жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ АНАНЫҢ РӨЛІ. Ата - аналар жиналысына баяндама
Ата -аналар жиналысы
Өткізілген жері:
Өскемен қаласы , "№ 15 орта мектебі" КММ
1 "А" сынып жетекшісі Тутканбаева Гульмира Маратовна
Барысы:
Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы таяқша,альбом, газет, шар.
1.Баяндама. «Бала тәрбиелеудегі ананың рөлі».
Танысу
1. Әр ата – ана өз балаңыздың досының анасының не әкесінің оң жағына тұрыңыз.
2. Оң және сол жақтағы көршіңізді жаттап алыңыз.
Музыка қойылғанда билеп, тоқтағанда тұрған жеріңізде тауып алыңыз.
3. Жаттығу. “Балалық кезіңнен анаңыз еркелеткен атыңызды еске ал”.
4 Ой- толғаныс.
Жаттығу:
қандай жеке бас қасиеттерінің жақсы ата-ана болуға септігін тигізетіні, қайсыларының кедергі болатыны туралы ой қозғайық.
Соңы:
«Біз біргеміз »
Балалар алдын ала салған суреттердің арасынан ата-аналары өз баласы салған суретті тауып алып, аяқтап салуы тиіс.
Ата – аналарға сұрақтар:
1. Өз балаңыздың салған суретін табуға не көмектесті?
2. Суретті жалғастыру кезінде не сезіндіңіз?
3. Сізге не қиын болды?
Кіріспе:
"Ұлт болашағы-аналардың қолында" . Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаев
Баяндама. «Бала тәрбиелеудегі ананың рөлі».
Құрметті ата –аналар біз бүгін жиналысымызда Ана махабаттының келбеті туралы сөйлесеміз. "Отбасындағы бала тәрбиесі" нәрестенің ана құрсағында жатқан кезінен басталады, ана құрсағында жатқан балаға тәрбие анасының, көңіл –күйі, мінез-құлығы арқылы дариды» деген пікірлер бекер айтылмаған. Ал нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап,ата-анасының мейірімді жүзі, жылы жүрегі ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады, оның дүниетанымы, өмірді білуі басталады.
Адам баласы өмір көшінде ұрпақ қамын,оның тәрбиесін, бір сәт те ұмыт қалдырған емес. Өйткені әркім өзі өмірге әкелген ұрпағына ғұмырының жалғасы, болашағы ретінде қарайды. Атамыз қазақтың «бала –шағаңның қызығын көр» деп бата беруді де сол үміттің ақталуына деген тілектен туғаны анық. Неге десеңіз, ата- анаға қуаты кетіп қартайған шағында қас-қабағына қарап, бағып-қағатын, көңіл- қуанышын сыйлайтын азамат балалары болғанынан артық бақыт жоқ.
Ата-анасы баласына баға жетпес не бере алады? Бұл, ең алдымен бастапқы іргелі тіршілік құндылықтары, не нәрсенің жақсы, не нәрсенің жаман екені, ненің жақсылық, ненің жамандық екені туралы түсінік беру. Жауапсыздықтан не болатыны, махаббат деген не, қамқорлық деген не деген ұғымдарды қалыптастыру. Бұл нәрселерді анасы баласына міндетті түрде үйретуі тиіс.
Кей жағдайда тіптен бала қандай да бір өмірлік тәжірибе алу үшін бір қателікті жасауы қажет болатын жағдайлар да болады. Шамадан тыс қамқорлық - баланы ынжық, бейқам, өсміден нені қалайтындарын білмейтіндей етеді. Олардың өмірлерінің мәні және өздерінің өмірлік ұстанымдары болмайды. Сондықтан «қамқорлық шегі» болады ата-аналар өз қамқорлығыңызбен баланы тұншықтырмаңыз, баланың өз бетінше болу ниетін басып тастамаңыз, дербестігіне кедергі келтірмеңіз деп айтқым келеді. Ата-ананың бала үшін өз өмірін арнауын тежеу үшін әрбір ата-ана өзін қызықтыратын нәрсеге ден қоюы тиіс. Бала емес, оның өзін не нәрсе бақытты қылатыны жөнінде ойланулары тиіс және де бақытты бала үшін бақытты ата-ана қажет екенін естен шығармаулары қажет. Өте көп ата-ана алдымен өзіңіз үшін, сосын бала үшін өмір сүріңіз деген ұранға қарсы шығуы мүмкін. Бірақ бұл жерде олар шамадан шығып кетпеу қажеттілігін ұғынулары керек. Себебі кебір ата-аналар өздері үшін өмір сүріп, балаларын тіптен естен шығарады. Бұл жерде балаға деген махаббат пен өзіне деген махаббат арасындағы дұрыс ортаны табу керек. Бұл үшін бірнеше өте ақылды кеңестер бар.
1) Ата-аналар өзіңіздің мойныңызға тым көп нәрсе алмаңыз. Өзіңізбен күреспеңіз, өзгертуге тырыспаңыз. Әрине, егер қандай да бір әлсіздіктері болса, ата-ана бұл әлсіздіктерден арылу қажеттілігін түсінуі тиіс. Егер бала бір қиындыққа тап болса, аса үрейленіп, байбалам салмаңыз, бұл қиындықтарды шешу үшін сабырлы болу қажеттілігін естен шығармаңыз.
2) Ата-аналар өз баласымен тіреспеуі тиіс.
3) Ата-аналар, балаға өте көп шектеу қоймаңыз.
Кез келген ата-ананың баласына жақсылықтан басқа тілейтіні жоқ. Өз әке-шешесін жек көретін бала да кездеспейді. Алайда өсе келе жаман жолға түссе, оның себебін басқа жақтан емес, тәрбиеде мүлт кеткен кемшіліктің баланы жақсы көру деген осы екен деп айтқанын екі етпей шектен тыс еркелетудің, кімдер мен қайда жүргеніне назар аудармаудың салдарынан іздеген жөн.
«Баланы бастан» демекші ата-ана әуел баста бала тәрбиесіне өте ыждаһаттықпен мән беріп, аса қырағы болмаса, үміті ақтала бермейтіні белгілі. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» деген халық даналығы тегін айтылмаған ғой. Өнегелі шаңырақтан жақсы тәрбие алып өскендер қатарынан жаман адам шықпауы да сондықтан болар. Кейде дұрыс адамдардың балаларынан да ішуге құмар, төбелескіш, ұрлық, жасайтын, тағы да басқа жаман әдеттермен әшкереленіп, сотталып жататындарда кездеседі.Сонда ойпырмай, бұл қалай, отбасында көрген өнегесі қайда кетті, ешнәрседен кенде емес, мұндай қылыққа қалай барды?-деген толып, жатқан сауалдар туады. Оған жауап іздеп көрсек, біріншіден жақсы өнегелі көре білуге, ұйренуге саналы ой, көреген көз керек. Осы қасиетті сол жақсы ата-ананың өзі кезінде баланың бойына сіңіруді ескермей қалады. Екіншіден, бала деген өте сезімтал халық. Олар ата-ананың әлдеқалай еренсіздігінен, байқаусызда мүлт жіберген, ескерусіз қалдырған сәттерін де пайдалана қояды. Сондай сәттер жиі қайталана берсе, оған еті үйреніп,өз пайдасына іске асыра береді. Сондықтан да баланың титтей де кемшілігін ескерусіз қалдырмай, сол сәтінде қателігін мойындатып, оны енді қайталанбайтындай түсіндіріп отырған жөн. Өрескел қателігі үшін ұрып-соғудан гөрі қалаған нәрсесін алап бермеу,киноға жібермеу, белгілі мерзімге далаға шығуға тыйым салу сияқты әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жазалау да теріс емес.
Баланың әр нәрсеге бейімі барын ерте байқап, соған қарай баулу жақсы нәтиже берумен бірге , бос сандалып, еріккенінен не бір жаман жолға түсуден сақтайды. Мұндайда спорттың бір-екі түрі,музыка, қол-өнер, сурет, кітап оқу, техника тетігін үйрету сияқты дағдыға баулудың пайдасы зор. Кезінде осындай әдістерге мән бермей еренсіздік танытып, баланың уақытын қадағаламай бетімен жіберудің арқасында, кейін бармағын тістеп отырған ата-аналар аз дей алмаймыз.
Балаға ойын баласы ғой, есі кірген соң басылар деп қарайтын бейқамдық орны толмас өкінішке ұрындырады. Халақ даналығында «Баланы бастан» деп тегін айтылмаған. Тәрбие негіздері нәресте дүние есігін ашқан сәттен басталып, мектепке барғанға дейін қалыптасып қалуы тиіс.
Қорыта айтқанда балаға жақсы өнеге беру үшін ата-ана, тәрбиеші, мұғалім,қысқасы тәрбиеге қатысты барлық ересектер өзін айнытпай қайталайтын ұрпақ барын ескеріп, өз іс-әрекетіне, мінез-құлқына, жүріс- тұрысына , сөйлеген сөзіне дейін есеп бере әрекет еткені жөн. Өйткені өнеге өзімізден.
Жаттығу:
Қандай жеке бас қасиеттерінің жақсы ата-ана болуға септігін тигізетіні, қайсыларының кедергі болатыны туралы ой қозғайық. Тақтаға жазылған сөздерге ата –аналар сәкестендіру жасайды.
"Біз біргеміз "
Балалар алдын ала салған суреттердің арасынан ата-аналары өз баласы салған суретті тауып алып, аяқтап салуы тиіс.
Ата – аналарға сұрақтар:
1. Өз балаңыздың салған суретін табуға не көмектесті?
2. Суретті жалғастыру кезінде не сезіндіңіз?
3. Сізге не қиын болды?
«Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ой-толғаныс.
-
Мұғалімге:
-Осы белгілер бойынша ата-анаға, оқушыға, мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады. (Жазған пікірлерін оқи отырып, көктем бейнесін шығару.)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген