400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баланы қалай жақсы көру керек

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы қалай жақсы көру керек мұғалімдерге көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

(Эссе)

«Баланы қалай жақсы көру керек ?» тақырыбындағы менің пікірім



Баланы сүю- адамзат үшін зор бақыт.

Менің пікірімше, бала- отбасы тірегі, ұрпағыңның жалғасы, болашақтың бағбаны. Ш.Амонашвилидің «Баланы қалай жақсы көру керек?» шығармасын оқи отырып, әр бала – дара тұлға екеніне тағы да бір көз жеткіздім. Әр баланың бойында ерекше қабілеті, тума дарындылығы болатындығын ескере келе, барлық баланы бірдей жақсы көру әр ұстаздың міндеті деп ойлаймын.

«Білім беру үрдісінде рухани кең жүректі, гуманды тәрбиеші мен ұстаздар, балалар мен оқушыларды кең жүрекпен сүю қажет», - деп Амонашвили тұжырым жасау маған ерекше ой тастады.Мұғалімнің махаббаты оқушыдан құралуы тиіс екендігіне көз жеткіздім.

Егерде біз бәріміз баланы риясыз сүйер болсақ, менің ойымша педагогика әлемде ең жоғарғы жетістірге жетер еді.

Ш.Амонашвилидің «Баланы қалай сүю керек монифесті» шығармасын оқи отырып, мен де өзімнің жан дүниеме үңілуді жөн көрдім.

Оқушыларға деген сүйіспеншілік, оларға қамқор болу, олардың жан дүниесін түсіну, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың әрқайсысына мән беріп, назарда ұстау мен үшін әдетке айналған. Менің бойымдағы баланы жақсы көру жасандылық емес, бұл менің табиғатымнан берілген қасиет. Оқушыларға аяушылық сезіммен қараймын, әрқашан мейірімді, төзімді болуға және оларға құрметпен қарауға тырысамын. Сондықтан да болар мектептегі оқушылар мені қатты сыйлайды, жақсы көреді, айтқанымды екі етпейді, мені ренжіткілері келмейді. Ал, енді өзім жетекшілік ететін сынып оқушыларыммен қарым-қатынасым ол тіптен ерекше. Сынып оқушыларымның ата-аналарымен де тығыз байланыста боламын. Сынып оқушыларының ата-аналары бала тәрбиесіндегі ортақ мақсатты түсінген, сондықтан олармен жұмыс істеу маған жеңіл. XXI ғасырдың басындағы қазіргі қоғам тез қарқында дамып қана қоймай, өз даму үдерісімен барлық саланы жандандыруда. Соған байланысты қоғамның әр саласында түрлі мақсаттар қойылып, оларды шешуге арналаған міндеттер аталуда. Білім беру саласы да ондай өзгерістерден шет қалған жок,

Қорыта айтқанда, «Педагогтық махаббат» ол - әрбір ұстаз өз шәкірттерінің жүрегінен орын ала білуі қажет, әрбір шәкіртті сол қалпында жақсы көре білуі тиіс. Шынайы келбет пен шынайы болмысымен шәкірттерінің болашағының жарқын болуына үлес қосуы, әрбір шәкіртінің бақытты сәттерінің көп болғанын қалайтын адам, яғни ол «нағыз ұстаз- шынайы педагог деп білемін» деп өз пікірімді аяқтаймын. 

Шымкент қаласы

49 жалпы орта мектебінің

«Өзін –өзі тану» пәнінің ӘБЖ М.Мамаева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі