өмірге үйлесімділік шындықтан
туындайды. Онда қойылған талаптарды
орындау барысында дене ширап, көңіл
көтеріліп, дербестік дамып, баланы
ұғымталдыққа ұмтылдырады. Балалықтың
базарлы шағындағы ойынның кайсысында
болмасын, ойынның мазмұнына қарай, өлең,
тақпақ, ән араласа жүреді. Ал олар ойынның
тікелей мазмұнында болмаған күннің
өзінде жеңіліс тапқан топ немесе ән,
болмаса би билеп, күлдіргі әңгіме айтып
айыбын етеуге тиіс. Бұл — қазақтың
ұлттық ойынындағы басты ерекшелік.
Ұлттық
ойын қазақтың халықтық шығармасы —
ауыз әдебиетімен біте қайнасып, бірге
өрістеп, бір тамырдан нәр алғандықтан
бұларға ортақ кұбылыстар көп. Бір-біріне
ұтылай жалғасқан. Балалардың жүгіріп
ойнайтын ойындарында айтылатын өлең,
тақпақ, ән-әуен, немесе отырып ойналатын
ойындарында айтылатын мәнінің (мәтін)
мазмұнында әзіл-қалжың, сықақ, күлдіргі
сөздер мейлінше қарапайым, айтуға жеңіл,
сөздері ойнақы болып келеді. Өлеңнің
дыбысталуы, ондағы аллитерация, ассонастық
қайталаулар агглютипативтік тілдін
табиғатына тән. Сондықтан да ұлттық
ойындар халкының әдет, ғұрпын білуге,
тілін меңгеруге ыкпалы зор жол екенін
ешбір шүбәсіз мойындаймыз. Бала
ойынында жеңуші бар да, жеңілуші бар.
Әрине, жеңген топ немесе бала табысын
жұбаныш етсе, жеңілушінің айыбын өтеуі
үшін айтатын такпағы, биі, мақал-мәтелі,
жұмбағы болу керек. Сонда бала ойынның
қай түрінде болсын — іс-әрекет, ән, би,
өлең, жұмбақ, нақыл сөз араласа
жүретіндіктен синкретті деп танимыз.
Мұның педагогикалық мәні-баланы жан-жақты
дамуға, тәлім-тәрбиенің арнасын кеңейтуге
мүмкіндік беретін тиімді жол екендігінде.