400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Баланы қалай жақсы көру керек» деген тақырыппен Ш.А.Амонашвилидің еңбегіне ЭССЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі:

Смагулова Шара





«Баланы қалай жақсы көру керек» деген тақырыппен Ш.А.Амонашвилидің еңбегіне

ЭССЕ

«Балаларға рухани білім сыйла»

Ш.А.Амонашвили

Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі, білімді ұрпаққа байланысты. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл – парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы – оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында.

Ш.Амонашвили «Ізгілік педагогикасының құдіретіне сену керек» - дейді. Олай болса, бала бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік құндылықтарды сіңіртіп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагог ұстаздар шешуші рөл атқарады.

Ш.Амонашвили «Балаға рухани білім бер, адамгершілік өзінен өзі келеді» - демекші, Ізгілендіру мәдениеті – жеке тұлғаны өз халқының рухани қазынасы, ұлттық мәдениеті, игі дәстүрлері негізінде рухани – адамгершілік тұрғыдан қалыптастыруды көздейді. Сондықтан бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет –әрбір адамның өзін-өзі тануға, өзінің ұлттық тәрбиесіне ие болуға және қайырымдылық пен адамшылықты бойына сіңірген маңызды тұлға болуына көмектесу болып табылады. Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болатын болса, оның алғашқысы – жүрек. Баланы дүниеге келген күннен бастап, жүрегіңмен қабылдап, жүрегіңмен тәрбиелеуге тиіссіз.

Ш.Амонашвилидің «Баланы қалай жақсы көру керек» атты еңбегінде бұл еңбекті жазуына түрткі болған В.А.Сухомлинскийдің 1967 жарияланған мақаласы екенін көрсеткен. Автор осы мақаланы оқығаннан кейін өзінің көкірегі ашылғанын айтады. «Баланы сүймей тұрып, оны тану мүмкін емес» дей отырып, «Баланы сүю дегеніміз-оны қоршаған ортадағы зұлымдықтан қорғау» деп көрсеткен.

Ш.Амонашвили айтқандай «Адамның барлық өмірі жүректен өтеді». Ежелден халқымыз «Бала -бауыр етім» деп, өскелең ұрпақты көңілі рухты, жаны пәк, таза болғанын армандаған. Кез – келген адам өмір бойы қуып жете алмайтын құдіретті сөздің өлшемі Бақытты бірі- байлықтан тапқысы келсе, екіншісі- даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестірген.

Ш.Амонашвили «Бақытты байлықтан емес, рухани әлемнен іздеңіз» -деп көпшілікке жол нұсқайды. Адамның бақыты – балада, баланың рухани –тәрбиеге толы өмірінде. Баланың ар – ожданының тұрақты түрде қалыптасуына, оның дамып – жетілуіне жанұяның берер ықпалы өте зор. Қай уақытта болмасын балалардың көңіл – күйлерінен, ортамен қарым –қатынасынан сол жанұяның жай-жапсары аңғарылып тұрады. Өйткені бала өз жанұясынан жылылықты, жақсы мінез – құлықты қажет етеді.Сондықтан осы тұрғыдан ата-ана-бала тәрбиесіндегі басты тұлға.

Сондықтан Ш.Амонашвили «Негізгі тәрбиенің көзі – адамның жүрегінде» деп баса көрсетеді. Ата-ананың балаға тәлім етер жеке бастарының үлгісі,сүйіспеншілігі, сыйластықтары мен оларға деген көзқарастары шынайы әрі жүректен жүрекке жетуі тиіс.

Адам жүрегі сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік , қамқорлық, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Сондықтан да, жүрегіміз сүйіспеншілікке толы болсын демекпін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
837
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі