Тақырыбы:Мектеп
жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін қалыптастырудағы
патриоттық тәрбиенің маңызы
«Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле» / халық даналығы
/
Патриоттық
тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін,
тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті
дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік
деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын
адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі
жас ұрпақты тәрбиелеу.
Еліміздің
болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата -
ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Мектепке
дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы
болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани - патриоттық сана -
сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз
үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін
жеткізуде, рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне
барлық жағдай жасалған.
Халқымызда
«баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын
ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз
түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ
тәрбиелесек - бұл еңбегіміздің жанғаны, тәуелсіз ел болашағына
қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта
гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуі
- нің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты
отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030»
стратегиялық даму бағдарламасында «Біз Қазақстанның барлық
азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншілігін
дамытуға тиіспіз» деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие
берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Біздің алдымызда
тұрған басты міндет – тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің
жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы
сүйіспеншілік ұялату.
Мектепке дейінгі жасағы
балаларда әлеуметтік сезімді қалыптастыру үшін ерекше тәрбие
берілуі тиіс,соның ішінде патриоттық сезімін тудыруымыз
қажет.Тәрбиешілер балаларды айналасындағы адамдарға қамқорлық ету
керектігін,туған жеріне жанын беруге даяр екендігін,елінің
мақтанышы болып өсулерін,ерекше табиғаты мен жер байлығын мақтан
тұтулары керектігін ұғындыруы тиіс.
Патриоттық сезім-ол
жауапкершілікті қажет етеді.Мектеп жасына дейінгі балаларды
бастапқы істі бар ынталарымен атқару керектігін түсіндіру
керек.Балабақшада адамгершілік,эстетикалық,еңбек тәрбиесінің
арқасында баланың патриоттық сезімі пайда
болады.
Патриоттық тәрбие-Қазақстан
деп аталытын өз елінің атын есте сақтаудан басталады және өзге де
әр түрлі ұлт өкілдерін білуден бастау алады.Балалар басқа да ұлт
өкілдерін сыйлауды,құрметтеуді үйренеді.Олардың салт дәстүрлерімен
танысады, мерекелерде олардың ұлттық ойындарын
ойнайды.
Балабақша тәрбиеленушілерімен
бірге өтетін мерекелер білім беру бағдарлама мазмұндамасы негізінде
жүзеге асады.Мерекелік іс-шаралар кезінде балалар тақпақтар,өлеңдер
үйренеді және тарихымен танысады.Бұндай мерекелер балабақшада жиі
өтіп жатады.Мысалға: «ҚР Президентінің күні» , «Тәуелсіздік
күні» , «Жеңіс күні» , «Отан қорғаушылар күні» , «Қазақстандағы
ұлттардың бірлігі күні». Бұндай мерекелер балаларды өз Отанын сүюге
тәрбиелейді,өз Отанының қонақжай екендігін білетін болады.Өзінің
ауылы, қаласын жайлы басқа да мәліметтерге қанық болады және басқа
да ұлт өкілдері жайлы мағлұмат алады.Атап айтсақ: «Менің тұңғыш
Президентім»атты салтанатты мерекеде,
Қазақ халқының тұңғыш
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен,
оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге,
ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
тәрбиеленушілердің жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін
ояту, құрметтеу деген мақсатта өткен салтанатты іс шарада балалар
белсенді қатысып Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзінде мемлекетіміздің келешегінің
тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты да, осы бастан Отанына,атамекеніне
шын берілгендіктен рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін
көрсетті.

Балабақша бала өзін жіті
тануға үлкен рөл атқарады.Дегенмен патриоттық сезім өз отбасынан
басалады.Жақындарының сүіспеншілігінен,туған өлкесін сүюден бастау
алады.Тәрбиешілер мен ата-аналардың міндеті балаларды ерте кезден
туған өлкесін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу керек.Ертеңгі күні үлкен
азамат болып өсулеріне,елінің мақтанышы болуларына үлкен септігін
тигізетіндей балабақшада 10.12.2018ж.бастап «Тәуелсіздік ел
тілегі»атты апталық жоспарланып өтті. «Елімінің
еркіндігі-тәуелсіздік»атты салтанатты ашылу рәсімінде
«Айгөлек»ересектер тобының тәрбиешілерінің жауаптылығымен
өтіп,балалар мерекені гимнмен бастап,залға Туды
еңгізіп, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік символдары –рәміздері туралы слаид арқылы мәлімет
беріп,олардың түрі және ресми қолдану тәртібі Конституциялық Заңмен
белгіленгені жөнінде атап өтті.
фото с
флагом
«Айгөлек»ересектер тобының
балалары Ант қабылдау рәсімін өткізіп Отанға туған
жерге,табиғатқа,үлкендерге құрмет ,кішілерге ізет көрсетуді ант
етіп, мың бұралған қыздардың орындауында керемет биімен,мәнерлі
өлеңдерімен,тамаша әндерімен мерекені одан әрі жандандырып, соңында
мерекелік шашу шашылды.11 желтоқсан күні «Ар
намысым,қасіретім,қуанышым Желтоқсан» дөңгелек үстел ұжыммен
бірлесе өтті.НЕ Талқыланды!!!!
12 желтоқсан күні:
«Тәуелсіздік тірегі –білімді ұрпақ» атты интеллектуалды ойын
«Айгөлек»ересектер тобының тәрбиеленушілерінің арасында
, балаларды заман талабына сай әр саладағы
білімдерін кеңейте отырып,, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет
құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын,
шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Сұрақтарға толық жауап
беру дағдысын қадағалау. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу
шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Жарысуға, жарыста
жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Көшбасшылық қабілетін ояту, білімді,
дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеу
мақсатында өтті.1орын иегері-Ханыбек Айша,2 орын иегері-Охас
Райымбек,3орынға –Химаш Дархан
иеленді.

13 желтоқсан күні:
«Тәуелсіздік –мәңгілік құндылық»атты тәрбиешілер арасында өткен
интеллектуалды ойында 1орын-Абишева Н.Б. 2орын-Мухамеджанова
Г.А.3орын-Алдабаева Р.М.иеленді.
14 желтоқсан күні:Жабылу
салтанатында балалар ән айтып,би билеп,өлеңдер оқып ,апта бойы
қатысқан балаларға,тәрбиешілерге марапаттау қағаздары
табысталды,мерекені «Тілек ағашы»арқылы жалғастырып
балалар,тәрбиешілер өз Отанына,туған жеріне,ағаш бұтағына жіп іліп
тілек білдірді,мереке соңында «Атамекен»әнімен ұжым хор айтып,от
шашумен аяқталды.


Мектепке дейінгі жастан бастап
біздің елдің болашақ азаматы,тұлғасының іргетасын қалау
қажет.Балаларда Отаншылдық қасиеттерді тәрбиелеу-баланың өнегелік
даму міндеттерінің бірі,ол өзіне жақын адамдарға,мектепке дейінгі
білім беру ұйымына,туған еліне деген сүйіспеншілікті дарытуды
қамтиды.Мектеп жасына дейінгілермен жұмыс жүргізгенде баланы
патриоттық әңгімелерге араластырып отыру керек. Отан адамның
түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып,өсіп-өніп
келе жатқан жері. Сондықтан да қай елдің адамы болсын өз Отанын
дүниедегі ең қымбаты,ең қасиеттісі, ең аяулысы-анасына
балайды.
Жаңа кезеңдегі білім берудің
өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды
қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған
кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет
кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете
алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Патриоттық сезім, адамгершілік
– жеке бастың, ұлттың, Отанның мақтанышы деп-, бекер айтпаған.
«Күншуақ» бөбекжай бақшасында балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
мақсатында еліміздің болашақ ұрпағын елін, жерін,ана тілін сүйетін
қадірлейтін,үлкенге құрмет,кішіге ізет,көрсете білетін қасиеттерді
бойына сіңіре отырып, балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында
көптеген тәрбиелік іс-шаралар , «Менің отбасым» атты сурет,альбом
көрмелері,ұйымдастырылып,отырады.
Сонымен бірге «Менің
Отаным-Қазақстан», «Отаным-бақыт ордасы», «Біз Отаншыл баламыз»
атты стенд жасақталып, үнемі толықтырылып отырады.Сонымен қатар
,ұлттық тәрбие беру- ұрпақ санасына ғасырдан ғасырға жалғасып келе
жатқан өз ұлтымыздың салт-дәстүрлерін насихаттау барысында ұлттық
бұрыштар мен орталықтар жасақталды. Тұлғаның елжандылық сезімін
қалыптастыру өте күрделі және ұзақ үрдіс. Сондықтан жеке тұлғаның
елжандылық сезімін қалыптастыру мәселесі –мектепке дейінгі білім
беру мен тәрбиелеуде жүзеге асырылуы
керек. Біздің міндетіміз ұрпағымызды әдепті, қайырымды, елгезек,
еңбексүйгіш, адал және шыншыл,ұлтшыл, намысшыл,ел қорғаны болатын,
халқына адал қызмет ететін ұрпақ
тәрбиелеу.Ендеше,егеменді елдің азаматын
тәрбиелеуде әр тәрбиешінің,ұстаздың мақсаты- дені сау,ұлттық
сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік ,мәдениетті ,
парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,іскер бойында игі қасиеттері бар
адамды тәрбиелеу.
Әрбір бала өзінің қоршаған
ортасын, айналадағы құбылыстарды ,өзінің және өзгенің мәдениетін
тану арқылы жетілетіні ақиқат. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі
мекеменің басты міндеті- білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде ұлттық
азаматтық игіліктерді
,мәдени мұраларды
насихаттай отырып, балалардың патриоттық сезімін
қалыптастыру.
