400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Баланы қолдау жетістігі» атты дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні


Тақырыбы

«Баланы қолдау жетістігі» атты дөңгелек үстел


Мақсаты

Ата-ана, бала, ұстаз арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамыту,

баланың қоршаған ортаға бейімделуіне, өз бетімен білім алуына ықпал ету, жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық ұрпақты тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер

  • Ата-ана, бала, ұстаз арасындағы тығыз ынтымақтастық дамиды.

  • Бала қоршаған ортаға бейімделеді.

  • Өз бетімен білім алуына ықпал етіледі.

  • Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық ұрпақ тәрбиеленеді.


Қолданылатын ресурстар

Слайдтар, нақыл сөздер, суреттер

Көрнекі құрал -жабдықтар

флипчарт қағаздары, стикерлер, маркерлер, шаңырақ суреті, жапырақтар, жүрекшелер, смайликтер, интербелсенді тақта


Дөңгелек үстелдің өту барысы

Сынып жетекшісінің іс - әрекеті

Ата - аналардың іс - әрекеті

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі дөңгелек үстелімізді «Үміт киімі» атты тренингпен бастаймыз.

  • 2 жейдеге - Не күтеміз?

  • Белбеуге - Неден қаймығамыз? Неден қорқамыз?

  • Белдемшеге , шалбарға - Не үйренеміз? - өз ойларыңызды жазып, киім үлгісін құрастырасыздар.


Ата-аналар қағаздан дайындалған киімдерге ойларын жазып, тақтаға іледі

Кіріспе

  • Баланың бойына жастайынан ізгілік,

мейірімділік, қайырымдылық сияқты құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен мектептің рөлі зор.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы - балаға үлкен сабақ.

Әр ата-ана өз баласының бойында қандай ерекшелігі бар, қандай пәндерге бейім, қандай жетістікке жеткенін қадағалап, үнемі қолдау көрсету, бірлесіп жұмыс жасау, мектеппен тығыз байланыста болу арқылы балаға жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылуға мүмкіндік береді.

Әр бала - жұлдыз, жарқыраған жұлдыздың өмірде өз орнын таба білуі - бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесіне тікелей байланысты.



Топқа бөлу

  • «Бақыт» тобы.

  • «Береке» тобы.


Жапырақтар арқылы 2 топқа бөлінеді

Ой шақыру

  • Жетістік деген не?

  • Жетістікке қалай жетуге болады?

  • Балаңыздың қандай жетістігімен мақтанасыз?

  • Жетістікке жетуіне сіздің қандай үлесіңіз бар?


Ата-аналар топпен жұмыс жасайды, өз ойларын ортаға салады

Негізгі бөлім:


  1. «Шығармашылық - жетістік бастауы» -

әр топ ата-аналары балаларының пәндер бойынша қандай шығармашылық жұмыстар жасайтыны туралы кластер құрастыру.


  1. «Ізденіс - шығармашылық бастауы»

тақырыбында ой толғанысы.


  1. «Табиғат сұлулығы» атты сурет салу.


  • Құрметті ата-аналар! Сіздер бүгін

өздеріңізді оқушы ретінде сезініп, әртүрлі тапсырмалар орындадыңыздар. Бұл жұмыстар сіздердің балаларыңыздың күнделікті сабақта және үйде орындайтын жұмыстары. Осы жұмыстарды орындай отырып, сіздер балаларыңызды қолдау арқылы қалай жетістікке жетуге болатынын көрсеттіңіздер! Бүгінгі жұмыстарыңыз «өте тамаша» болды. Сіздерге үлкен рахмет!


Жұмыстарын қорғайды, топтар бір-бірін смайликтермен

бағалайды

Рефлексия


  • Рефлексия - «Мен үшін.....» -

  1. Мен үшін ең құнды -

  2. Мен үшін ең ардақты -

  3. Мен үшін ең бақытты -

  4. Мен үшін ең қадірлі -

  5. Мен үшін ең асыл -

  6. Мен үшін ең қымбатты -

  7. Мен үшін ең қасиетті -

  8. Мен үшін ең бағалы -

  9. Мен үшін ең асқақ –


Стикерлерге жазып, шаңырақтың жан-жағындағы жүрекшелерге

жапсырады


Қорытынды

  • М.Жұмабаев «Жас бала - жас бір шыбық,

жас күнінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», - дегендей, баланы жас кезінен бастап ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеп, жаманнан жиреніп, жақсыға үйрету үшін отбасы мен мектеп бірлесе жұмыс жасайтын болсақ, жігерлі, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіреміз.





































Shape2


Shape3



Shape4





Shape5









Picture 7

Picture 8

Picture 9

Picture 10 Picture 11 Picture 12

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 сәуір
812
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі